12 -апта-хсз-дәріс Магистранттың аты-жөні: Жазмұханова Н. Н



бет1/2
Дата15.03.2022
өлшемі430,78 Kb.
#135662
  1   2
Байланысты:
ЖазмұхановаНесібелі.Дәріс12




12 -апта-ХСЗ-Дәріс
Магистранттың аты-жөні:Жазмұханова Н.Н
Дәріс № 12Математика бойынша PISA форматындағы тапсырмалардың кешенді талдауы



Бекіту сұрақтары

Жауаптары

1

Функционалды математикалық сауаттылықтың негізі аспектісінің бірі қандай?



Функционалды математикалық сауаттылықтың негізі аспектісінің бірі-математиканы оның дара өмірімен, мектеп өмірімен,тұрғылықты қоғаммен,қоғамдық өмірмен, жұмыс пен және демалыспен байланысты түрлі жағдаяттарда қолдана алу.



2

Функционалды математикалық сауаттылықты тексеру үшін қолданылатын тапсырмаларды құру ерекшеліктері қандай?



Функционалды математикалық сауаттылықты тексеру үшін қолданылатын тапсырмалар оқу үдерісінің барлық кезеңдерінде орын алатын әмбебап оқу математикалық әрекеті түрлерінің аймағына топтастырылатындай етіп құрылады: 1) 1)Келесілерді қамтитын математикалық ойлаумен пайымдаулар: - математикаға тән сұрақтарды қоюды («… бар ма?»), «Егер ол осылай болса, онда қанша …?», «Мұны қалай табуға болады?»; -осындай сұрақтарға математика ұсынатын жауаптардың сипатын білуді; түрлі типтегі тұжырымдарды (анықтамаларды, теоремаларды, болжамдарды, мысалдарды, шартты тұжырымдауларды) саралауды; - математикалық ұғымдардың мүмкіндіктері мен шектеуліліктерін түсіну мен қолдана алуды.
2) Келесілерді қамтитын математикалық аргументациялар: - математикалық дәлелдемелердің не екенін және олардың басқа математикалық пайымдаулар типтерінен айырмашылықтарын білуді; - түрлі типтегі математикалық аргументтер тізбегіне жүгінуді және оны бағалауды; -эвристикалық сезімге («ненің болуы немесе болмауы мүмкін және неге екедігіне») ие болуды; - математикалық аргументтерді құруды.
3) Келесілерді қамтитын қарым-қатынастық іскерліктер: - математикалық мазмұнға байланысты өз ойларын жазбаша және ауызша жеткізе алуды; - басқалардың жазбаша немесе ауызша айтқан тұжырымдамаларын түсінуді.
4) Келесілерді қамтитын моделдеуәрекеті: ұсынылған жағдаятты моделдеуге болатындай етіп құрылымдауды; - нақты жағдаятты математикалық құрылымдарға ауыстыруды; нақты жағдаятты ескере отырып математикалық модельді интерпретациялауды; - модельмен жұмыс жасауды; - модельдің дұрыстығын бағалауды; - модельдер мен алынған нәтижелер тұралы ой қозғауды, оларды талдауды, сынауды; -сипатталатын модель мен алынған нәтижелерді (алынған нәтижелердің шектеулерін де қоса есептегенде) жазуды; - модельдеу үдерісін үнемі бақылауды.
5) Келесілерді қамтитын мәселелерді қою және шешу: -әртүрлі математикалық мәселелерді қоюды, тұжырымдауды және анықтауды (мысалы, таза математикалық, қолданбалық, ашық және жабық) түрлі математикалық мәселелерді әртүрлі тәсілдермен шешуді; 6) Келесілерді қамтитын әртүрлі формадағы мәліметтерді беру: - бе - берілгендерді кодтауды немесе декодтауды, түрлі формада берілген математикалық объектілер мен жағдаяттардың арасындағы байланысты аударуды, интерпретациялауды, бөлшектеуді және анықтауды; - 6 берілгендерді таңдауды немесе оның бір формасынан есеп шартына сәйкес келетін екінші формасына көшуді. Формалданған және техникалық тіл символдарын және амалдарды қолдануды, оның (тілдің) табиғи тілмен байланысын түсінуді; - табиғи тілді символдық (формалдық )тілге айналдыруды; - символдарды қамтитын тужырымдармен, формулалармен жұмыс жасай алуды; - айнымалылырды қолдануды, теңдеулерді шешуді және есептеулерді орындауды; 7) Келесілерді қамтитын техникалық құралдарды қолдану: математикалық әрекетті белсенді ететін куралдар мен жабдықтарды қолдану туралы білімдер мен іскерліктерді; - осындай қуралдар мен жабдықтарды қолданудың шектеулігін білуді.

3

Оқулықтарда математиканы қолдануға берілген есептер PISA тесттілік тапсырмалары форматына сәйкес келе ме?

Оқулықтарда математиканы қолдануға есептер берілген, бірақ олар PISA тесттілік тапсырмалары форматына келтірілмеген (кейінгі оқулықтарда енгізіле бастағанмен, тапсырмалар аз қамтылған және форматы сәйкес келе бермейді), сондықтан да аталған тапсырмалар функционалды математикалық сауаттылықты қалыптастыруда жеткілікті роль атқара алмайды.

4

PISA бағдарламасы тапсырмаларының толық талдауы қандай мәселелерді қамтиды?



PISA бағдарламасы тапсырмаларының толық талдауында:

  • Сипаттамасы

  • Фундаменталды математикалық идеялар(сан,кеңістік пен пішін,анықталмағандық және мәліметтер,өзгерістер және қатынастар)

  • Құзыреттік түрі(тұжырымдау,қолдану,талдап түсіндіру,елестету,байланыс орнату,пайымдау)

  • Мәнмәтін(жеке,кәсіби,көпшілік,ғылыми)

  • Орындауды бағалау

қарастырылған.



5

Мысал талдауын келтіріңіз.









Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет