12. Білек аймағының топографиялық анатомиясы (алдыңғы және артқы аймақтар). Қанмен қамтамасыз етілуі және иннервациясы. Пироговтың талшықты кеңістігі. Білектің алдыңғы аймағы Шекарасы


Мойынның ірі артериялары мен нервтерінің проекциялық анатомиясы



бет20/37
Дата12.09.2022
өлшемі3,62 Mb.
#149296
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37
Байланысты:
12. Білек айма ыны топографиялы анатомиясы (алды ы ж не арт ы

Мойынның ірі артериялары мен нервтерінің проекциялық анатомиясы:
Құрылым аттары:
1) Жалпы ұйқы артериясы, A.carotis communis, Ішкі мойын венасы, v.jugularis interna, Кезбе нерв, n.vagus.
2) A.carotis communis бифуркациясы
3) Бұғанаасты артериясы, a.subclavia
4) Мойын өрімінің диафрагмалдық нерві, n.phrenicus
5) Мойын өрімі (тері астындағы жері)
6) Симпатикалық баған
Проекциялық бағыты:
1) Төменгі жақ бұрышы мен емізік тәрізді сүйектің ортасы мен төс-бұғана буыны(оң жағынан) немесе төс-бұғана-емізік бұлшықеттің латералды қырын(сол жағынан) қосатын сызық бойы.
2) Негізгі қантамыр-нерв шоғыры бағыты бойымен, қалқанша шеміршектің үстіңгі қыры деңгейінде
3) Бұғана сүйек бойымен жүретін сызық бойы
4) Қалқанша шеміршек деңгейінде, төс-бұғана-емізік бұлшықеттен вертикалды төмен түсетін сызық бойы
5) Төс – бұғана – емізік тәрізді бұлшықеттің латералды қырының ортасы
6) Мойын омыртқаларының, көлденең өсінділерінің алдымен төмен қарай вертикалды түсірілген сызық бойы

Жалпы ұйқы артериясы — а.carotis 3-ден 4-ші қолқа доғалары бойында вентралды қолқадан дамиды; оң жағында truncus brachiocephalicus-тен, сол жағында колка доғасынан шығады. Жалпы ұйкы артериялары кеңірдек және өңештің жағымен жоғары карай жүреді. Оң жақ жалпы ұйқы артериясы сол жақтағыдан қысқалау, өйткені, сол жақ ұйқы артериясы екі — кеуде (қолқа доғасынан сол жақ төс-бұғана буынына дейін) және мойын бөлімдерінен, ал оң жақ ұйқы артериясы тек мойын бөлімінен тұрады. А.carotis communis, trigonum caroticum-ге өтіп, қалқанша шеміршек немесе тіласты сүйегі денесінің денгейінде өзінің соңғы тармақтарына: А.carotis externa et a. carotis interna-ға (бифуркация) бөлінеді. Қан ағуды тоқтату үшін жүзік тәрізді шеміршектің төменгі жиегі денгейінде, жалпы ұйқы артериясын VI мойын омырткасының —tuberculum caroticum-ына батырып қысады. Кейде сыртқы және ішкі ұйқы артериялары ортақ сабаумен емес, жеке- жеке қолқадан шығады, бұл олардың қалай дамитындығын көрсетеді.


Сыртқы ұйқы артериясы a. carotis externa — бас пен мойынның сыртқы бөліктері қанмен қамтамасыз етеді. Сыртқы ұйқы артериясы басталған жерінен жоғары көтеріліп, m. digastricus-тің артқы карыншасы мен m. stylohyoideus-тің артқы бөлігінің ішкі жағынан құлақ қасы безін тесіп өтіп, төменгі жақ өсіндісінің мойында өзінің ақырғы тармақтарына бөлінеді. Олар алдыңғы, ортаңғы және артқы топтарға бөлінеді.
Алдыңғы топқа жататын артериялар, қамтамасыз ететін ағзалардың дамуы және орналасуына байланысты. Желбезек доғаларының туындылары болып табылады. Атап айтканда: қалқанша безбен көмей- дікі — a. thyroidea superior, тілдікі — a. lingualis. беттікі — a. facialis.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет