13. Қол басының топографиялық анатомиясы. Қанмен қамтамасыз етілуі және иннервациясы.
Шекарасы : жоғарыда — бұршақ тәрізді сүйек арқылы жүргі зілген , көлденең сызық ; төменде — - алақан мен саусақтар арасын дағы қыртыс . Қол басын алақан аймағы және қол басының сырты деп бөледі . Олардың медиалды шекарасы V алақан сүйегі бойымен , ал латералды шекарасы —I алақан сүйегі бойымен 1 - ші алақан бунақ буынына дейін жүргізілген сызық .
Білезік аймағы
Білезік білекті қол басынан бөліп тұрады. Білектен ulnae мен radii-ның біз тәрізді өсінділерінен 1 см жоғары өтетін көлденең сызық, қол басынан бұршақ тәрізді сүйектен жүргізілген сызық шектейді.
Алақан сүйектері аймағы-Алақанның бүйір бөліктері бас бармақтың және кішкентай саусақтың бұлшық еттерінен құралған төмпешіктен тұрады. Ортаңғы бөлігі ойысша тәрізді және бүккіш және терең бұлшық еттердің /құрт тәрізді және сүйек аралық бұлшық еттер/ сіңірлері құрайды.
Қабаттары:
1. Терісі тығыз және жәй қозғалады, өйткені алақан апоневрозының фиброзды талшықтарымен байланысқан.
2. Тері асты клетчаткасы, онда нашар дамыған веналар, thenar және hyppthenar-тің алақан тармақтары, nn. digitales volares communes-тің тармақтары өтеді.
3. Алақан апоневрозы. Ортаңғы бөлігінде тығыз, ал бүйір бөліктерінде нашар дамыған. Ол m. palmaris longi сіңірлерімен бірігетін беткей көлденең талшықтардан тұрады және терең көлденең талшықтардан тұрады және апоневроздан терең сүйек аралық бұлшық етін жауып тұратын терең алақан шандырынан көлденең талшықтар шығады. Осының нәтижесінде үш арна пайда болады: екеуі бүйірлік /бұлшық ет/ және біреуі бір ортаңғы /сіңірлі/. Апоневроздың астында алақанның жоғарғы бөлігінде lig. carpi transversum жатады. Ол екі жапырақшадан беткі және терең тұрады. Оның беткей жапырақшасы os naviculare және multangulum majus пен os pisiforme және hamatum арасында тартылады. Ол терең жапырақшасы білезік сүйектерін жауып тұрады. Осының нәтижесінде остефиброзды өзек түзіледі, одан саусақтарды бүгетін сіңірлері /m. flexor digitorium sublimis, profundus және pollicis longus және n. medianus өтеді.
4. Аймақтың бұлшық еттері. Thenar бұлшық еттеріне төрт бұлшық ет жатады. M. abductor pollici brevis /бетіне жақын жатады/, одан терең m. apponens pollicis /сыртында/ және m. flexoe pollicis brevis /сіңірлері/ екі бастың арасында бас бармақты бүгетін бұлшық еттің ұзын сіңірі өтеді, одан да ішкері қарай m. adductor pollicis орналасқан. Hypothenar бұлшық еттеріне көлденең орналасқан бұлшық ет m. palmaris brevis, m. adductor, flexor және opponeus digiti V жатады.
5. Тамырлармен жүйкелер. Алақан апоневрозының астында volae manus, ортасында беткі алақан доғасы-arcus volaris superficialis жатады. Доғаның негізгі бөлігін a. ulnaris есебінен /беткі алақан тармағынан/ құралады. Ол a. radialis-тен r. volaris superficialis тармағымен байланысады. А. ulnaris алақанда spatium interaponeuroticum gujoni шығысында lig. carpi trancversum үстімен ары қарай өз жолымен кетеді. R. superficialis a. radialis негізгі бағанадан кәрі жіліктің біз тәрізді өсіндісінің деңгейінде бөлініп шығып, thenaris бұлшық еттерінің астымен /кейде м. abductor pollicis-ті кесіп өтеді/ өтіп а. ulnaris-ке қосылады. Доғадан үш ірі аа. шығады, алақан сүйектерінің басының деңгейінде саусақтың меншікті артерияларына бөлінеді, ІІ, ІІІ, ІV, V саусақтарын қоректендіреді. Алақан доғасының астында ортаңғы жүйкенің /сыртынан/ тармақтары және шынтақ жүйесінің ramus supericialis /ішінен/ тармақтары орналасқан. Бұл жерде сәйкес артериялармен бірге nn. digitales volares communes, өзінің nn. digitales volares proprii тармақтарына бөлінеді. Ортаңғы жүйке І, ІІ және ІІІ саусақтарымен, ІV саусақты радикальды жиегіне сезімтал тармақтар береді, шынтақ жүйкесі V және ІV саусақтың шынтақ жиегіне тармақтар береді. N. ulnaris-тің терең тармағы бастапқы кезде көлденең байламда жатады, одан кейін терең түсіп, flexor мен abductor digiti V арасымен-кәрі жілік артериясымен бірге arcus volaris profundi-дің түзілуіне қатысады. Соңғысы қолды бүгуші бұлшық еттің сіңірлерінің астында жатады. Доғаны негізінен алақанның терең жатқан тармағы а. radialis-ті құрайды, ол қолдың сыртына қарай өтіп, кәрі жілік артериясының осындай тармағымен анастомоз жасайды. Доғадан аа. metacarpeae volares шығып, алақанның сырт бетіндегі аттас аретриялармен анастомоз жасайды да, аа. digitales volares communes-ке құяды.
Алақан мен саусақтардың синовиалді қынаптары
Саусақтарды бүгуші бұлшық ет сіңірлерінің синовиалды қынабы болады. ІІ, ІІІ және ІV саусақтардың дисталды шекарасы саусақ бақайшығымен, оның негізінен табылады, проксималды шекарасы-алақан сүйектерінің басы маңайында орналасқан.
Әр бір қынапта беткей және терең саусақтарды бүгуші бұлшық еттің сіңірлері жатады. І және V саусақтарға қарағанда, мұнда синовиальды қынаптың сіңірге қатынасы әлде қайда күрделі. Бұл қынаптар бүгуші бұлшық еттің сіңірлері тек саусақ бойында ғана қоршап қоймайды, сонымен қатар алақан-білезік аймақтарында орайды, сирек жағдайларда ғана бұл қынаптың саусақтық бөлімі алақан бөлгіштерімен бөлінеді. Қынаптың алақандық бөлімі синовиалды қапшық ажыратылады: радиалді және ульнарлы. Радиалді қапшықта бір сіңір жатады-бас бармақтың бүккіш бұлшық етінің сіңірі, ульнарлы қапшықта V саусақтың бойында кішкентай саусақты бүккіш бұлшық еттердің екі сіңірі жатады, ал жоғарғы жағында, яғни білезік аймағында бұны ІІ, ІІІ, IV саусақтардың бүккіш бұлшық еттерінің сіңірлерінің проксималды бөлігін қосып алады, сонымен қатар жалпы алғанда 8 сіңір кіреді: төртеуі беткей, төртеуі терең жатқан саусақтарды бүгуші бұлшық еттердің сіңірлері. Қол басының проксималды бөлімінде екі қапшықта-радиалды және ульнарлы, lig. carpi transversum-нің астында карпалды өзекте орналасады, олардың арасынан – n. medianus өтеді. Білезік аймағында екі синовиалді қапшықта шаршы пронаторда жатады, олардың проксималді шекарасы кәрі жіліктің біз тәрізді өсіндісінің ұшынан – 2 см жоғары өтеді. Осыған байланысты синовиалді қапшықтардың проксималді соңы білек аймағында орналасады. Кей жағдайда радиалді қапшық білек аймағына ульнарлыға қарағанда жоғарырақ көрінеді. Шамамен 10 процент жағдайда екі қапшықтың арасында байланыс болады.
Алақанның синовиалді қынабының басқышы болуы сирек емес, кейде үшінші қапшық /сумка/ болуы мүмкін. Ол радиалді және ульнарлы қынаптың артында орналасады, оның сұқ саусақтың сіңірі құрайды. Басқа жағдайда бір жалпы синовиалді қапшық болады, оның құрамында І және V саусақтардың сіңірлері және басқа сіңірлердің де проксималді бөлімі құрады.
Алақанның клетчаткалық кеңістіктері
Алақанның сыртқы және терең қабаттарын клетчаткалық кеңістік болады. Оның екеуінің сыртында /сыртқы тері асты және сыртқы апоневроз асты/ кеңістіктер. Үшіншісі алақандық кеңістік /сыртқы кеңістік немесе тенар кеңістігі және ішкі кеңістік немесе гипотенар кеңістігі, ортаңғы алақандық кеңістік/. Практика жүзінде алақанның екінші кеңістігі маңында болып саналады: сыртқы және ортаңғы. Олардың саусақтарды бүгуші бұлшық еттер сіңірлерінің және алақандағы сүйек аралық бұлшық еттің арасында жатыр. Сыртқысы бас бармақ бұлшықетіне жанасып және m. flexori pollicis longi-дің сіңірлі қынабынан ІІІ алақан сүйегінің сыртқы жиегіне дейін барады, ортаңғысы І-ші саусақтың ішінен басталып, шынашақ бұлшық етіне дейін аралықта орналасады. Сыртқы клетчаткалық кеңістік: алдыңғы жағынан бас бармақ бұлшық еттерінің астында жататын және алақанның ортасына баратын шандырды жапрыақшамен шектелген.
Артынан: m. adductor pollicis және оны жауып тұратын шандырмен шектелген. Сыртқы кеңістік сұқ саусақтың сыртын бойлай І-ші құрт тәрізді бұлшық етке дейін барады. Ортаңғы алақан кеңістігі-үшінші ішкі саусақтарды бүгуші бұлшық еттердің сіңірлерінің астында /оны жауып тұратын бұлшық еттердің сіңірлерінің астында/ орналасқан. Бұл кеңістік тереңіректе алақанның сүйек аралық бұлшық етін жауып жататын шандырдың жапырақшасына жанасады.
Ульнарлы жағынан-шынашақ бұлшық етімен тығыз шандырмен бөлінген, ал радикальды жағынан сыртқы кеңістіктен –ІІІ білезік сүйегінен басталып- m. adductor pollicis –ты жауып жататын шандыр жапырақшасымен бөлінген. Қолдың проксимальды бөлімінде бұл шандыр жапырақшасы әлсіз жетілген. Дистальды оратңғы кеңістік құрт тәрізді бұлшық еттің өзегінен өтеді де – ІІІ, IV, V саусақтардың сыртына барады. Практикалық хирургияда дәнекер ұлпалы саңылаулар бар екендігі, олар арқылы клетчаткамен қоршалған /Канавэл/ құрт тәрізді бұллшық ет өтетіндігі айтылады. Алақанның екі клетчаткалық кеңістігінің проксимальды шекаралары білезіктің І қатардағы сүйектердің деңгейінде жатады.
Білезіктің сыртқы беті
Беткейлік қабатында тер асты веналар және жүйкелер жатады. Көптеген веналар v. cephalica мен v. basilica-ның көздері болып табылады және тор түзеді-rete venosum dorsale manus. Білезік сыртының жүйкесі болып саналатын: r. superficialis, n. radialis, r. dorsalis manus n. ulnaris. Соңғысы кәрі жілік-білезік буыны деңгейінде беткей жатады. Өзара анастомоз жасайтын барлық тармақтарынан-оншақты сезімтал m. digitales dorsales шығады, оның бесеуі кәрі жілік жүйкесіне, бесеуі шынтақ жүйкесіне жатады /әр бір жүйке екі жарым саусақты қоректендіреді/.
Апоневроз астында жазғыш бұлшық еттің сіңірлері жатады. Одан тереңіректе сыртқы сүйек аралық бұлшық еттері жатады.
Саусақтар- Саусақтардың алақан бетіндегі терісінің маңыздылығымен ерекшеленеді. Бәрінен бұрын терінің барлық қабаттарының күшті дамығанын айту керек және І-ші кезекте мүйізді қабатты-мұнда эпителиальды клетчкалар бірнеше, ондаған қатарлармен орналасқан. Мальпигиев және еміздікше қабатының жақсы дамығанының әсерінен мүйізге қабатының қалпына келуінде маңызы үлкен /яғни жарақат немесе қабынау процесі нәтижесінде/. Саусақтардың алақан бетінің терісінде көптеген тері бездері жатады. Түктер мен май бездері болмайды, соған байланысты фрункул сияқты қабыну процесінің болуы мүмкін емес. Алақан бетінің тері асты май қабатында көп мөлшерде май тканьін құралған және олардың пішіндері дөңгелек, мықты фиброзды бөлгіштермен бөлініп тұрады. Бұл қабат көлденең орналасады, яғни терінің еміздік қабатынан бақайшақ сүйек үстіне дейін және бүккіш бұлшық ет тердің сіңірлерінің фиброзды қынабына келеді. Осыған байланысты саусақтың алақан бетінің тері асты май қабатындағы іріңді процес, оның беткей бөлімінде емес, тереңірекке жайыылады. Саусақтардың алақан бетіне қарағанда сыртқы бетінің терісі жұқа, тері асты май қабат әлсіз дамыған. Саусақтардың тері, тері асты май қабатында көптеген лимфалық капиллярлар торы жатады, көбінесе алақан бетінде. Осы тордан шығатын ұсақ тамырлар саусақтардың бүйір бетінде қосылып, 1-2 шығарғыш бағана түзеді. Соңғысы саусақ аралық қатпар аймағында саусақтардың сыртына өтеді. Саусақтардың алақан бетінен ұсақ лимфалық тамырлар саусақ аралық қатпарлар аймағына саусақтың сыртына қарай өтеді.
Лимфалық тамырлардың саусақ сыртына өтуі саусақтардың алақан бетіндегі іріңді процесі кезінде саусақ сыртының ісетіндігімен түсіндіріледі. Практикалық жағынан маңызды болып саналатын-бұл саусақтарда беткейлік лимфалық тамырлармен және қынап сіңірлері мен сүйек қабығының тамырларының арасындағы байланыс. Саусақтардың беткейлік веналары оның сыртқы бетінде жақсы көрінеді. Саусақ артериялары тері асты май қабатынан өтеді және оның бүйір бөлімінде жатады: біреулері /беткі алақан доғасынан/ алақан бетіне жақын күшті дамыған /сыртқы білезік аретрияларынан/. Басқалары –сыртына жақын және әлсіз дамыған. Сыртқы артериялар соңғы шынтақтарға дейін жетпейді, алақандық соңғы шынашақта доға түзеді, одан ұсақ тармақтар шығып тор түрінде саусақтар басында тарамдалады. Саусақ артериялары венамен бірге жүрмейді, саусақтың алақан бетінен қанды жинайтын ұсақ веналар саусақтың сыртына өтеді. Жүйкеленуі: n. medisnus екі жүйкенің n. ulnaris тармақтарымен жүзеге асады: алақанда – n. medianus екі жүйкенің тармақтарымен жүзеге асады: алақанда n. radialis және n. ulnaris, сыртында- пен. Осыған байланысты саусақтардың бөлімінен екі жүйке өтеді, оның біреуі алақан бетіне жақын, басқасы сыртына қарай жатады. Сыртқы жүйкелер ортаңғы шынашаққа дейін ғана барады, алақандық бөлімі соңғы шынашаққа дейін қоректендіреді. Алақан шандыры шынашақтардың бүйір бетіне бекітіледі. Бір жағынан-сүйек үсті қабығына, екінші жағынан саусақтарды бүгуші бұлшық еттердің сіңірлеріне фиброзды қынап түзеді. Фиброзды қынаптан синовальды қынаппен қоршалған бүгуші бұлшық еттің сіңірлері өтеді. Беткейлік бүгуші бұлшық еттердің сіңірлері екі аяқшаға бөлініп, ортаңғы шынашақтың денесіне бекітіледі. Терең бүгуші бұлшық еттердің сіңірлері беткейлік аяқшалардың арасында өтіп, соңғы шынашақтардың негізіне бекітіледі. Жазғыш бұлшық еттердің сіңірлері шынашақ сыртныда дорзальды аапоневрозға өтіп, ортаңғы шынашақтың негізгі бөліміне және жартылай соңғы шынашаққа бекітіледі.
Иннервациясы
Медиалды құндақта hypothenar бұлшықеттері орналасқан . Бұл жерде : алақанның қысқа ( m . palmaris brevis ) , саусақты әкетуші ( m . abductor digiti minimi ) , қарама - қарсы қоюшы ( m. opponenѕ digiti minimi ) және шынашақтың қысқа бүккіш ( m . flexor digiti minimi brevis ) бұлшықеттері орналасқан . Аталған 3-4 құрт тәрізді бұлшықеттерді, шынтақ нервінің тереңдеген тармағымен нервтенеді.
Алақанның беткейлік артериялық доғасы астында 4 жалпы алақандық саусақтар нерві ( ортаңғы нерв тармақтары ) өтеді . Ортаңғы құндақтың медиалды шетінде — шынтақ нерві жата ды . Ол IV саусақ аралығына бағытталған . Кеңістіктің жоғарғы шетінде ортаңғы нерв пен шынтақ нерві нің арасындағы байланыстар бар ( r . соmmunincantes және n . ulnaris ) . Нерв зақымданғанда осы байланыстар саусақтардың тері сезімділігін қайта қалыптастыруға қатынасады .
V саусақ терісін , ll саусақтың шынтақ бетін — шынтақ нерві нервтейді . Ортаңғы нерв , бас бармақтың алақан бетінің терісін , II , III саусақтарды және IV саусақтың шыбық жақ бетін нервтейді. Қол басының және саусақтардың сырты , шыбық және шынтақ нервтерінің беткей тармақтары арқылы нервтенеді . Бұл кезде I , II және II саусақтың шыбық беті , шыбық нервтері тармақтары арқылы , ІІ саусақтың шынтақ беті және IV — V саусақтар шынтақ нерв тармақтарымен нервтенеді . Көршілес нерв тармақтарын бір - бірімен байланысты рушы бұтақтар болады . Бұл жағдай нерв зақымданғанда , сезімнің жоғалған жерінің орналасуы әр түрлі жерде болуы мүмкіндігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |