12 жылдық білім беру жүйесі


Зерттеудің көкейкестілігі



бет2/14
Дата02.06.2022
өлшемі221,5 Kb.
#145775
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
kur -12-zhyldyq-damytu-kuni-zhane-bilim-beru-bagdary-29
1 задание қайратқызы аружан, қаңлылыр 2

Зерттеудің көкейкестілігі: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында “Қазақстан-2030” стратегиясы­ның негізгі қағидаларын жаңа кезеңде дамытатын міндеттерді көрсете келе: “Енді бір 10 жылдан кейін жаңа Қазақстанды жаңа әлемде таныту үшін біз жаңа уақыттың өктем талабына дер кезінде әрі лайықты үн қатуға тиіспіз”, — деп атап көрсетті. Тәуелсіз Қазақстанның “әлемдік өркениеттің бұйда ұстар тұсына қол жеткізуіне” барлығымыз бірдей ат салысуымыз қажет. Қашанда, қайбір елдің болмасын даму деңгейі ел білімі мен ғылымының дамуынан көрінеді. Елбасымыздың әр жылғы Жолдауында отандық білім беру жүйесіне баса назар аударып, стратегиялық басымдық ретінде қарастыруы да осыдан.


Қазақстанда білім берудің ұлттық үлгісі қалып­тасу үстінде. Қол жеткізген біршама жетістіктеріміз де баршылық. “Тал бесіктен – жер бесікке дейін” деген біздің ұлттық филосо­фия­мыздың астарында үлкен мән-мағына, терең ой жатыр. Бұл – өмірлік білім қа­ғи­дасы. Оның бастау бұлағы, алтын тамыры – мектеп. Осы орайда орта білім беру жүйе­сінде жасалып жатқан рефор­малар атап айту­ға тұрарлық. Дегенмен, ортаға салып, ойла­сып пішер тұстарымыз да жоқ емес. Әлемдік білім қауым­дас­тығына нық басып ену үшін үздіксіз білім беру жүйесін қалыптастыру қажет.
Соның бірі жалпы білім беретін мектептердің 12 жылдыққа көшірілуі.
Эксперимент ретінде жүзеге асырылып жатқан бұл жүйе бойынша оқушының соңғы екі сыныпта оқитын физика, химия және т.б. пәндерден алған білімі келесі білім деңгей­лерінің бағдарламаларында қайталанады. Сайып келгенде, бұл тиісті деңгейдегі депар­таменттердің мемлекеттік білім стандартын жасауда екінші деңгейдің оқу бағдарламасын ескермеуінде жатыр. Сондықтан тиісті департаменттер әр деңгейде білім берудің бір­із­ділігі мен сабақтастығын үйлестіру мәселесін ойлануы қажет. Кәсіптік және жоғары білім беру жүйесіндегі сабақтастықты қамтамасыз ету үшін мектеп бағдарлама­ла­рын қайта қарау қажеттілігі де осыдан келіп туындайды. Мұны құрамына орта, кәсіптік, жоғары білім беру жүйелерінің өкілдері енгізілген оқу жоспарын жасау жөніндегі респуб­ли­калық әдістемелік-үйлестірушілік орталық құру арқылы жүзеге асыруға болар еді.
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық орта жалпы білім беру Тұжырымдамасы (бұдан әрі — Тұжырымдама) - жалпы орта білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру ұстанымдары мен бағыттары бейнелетін негізгі құжат болып табылады.
Бұл Тұжырымдама Қазақстан Республикасының «»Білім туралы»» Заңына; «»Қазақстан Республикасын 2010 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына»»; Қазақстан Республикасында білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «»Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында»» атты жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім министрлерінін кеңесіне, ЮНЕСКО-ның уздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына сәйкес әзірленді.
Жоғары динамикалы, жаһандану дәуірінде өмір сүру үрдісін, ойлау мен қарым-қатынасты түбегейлі өзгертетін байланыс құралының қарқынды дамуы, сондай-ақ адамның интеллектісіне, әл-ауқаттылығына, оның икемділігіне, жасампаздық іс-әрекетіне қол жеткізетін тәсілдер қоғамның негізгі капиталы бола бастады.
Қазақстан қоғамындағы мұндай жағдайда өзекті мәселелердің бірі - өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңңы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, төзімділік, әлеуметтілік жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылық, танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы.
Қазақстандық жалпы орта білім мазмұны оқушының өмірдегі кұзіреттідігі үшін жеткіліксіз болып отырған әрбір оқу пәні бойынша білімі, білігі және дағдысын алу тәртібімен ғана сипатталады. Білім мазмұнының артық ақпараттығы оқушының оқуға ынтасының төмендеуіне және денсаулығының нашарлауына әкеп соғады.
Мектеп бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық өмірден тұрақты өзгерістерді ескере отырып, қоғам өміріне еркін енуіне дайындығын қамтамасыз ететін жалпы орта білімді дамытудың қарқынын арттыру кажеттілігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Оқушыны тұлғалық дамыту міндеттерін іске асырудағы, оның психикалық және физиологиялық денсаулығын сақтаудағы, әлеуметтендірудегі мектеп білімінің рөлін күшейтудің маңызды зор.
Тұжырымдаманың мақсаты - 12 жылдық мектеп жағдайында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру жүйесін жаңарту жолдары мен дамыту стратегиясын айқындау. Тұжырымдаманың міндеттері:

  1. 12 жылдық мектептегі білім беру мақсатын, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын және оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін ашып көрсету;

  2. 12 жылдық білім беруге көшудің қаржылық-экономикалық негіздемесін дайындау.

  3. осы Тұжырымдаманың күтілетін нәтижелерін анықтау;

Тұжырымдама төмендегі бөлімдерден тұрады:

  1. Әлемдік үрдістер мен отандық тәжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі.

  2. 12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелері.

  3. Жалпы орта білім беру құрылымы.

  1. Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары.

  2. Білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері.

  3. Педагогикалық кадрлар.

  4. Білім берудің күтілетін нәтижелерін бағалау жүйесі.

  5. Жалпы орта білім беру жүйесін басқару.

9.12 жылдық жалпы білім беру тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет