Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2012 жыл бойына атқарған жұмыстары туралы ақпарат



Дата27.12.2016
өлшемі131,79 Kb.
#5431
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2012 жыл бойына атқарған жұмыстары туралы ақпарат

ҚР «Мәдениет туралы» Заңы, ҚР Үкіметінің Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы, ҚР «Тіл туралы» Заңы, Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, ҚР Президентінің «Қазақстан 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Жолдауына сәйкес аудан көлемінде халық шығармашылығын дамыту мен мәдени қызмет көрсетуде, жас таланттарды қолдау мен шыңдауда, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруда шығармашылық жоспар бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып отыр.
Аудан бойынша мәдениет саласында 25 кітапхана, 20 мәдениет және клуб үйлері халыққа мәдени-ақпараттыққызмет көрсетіп отыр. Аудан бюджетінен мемлекетік тіл саясатын жүзеге асыруға 393,0 мың теңге, мәдени-көпшілік шараларға 4 млн 972,0 мың теңге бөлініп, мақсатты жұмсалуда.

Мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтумақсатында2012 жылға 18 млн 158 мың теңге, оның ішінде: 3 млн 120 мың теңгеге сахналық киім (Ақсуат, Ақжар мәдениет үйлеріне, әжелер ансамбліне), 1 млн 737 мың теңгеге ұлттық аспаптар, 263 мың теңгеге музыкалық аппаратура (мультикор, комбо-усилитель для бас гитары, для гитары, клавишный), 631 мың теңгеге видеокамера, ноутбук, проектор, сахна микрафондары, 160 мың теңгеге домбыра, 118 мың теңгеге компьютер мен тел факс, 120 мың теңгеге фотоаппарат, 119 мың теңгеге тэнь, 7 млн 500 мың теңгеге Ақжар және Ақсуат мәдениет үйлеріне көрермен орындығы, 1 млн 100 мың теңгеге Ақжар мәдениет үйіне терезе перделер, 1 млн теңгеге Ақсуат мәдениет үйіне сахна шымылдығы, 735 мың теңгеге кітап алынса, кітапханаға 460 мың теңгеге орындық, стол, 95 мың теңгеге компьютер алынып, 1 млн теңгеге газет, журналға жазылды.
Жыл басынан аудан бойынша мәдениет және клуб үйлерінде 1435 мәдени-көпшілік шара өтіп, оған 185257 адам қамтылса, кітапханаларға 16348 оқырман 190670 рет қатысып, оларға 389437 кітап беріліп, ақпараттық-танымдық жұмыстар көрсетілді.

Аудандағы шығармашылық ұжымдар мен «халықтық» ұжымдардың шығармашылығын дамытуға, жеке шығармашылық иелерін қолдауға үнемі көңіл бөлініп отырады. Жаңа жыл, 8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күні, Ұлттық Наурыз мерекесі, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекелері іс-шаралар жоспары негізінде бұқаралық сипатта әр ауылдықокругтерде аталып өтті.



Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Тарбағатай ауданының құрметті азаматы, әуесқой сазгер Қ.Сафаровтың саздарына арналған «Тарбағатай – тәңір тау» атты ән кеші, жерлесіміз, ақын-сазгер С.Қалиевтың «Туған жерге тағзым етемін» атты шығармашылық кеші, жерлесіміз, әнші-сазгер М.Сарыбасовтың «Ауылым – алтын бесігім» атты ән кеші жеке шығармашылық иелеріне қолдау көрсету мақсатында өтті.
8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күні мерекесіне, Ұлттық Наурыз мерекесіне арналған мерекелік гала-концерт, Ақжар мәдениет үйінде мәдениет қызметкерлері мен ауылөнерпаздарының қатысуымен өткен «Ән қанатында» атты концерт, аудандық«Сағындырған әндер-ай» ретро әндер байқауы, 8 наурыз - Халықаралық Әйелдер күні мерекесіне арналған «Шаңырақ ажары» атты келіндер сайысы, «Лайым, күлкіден айырмасын» атты «Маусымашар-2012» КТК командаларының кездесу, Қазақстан Қарулы күштерінің 20 жылдығына арналған «Сарбаздар» атты патриоттық әндер байқауы, «Айгөлек» өнер байқауы, аймақтық «Би жұлдызы-2012» сайысы көрермендер тарапынан жоғары баға алды. Аудандық деңгейде өткен байқау-конкурстардың І-белесі барлық ауылдық округтерде өткізілді.

Сондай-ақ, Ұлттық Наурыз мерекесі аудан орталығында кең көлемде аталып өтті. Орталық алаңға аудан орталығындағы мекеме-ұжымдар ұлттық салт-дәстүрімізді айшықтайтын киіз үйлер тігіп сайысқа түссе, арнайы ереже бойынша өткен театрландырылған көрініске қатысқан мекемелер жоғары деңгейде өнер көрсетті. Наурыз мерекесіне арналып Көкжыра, Құмкөл, Қарасу, Тұғыл ауылдарында «Наурыз-думан», Жаңаталап, Ойшілік клуб үйінде «Армысың, Әз - Наурыз!», Жетіарал мәдениет үйінде «Әз Наурыз, жарылқа!» атты театрландырылған қойылымдар, Жаңатілеу клуб үйінде «Әжем берекем – немере мерекем» атты сайысұйымдастырылды.

27 наурыз – Халықаралық Театр күні қарсаңында Ақсуат халық театрының әртістері А.Исаевтың «Батыл достар» ертегісін аудан орталығындағы театр көрермендеріне ұсынып, ауылдық округтерде гастрольдік сапармен болып қайтты.
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні орталық алаңда мерекелік шеру, «Бірлік.Ынтымақ.Достық» тақырыбында мекемелер арасында әр ұлттың салт-дәстүрін көрсетуден театрландырылған көріністер байқауы өткізілсе, Қазақстан Қарулы күштерінің 20 жылдығына орай шекаралық аймақтарға гастольдік сапарлар ұйымдастырылды.

9 мамыр – Ұлы Жеңістің 67 жылдығына орай аудан орталығында мерекелік гала-концерт қойылды. Жеңіс күніне арналған мерекелік шаралар 17 ауылдық округтің барлығында ұйымдастырылды.


4 маусым күні – Қазақстан Республикасы Рәміздерінің 20 жылдығына орай аудан орталығында автокеруен ұйымдастырылып, соңынан аудан халқы мерекелік концертті тамашалады.

Шығыс Қазақстан облысының 80 жылдығы аясында 2012 жылдың 11 маусымы күні облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Шығыс әуендері - 2012» атты вокалдық-аспаптар ансамбльдері байқауының іріктеу кезеңіне ауданнан «Көктем» вокалдық-аспаптар ансамблі қатысып, республикалық байқауға жолдама алды.



Аудан кітапханаларында 255161-дің үстінде кітап қоры жинақталған. Оның 125028 данасы мемлекеттік тілде. Кітап қоры жыл басынан бері 7897 жаңа кітаппен толықты, оның ішінде 891 дана журнал, кітап 735 000 теңгеге жергілікті бюджет есебінен алынды. Жаңа түскен әдебиеттер кітапханалық өңдеуден өткізіліп, барлық кітапханаларға таратылды. Интернет пайдаланушылар саны 1000. «ИРБИС» бағдарламасына 2989 жазба енгізілді.
Барлық кітапханаларда «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы талқыланып, іс-шаралар жоспары жасалып, жұмыстар атқарылуда. Жолдауды насихаттау мақсатында Ақсуат, Ақжар, Жәнтікей, Құйған, Маңырақ, Жаңа ауыл, Жетіарал, Қарасу, Көкжыра, Қызыл кесік, Құмкөл, Ойшілік, Екпін, Сәтпаев ауылдарында «Жолдау жайлы ойыңыз...» атты дөңгелек үстел, «Ертеңіміз бүгінгіден де жарқын..» атты кездесу кеші,әңгіме өткізілді.

Аудандық кітапханада көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым Д.Қонаевтың туғанына 100 жыл толуына арналып «Дәуірінің дара тұлғасы» атты портрет кеш, «Халқын сүйген ұлы жүрек» атты кітап көрмесі ұйымдастырылса, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Семейдің Абай атындағы драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі А.Тлеуханның «Тана мырза» кітабының кітап беташары, М.Мақатаевтың туған күніне орай аудандық «Жылдарым, менің жылдарым, жазылар ма екен жырларым!» атты жазба ақындар мүшәйрасы, кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 23 жыл толуына арналған «Ауғанстан – тарих қойнауының бір парағы» деген атпен ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші, қазақстандық әдебиетші, ақын, ғалым, тарихшы, педагог Т.Айбергеновтың 75 жылдығына арналған поэзия кеші, «Тәрбиеші, Сіз үшін: үйрен, қолдан!» тақырыбымен «Балдырған» бала бақшасы қызметкерлерімен «Мамандар күні», жастарға салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «СПИД – ХХІ ғасыр дерті» атты сыр-сұхбат, «Дін және бейбітшілік» тақырыбында дөңгелек үстел өттті. 8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күні мерекесі қарсаңында «Ана өмірдің шырағы» атты кітап көрмесі жабдықталып, «Ана – бақыт, Ана деген ақ арман» ертеңгілігі өткізілсе, «Қазақ қыздарының ұлттық келбетін қалай қалыптастырамыз?» деген тақырыптағы дөңгелек үстел өз нәтижесін берді. Сондай-ақ, Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі аясында барлық кітапханаларда іс-шаралар жоспары жасалып, сол негізде бірқатар мәдени-көпшілік шаралар өткізілді. Аудандық кітапханада «Жаңа күнге – жаңа жыр» әдеби ән-жыр кеші өткізіліп, «Наурыз нақыштары» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Ақжар ауылдық кітапханасында жастарымызды Отанын, ұлтын сүйетін ұлтжанды, жоғары адамгершілік иесі, ұлттық рухы биік парасатты азамат етіп тәрбиелеу, сондай-ақ төл мерекеміз наурыздың қасиеттерін ұтымды пайдаланып, қайта жаңғырту мақсатында жастар арасында «Парасатты арулар мен Жігерлі жігіттер» байқауы өтті.

Дүниежүзілік денсаулық күніне байланысты аудандық кітапханада «Салауатты өмір – мықты денсаулық» атты дөңгелек үстел, Балаларды патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында квиллинг түрінде «Нұрлы нақыштар - сырлы сызықтар» атты балалардың сурет көрмесі өтті. Қазақ әдебиетініңбарлық жанрларын дамытуға көп еңбек сіңірген көркем сөздің шеберіҒ.Мүсіреповтың туғанына 110 жыл толуына байланысты «Кемеңгер қаламның құдіреті» атты кітап көрмесінің ашылуы, М.Әуезовтың 115 жыл толуына байланысты «Ұлт тағылымы және Мұхтар Әуезов» атты әдеби кеш Құмгөл кітапханасында өткізілді. Халықаралық балалардың кітап күніне байланысты оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Ең үздік оқырман» бенефисі өткізіліп, Қ.Тұрсынова «Ең үздік оқырман» атанды. Осындай оқырман бенефисі барлық ауылдық кітапханаларда өткізілді. Сонымен қатар, жерлес ақындарымыз А.Ғафуровтың «Толағай», Р.Қайыртайұлының «Біздің ауыл» атты кітаптарының кітап беташары өткізілді. «Мәдени мұра» бағдарламасы және «Алтай-Ертіс кітапханасы» сериясынан ашық көрсетілім ұйымдастырылды.

Чернобыль апатының себеп-салдары, оған қатысқан адамдардың ерлігі жайлы, жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында «Ғасыр апаты» атты кездесу кеші, Қазақстанда бейбітшілікті сақтау мақсатында «Қазақстан - достық мекені» атты кітап көрмесі жасалды. Сондай-ақ, «Біз ынтымағы жарасқан елміз» /Жәнтікей/, «Ортақ мекен жер шары» әңгіме сағаты /Жаңа-ауыл/, «Ақпыз, қара, сарымыз - ағайынбыз бәріміз» әдеби-сазды кеш /Қарасу/, «Қазақстан өз үйім» кітап көрмесі /Жетіарал/, «Ұлт рухын оятқан татулық» әңгіме-сұхбат /Тұғыл/, «Ынтымағы жарасқан елміз» дөңгелек үстел /Кіндікті/ кітапханаларында өткізілді.

Ұлы Жеңіс күніне арналып «Ұрпақтарұмытпайтын Жеңіс» атты кітап көрмесі жабдықталап, «Ерлікке тағзым» атты тақырыптық кешаудандық кітапханада өткізіліп, «Ұрпақтар ұмытпайтын, Ұлы Жеңіс» кездесу кеші /Құмгөл, Ақжайлау, Қызыл-кесік, Сәтбаев/, «Отан үшін от кешкендер» әдеби сазды кеш /Жәнтікей/, «Отты жылдар шежіресі» тарихи дәріс /Қарасу/, «Ұрпаққа үлгі болған ерлік» ертеңгіліктер /Ақжар/ өткізілді.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарының 75 жылдығы, аштық оқиғасының 80 жылдығына арналған «Ашаршылық ақиқатына жаңаша көзқарас» атты дөңгелек үстел өткізілді. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алукүніне арналған бұл кездесуге 84-98 жастағы осы оқиғаның күәгерлері мен ұрпақтары қатысты. Тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жазықсыз шарасыздан отқа күйген» атты дөңгелек үстел / Құмкөл/, «Зобалаң жылдар қасіреті» дөңгелек үстел /Жаңа-ауыл/, «Қазақстандағы зобалаң жылдар шежіресі» кітап көрмесі /Маңырақ/, «Ұрпақтармен мәңгі жасайтын есімдер», «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» тақырыптық кеш /Тұғыл, Қызыл-кесік/кітапханаларында өткізілді.

Халықаралық балаларды қорғау күні «Астана айшықтары» атты 5-8 жас аралығындағы балалар арасында сурет байқауы өткізілді. «Біз бақытты баламыз», « Балдай тәтті балалық» ертеңгілік /Көкжыра, Ойшілік/, «Біз бақытты балдырған» тапқыр достар викториналық ойыны /Құмкөл/,«Ертегілер елінде» кітап көрмесі /Жаңаауыл/ кітапханаларында өткізілді.

Мемлекеттік рәміздер күні «Мемлекеттік нышандарға құрмет» танымдылық сағаты ұйымдастырылды. «Рәміздер – елдігімнің тірегі» атты кеш /Ақжар, Тұғыл, Манырақ/, «Рәміздерім – егемендік нышаны» әдеби сазды кеш /Көкжыра, Жәнтікей, Қарасу, Сәтбаев/ кітапханаларында өткізілді.
Жаз айында балаларды кітап оқуға тарту мақсатында мектеп жанынан құрылған «Лагерь-2012», «Балдаурен», «Лучик» лагерь балалары кітапханаға саяхатқа әкелінді. Балаларға арналып «Жазда оқы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Жаhандағы барлық оқиғалар туралы сен газет-журналдан оқып шығасың» атты кітапханалық сабақ өткізілді. Интернет сайттарынан мультимедиялық көрсетілімдер көрсетілді.
«Интернет-зал» жұмысы кеңейтіліп жаңадан 4 орындық, стол қойылды, 5 компьютер жұмыс істеп тұр. Интернет пайдаланушылар саны 2000. «ИРБИС» бағдарламасына 2989 жазба енгізілді. Кітапханалар ұжымдары ауданымыздың игілігі үшін инновациялардың енуіне, кітапханалардың сапалы қызмет етуін қамтамасыз етуге барлық күштерін салып жұмыс атқаруда.
Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда аудан көлемінде арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыстар атқарылуда.
Үстіміздегі жылдың 13 ақпан - 13 наурыз күндері аралығында«Тіл мәртебесі - ұлт мерейі» айлығы өтіп, аудан көлемінде 6 семинар, 6 дөңгелек үстел, 15 түрлі кеңестер өткізілді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» Жарлығын насихаттау жұмыстары жүргізілді.
22 наурыз – 22 сәуір аралығында аудан көлемінде «Көркем тіл – көрікті жарнама» айлығы өтті. Айлықтың негізгі мақсаты: мемлекеттік тілдің бәсекеге қабілеттілігін одан әрі нығайтуда маңызды роль атқаратын көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерін заң талаптарына сай біріздендіру, үйлестіру және қоғамдық бақылауды одан әрі күшейту, бұл іске аудан жұртшылығын кеңінен жұмылдыру.
«Астана Отанымыздың жүрегі» атты кітап көрмесінің ашылу салтанаты, «Астана-Қазақстанның Елордасы» тақырыбында ақпаратты-викторина, «Жаңарған, жайнаған Астана» атты интернет топтамаларына виртуалды саяхат жасау, 6 шілде - Астана күні мерекесіне орай мерекелік концерт, балықшылардың кәсіби мерекесіне арналған әдеби-сазды кеш, жазушы Ғ.Мұстафиннің туғанына 110 жыл толуына орай шығармашылығына библиографиялық шолу, «Иманды болу парызын» атты әңгіме, Б.Дәуеновтың «Өтелмеген парыз» атты кітабының тұсаукесері, «Бір ел-бір кітап» акциясы бойынша «Көркем сөздің зергері» атты кітап көрмесі өтті.
26 шілде күні ауылдық округтердегі мәдениет және клуб үйлерінің ұйымдастырушылары және кітапханашылардың қатысуымен семинар-кеңес өткізілді. Күн тәртібінде аудан көлеміндегі мәдениет және клуб үйлерінің, кітапханалардың атқарған жұмыстары, қысқы маусымға дайындық, іс-қағаздарының дұрыс ресімделуі, мәдени-көпшілік шараларды дұрыс өткізу, әр өткен шараға анкета жүргізу, халықпен тығыз байланыста жұмыс жасау, алдағы уақытта шешімін таппаған мәселелер қаралды.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатындағы іс-шаралар жоспары аясында «Мемлекеттік тіл-мемлекеттік қызметте» атты мемлекеттік қызметшілер арасында аудандық конкурс өтті. Конкурстың жеңімпаз командасы облыстық «Мемлекеттік тіл-мемлекеттік қызметте» конкурсқа жіберілді.


Кітапханаларда Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласын насихаттау мақсатында дөңгелек үстелдер өткізілсе, ауылдық мәдениет және клуб үйлерінде Лондондағы ХХХ Жазғы Олимпиадалық ойындарда жеңіске жеткен спортшылар құрметіне арналған концерт ұйымдастырылды.       
16 тамыздан 16 қыркүйекке дейінгі аралықта Қазақстан халықтарының Тілдер күні мерекесіне орай «Тілдер шеруі» айлығы өткізілді. Айлық барсында 5 дөңгелек үстел, 2 кітап көрме, 1 семинар-кеңес, 3 сайыс өткізілді.
«Оқырмандар сіздерге көмекші құралдар», «Шалқыған шабыттың жалыны бар тұлға-М.Әуезов» атты кітап көрмелері, «Таза ауа жанға шипа» атты әңгіме, көшелер мерекесі, шекарашылар күніне арналған мерекелік концерт, «Тәуелсіздіктің тірегі-Ата Заң» атты кітап көрмесі, «Ата Заң Тәуелсіз елімнің тірегі» атты дөңгелек үстел, «Ата заң-азат елдің ар-намысы» атты тарихи сабақ өткізілді.
30 тамыз - Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған мерекелік концерт барлық ауылдық мәдениет және клуб үйлерінде өтті.
8 қыркүйек күні «Туған ел – алтын бесігім» акциясы аясында Курчатов қаласында Тарбағатай ауданының мәдени күндері өтті. Байқау заңғар жазушы М.Әуезовтың туғанына 115 жыл толуына және Шығыс Қазақстан облысының 80 жылдығына арналды.
11 қыркүйек күні мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау мақсатында ҚАЗТЕСТ байқау сынағы өтті. Тестілеуді ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығынан арнайы келген комиссия өткізді.
Аудандық кітапханада «Елімнің менің» атты көкпар ойыны, ақын Қ.Алтынбаевтың 85 жасқа толуына байланысты «Айтыстың ақиық ақтаңгері» атты әңгіме, ұстаздар күніне орай «Ұстаз үні» атты кездесу кеші, «Отанның тілі-менің тілім» атты концерт, «Ән салдырған ауылым» атты ән фестивалі, «Ақ көгершін» атты патриоттық ән орындаушылар байқауы, көрнекті ақын С.Мәуленовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Журегі шуақ, жаны жыр» атты жыр кеші өтті.                                               
21 қыркүйек күні Халықаралық маңызы бар Майқапшағай-Омбы тас жолының бойындағы Боғас бекетінде қазақ елінің тәуелсіздігі үшін жан аямай күрескен, даңқты қолбасшы Қаракерей Қабанбай батырға арналып ескерткіш орнатылды. Ескерткіштің ашылу салтанатына «Алаш ұранды қазақтың аруағы сенсің – Қабанбай!» атты театрландырылған қаhармандық драмалық қойылым, мерекеге арналған гала-концерт ұсынылды.
Тілдер күні мерекесіне орай аудандық орталық кітапханада Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау, туған тілге деген сүйіспеншілік, ана тілді құрметтеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру мақсатында «Ана тілі-ата бабам мұраты» атты дөңгелек үстел, «Тілім менің-тірлігімнің өзегі» кеш, «Тіл-тәуелсіздік тірегі» әдеби кеш өткізілді.
«Біл ел-бір кітап» акциясы аясында О.Бөкейдің шығармаларын насихаттау мақсатында «Оралхан Бөкей әлемі» атты кітап көрмесі, «Алтайдың асыл перзенті» атты әдеби сазды кеш, балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың туған күніне орай «Қазақтың бәйтерегі» атты әңгіме, «Тәуелсіздік тұғырым» атты балалар сурет көрмесі өтті.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өткен мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт жастарының «Бір Отан, бір тіл-Тәуелсіз Қазақстан» атты облыстық форумда Тарбағатай ауданынан С.Вагнер /неміс/ облыс әкімінің құрмет грамотасымен марапатталып, бағалы сыйлыққа ие болды.
Аудан әкімшілігінің мәжіліс залында Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының тапсырмасымен қала және аудан арасында тәжірибе алмасу мақсатында Риддер тарихи-өлкетану мұражайымен бірге «Дәуір адамы» атты Д.Қонаевты еске алу кеші, аудандық кітапханада жаңа технологиямен жұмыс істеу, ақпараттық-технология біліктілігін қалыптастыру және библиографиялық үрдісті автоматтандыру мақсатында «ИРБИС бағдарламасымен жұмыс істеу амалдары» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Аудандық көркемөнерпаздар байқауы биылғы жылы қазан-қараша айларында «Туған жер алтын бесігім» акциясы аясында өтті. Көркемөнерпаздар ұжымдарын осы заманға бәсекелестік ортаға бейімдеу, көрермендер сұранысын қанағаттандыру мақсатында байқауға 17 ауылдық округ қатысып, өнер көрсетті.
Облыста тұңғыш өткен І-ші «Халық театрлары» фестивалінде Ақжар халық театры Е.Уахитовтың «Құдалар» комедиясын, Ақсуат халық театры Д.Исабековтың «Әпке» драмасын сахнамалап, қойылымның басты кейіпкерін сомдап көрсетуде үздік өнер көрсеткен Ақсуат мәдениет үйінің әртістері А.Тілеуленова «Үздік әйел адам ролі», Қ.Орынбекова «Жас талант», Ақжар халық театрының әртісі А.Аусарбаев «Үздік ер адам ролі» номинацияларын жеңіп алып, облыстық мәдениет басқармасының алғыс хатымен марапатталды.

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай барлық ауылдық мәдениет және клуб үйлерінде, кітапханаларда іс-шаралар жоспары жасалып, жоспар негізінде дөңгелек үстелдер, кештер, көрмелер, тарихи сабақтар өткізілді. Ақсуат мәдениет үйінде «Елін сүйген, елі сүйген-Елбасы» атты мерекелік концерт ұсынылды.


«Туған жер - алтын бесігім» акциясы Зырян қаласында өткен халықаралық мега-акцияда қорытындыланып, 5 ауданға, соның ішінде Тарбағатай ауданының көркемөнерпаздары «Ең үздік дәстүрлі ән» номинациясы бойынша жүлделі орынға ие болып, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.Сапарбаевтың құрмет грамотасымен және 200 мың теңгеге ие болды.
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай «Тәуелсіздік таңы-желтоқсан» атты кеш, «Жырмен тербеп тәуелсіздік бесігін» поэзия кеші, «Желтоқсан жаңғырығы-Тәуелсіздік» дөңгелек үстел, мерекелік концерт ұйымдастырылды. 
Жаңа жыл мерекесіне орай орталық алаңдағы мұз қалашығының ашылуы, мекемелер мен ұжымдар арасында театрландырылған көріністер және мекеме ғимараттарының безендірілуінен конкурс, жаңа жылдық бал, мерекелік концерт, жастардың би кеші өткізілді.

 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет