Сабақ: Тіл дамыту Тақырыбы: Наурыз



Дата11.01.2017
өлшемі40,71 Kb.
#7020
түріСабақ
Ұйымдастырылған оқу-іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы:Қатынас

Сабақ: Тіл дамыту

Тақырыбы: Наурыз

Мақсаты:Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Қазақтың ұлттық тағамдары, ұлттық ойындары, ұлттық дәстүрімен таныстыру. Байланыстырып сөйлеуін, тілін, сөздік қорын молайту. «Наурыз» сөзіне сөйлемдер, әңгіме құрастыру, өз ойларын айтқызу.

Халқымыздың салт-дәстүрін қадірлеп, құрметтей білуге тәрбиелеу.



Қолданатын көрнекілік: Наурыз мерекесіне арналған суреттер, наурыз көжеге қажетті заттар, қамшы.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: Наурыз, ұлттық салт-дәстүр.


Әрекеттің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті



Мотива

циялы-ынталан дыру

кезең


І.Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері:

1/Жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру.

2/Жаңа сабақ мақсаттарымен таныстыру.





Ұйым дастыру-ізденгіш кезең

Ертеңгілік жиын

Қайырлы күн, әрқашан күн сөнбесін,

Күн нұрындай жылуын төге берсін!

Күндей жарық көңілді күн кешейік,

Бәріміз дос болып бөлісейік.

Тәрбиеші:«Наурыз – жыл басы» көктем мейрамы:оны тойлап жатқанда айнала тегіс көгеріп, ағаштар бүршік жарып, құстар сайрап, жер беті құлпырып, адам жүрегінде ғажайып сезім оянады.Наурыз мерекесінде наурыз көже дайындалады, дастарқан жайылып, адамдар ұлттық киімдер киеді.Бір-бірінің үйлеріне қыдырып барады. Наурызда алтыбақан құрылып, ән салады, би билейді. Әртүрлі ұлттық ойындар ойналады. Наурыз күні ағаш егіледі. «Наурызда бір тал ексең, жер көгерер», «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын» - деген мақал содан қалған».



Сурет бойынша әңгіме

- Суретте не бейнеленген? Кімдерді көріп тұрсыңдар?

- Әже қазанға не пісіріп жатыр?

- Балалар не істеп жатыр?

- Алтыбақан айналасында кімдер бар?

- Алыстан қандай үйлер көрінеді?

- Ауа-райы қандай?

- Айналаның көрінісі қандай?

- Енді «Наурыз» ертегісін тыңдайық.

Сергіту сәті

Шаршағанда ырғалып,

Гүлге ұқсап дем алам.

Қанатымды бір қағып,

Гүлдей болып жайқалам
«Наурыз» ертегісі

Әңгіме бойынша сұрақтар:

-Қазақша жыл басы қалай аталады?

-Наурызда балалар не істейді?

-Әжесі наурыз туралы қандай ұлағатты сөздер айтты?

Бекіту.

Дидактикалық ойын: «Күлтелі гүл»

Мынау гүл – ғажайып сиқырлы гүл. Әр күлтесінде тапсырмалар бар екен. Ол тапсырмаларды орындаған балалар Наурыз мерекесіне барады.

-Наурыз күні не пісіріледі?

-Наурыз көжеге қандай дән салынады?

-Ұлттық тағамды атаңдар?

-Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

-Наурыз туралы қандай өлең, тақпақтар білесіңдер?

-Наурыз мерекесінде адамдар қалай киінеді?

-Наурыз мерекесінде қандай тілектер айтылады?

Сабақ соңында Наурыз туралы ән айтылады.




Шаттық шеңберін

Орындайды.

әңгімелеу

Сергіту сәтін орындайды.

Сабақ соңында наурыз туралы жаттаған өлең-тақпақтарын қайталайды.




Рефлек сиялы

түзету кезең

.Рефлексия:

-Балалар,біз бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныс-тық?

-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

–Неліктен?

-Балалар, бұл сабақтан біз не үйреніп, білдік?


Қорытындылау, бағалау.


Сұрақтарға жауап береді.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет