Филармония Камералық хоры «Тал бесіктен Жер бесікке» атты жаңа форматтағы концерт ұсынды. Елорда көрермендеріне Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының Камералық хоры «Астана Опера»
Филармония Камералық хоры «Тал бесіктен - Жер бесікке» атты жаңа форматтағы концерт ұсынды. Елорда көрермендеріне Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының Камералық хоры «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрыныңКүләш Байсейітова атындағы Камералық залында «Тал бесіктен - Жер бесікке» атты жаңа форматтағы театрландырылған сахналық қойылымын тарту етті. Камералық хордың көркемдік жетекшісі және бас дирижері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Гүлмира Құттыбадамова.
Кештің мақсаты нәрестенің дүние есігін ашқан күннен бастап, қартайған шағына дейінгі сәттер әсем ән мен үйлесімді әрекет арқылы баяндалып, адамның бүкіл саналы ғұмырын театрландыру арқылы көрсетті. Рухани маңызды қойылымда, хор ұжымы ән айтып, өлең оқи жүріп, «Бесікке бөлеу», «Тұсау кесу», «Сырға салу», «Сыңсу», «Жар-жар», «Той бастар» сияқты қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсетіп, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ерекше тарту болған тың дүние ел есінде біраз уақытқа дейін сақталатыны сөзсіз. Кеште филармонияның Камералық хор ұжымымен қатар Сарыарқа ансамблі, Халық әні бөлімі артистері өнер көрсетіп, көрерменге ерекше қойылыммен концерт ұсынды.
Хордың театрландырылған сахналық қойылымында «Бесік жыры», Халық әндері «Ахау, керім», «Балапан қаз», «Шилі өзен», Абай Құнанбаевтың «Қараңғы түнде тау қалғып», Біржан салдың «Теміртас», Сәкен Сейфулиннің «Тау ішінде», Ахмет Жұбановтың «Қарлығаш», Бақытжан Байқадамовтың «Он алты қыз» сынды әндермен қатар, Құрманғазы мен Махамбеттің күйлері орындалды. Ерекше форматта жаңаша театрландырылған хор қойылымының берер тәрбиесі мен тағлымы орасан зор.