Сабақтың тақырыбы: Эстрада. Эстрадалық әндер. Сабақтың мақсаты



Дата29.06.2017
өлшемі94,64 Kb.
#20595
түріСабақ
Аралбаева Бибинур Толендыевна

БГТК имени А. Мусина, г.Балхаш, Карагандинская область

Преподаватель музыки
Сабақтың тақырыбы: Эстрада. Эстрадалық әндер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Балаларға эстрада туралы түсінік беру, эстрадамен орындалатын әндермен таныстырып, дуэт-трио-квартет ұғымдар жайлы білімберін жетілдіру.

Дамытушылық: Эстрадалық әндер айтатын Музарт және басқа топтарының әндерін тыңдатып байқампаздық пен әуесқойлықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға эстрадалық әндерге қызығушылықтарын оятып, пәнді, мұғалімді, бір-бірін сыйлауға, тыңдауға тәрбиелеу.
Сабақта пайдаланған көрнекіліктер: тақырып,Музарт және басқа топтарының суреті,ноутбук, проектор.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар?

-Қазір қай сабақ?

-Сабақ құралдарымызды дайынба?

-Олай болса сабағымызды бастайық!

Үй тапсырмасын тексеру.

-Ал балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын үй жұмысын бір тексеріп өтейік.

-Балалар сендер өткен сабақта «Қазақтың ұлттық аспабы сыбызғы мен сазсырнай» тақырыбын өттіңдер.

Қане сыбызғы мен сазсырнай туралы кім айтады?

Сазсырнай қандай аспап түріне жатады?

Сыбызға қандай аспап түріне жатады?

-Менің көруім бойынша барлықтарың сабаққа жақсы дайындалып келіпсіңдер.

-Жарайсыңдар!



Жаңа сабақ.

-Балалар, жаңа сабағымызды бастамас бұрын өздерің эстрада деген сөзді қалай түсінесіңдер? Эстаралық әндердә орындайтын қандай әншілерді білесіңдер? Өз ойларыңда айтыңдаршы.



-Эстрада өнерінің қайнар көзі Еуропа елдерде жонглерлер (Франция), шпильмандар (Германия), скоморохтар (Ресей), даршылар мен масқарапаздар (Орт. Азия), қулар (Қазақстан) сияқты кезбе өнерпаздардың сауығына саяды. Олардың ойын-сауығы сатиралық көріністер мен машықтандыруды, акробатика мен жонглерлік өнерді, ән мен билерді қамтыды. 16 – 17 ғ-ларда Эстрадалық өнердің мұндай түрлері халық сейілдерінде, балағандар мен жәрмеңке алаңдарында одан әрі өркендеу өрісін тапты.

18 ғ-дың аяғы мен 19 ғ-дың басындаФранцияның жәрмеңке театрлары сахнасында көбіне фольклорға негізделген сатиралық өлеңдер мен тақпақтар зор табыспен орындалды. Эстрадасы бар мейрамханалар кафе-шантандар деп аталды. Бұлардың артистері кейде өз ойын-сауықтарымен әлеум. мәселелерді қозғады. Бірақ олар көбіне көңіл көтеруден аспайтын, ой-мазмұны таяз ойын-сауық нөмірлерін орындаумен шектелді. Тыңдаушы-тамашалаушыларға әннің сөзін жеткізу, әннен гөрі сөзге, яғни мелодекломацияға еркін ауысып отыру Эстрада өнерінің ерекшелігі болып табылады.

20 ғ-дың 60 – 80-жылдары Қазақстанда Алатау” (Жамбыл), “Арай”, “Ариран”, “Гүлдер”, “Дос-Мұқасан”, “Отырар сазы”, “Яшлық” (Алматы), “Жайық қызы” (Атырау), “Жетісу” (Талдықорған), “Сыр сұлуы” (Қызылорда), “Ұлытау” (Қарағанды), “Эренгольд” (Павлодар), т.б. Э-лық ансамбльдері ұйымдасты. Композиторлар Б.Байқадамов, С.Бәйтереков, Ә.Бейсеуов, Б.Жұманиязов, Ш.Қалдаяқов, А.Қоразбаев, Н.Тілендиев, т.б. аталмыш ансамбльдерге арнап ән жазды.

Қазіргі таңда эстарадалық әндер айтатын әншілер жетерлік.Мысалы: Музарт тобы туралы айтын болсақ МузАРТ — Қазақстандық вокалды-аспапты ансамбль. «МузАРТ» – көне түркі тілінен шыққан, «УЗ» – сал, сері, тағы сол сияқты ер азаматқа тән қасиеттерді, ал «АРТ» - биік, шың, тау деген мағынаны білдіреді.

Топ алғаш құрылғанда құрамында үш әнші өнер көрсетсе, қазіргі уақытта ВИА сегіз мүшеден тұрады: Сәкен Майғазиев,Мейрамбек Бесбаев, Кенжебек Жанәбілев, Ғалымжан Артықбаев, Ерлан Құлахметов, Бексұлтан Арман, Ерік Жасақбаев. Сонымен қатар, топтың құрамында Мақсат Базарбаев және Болат Жолдасовтар өнер көрсетті. Топ құрылғалы бері топтың арт-директоры қызметін Ерлан Жүнісбай, музыкалық продюсері қызметін Бексұлтан Арман атқарып келеді. Шығармашылығы

«МузАРТ» вокалды-аспапты ансамблінің орындайтын әндерінің көпшілігі эстрада жанрына жататын шығармалар. Сонымен қатар, ансамбль репертуарынан халық әндері мен ретро әндерді де табуға болады. 2011 жылға дейінгі он жылдық тарихында 46 ән жазған. Олардың қатарында «Өз елім», «Шынарым», «Шашбаулым», «Қазақтай ел қайда», «Сағындым Алматымды», «Үшқоңыр», «Анаға сәлем», «Қайран көңіл» атты әндері бар. 3 альбомы жарық көрген: «Сенің көзің», «Әттең-ай» және «Есіңе ал».

- Енді балалар Музарт тобы туралы мәлімет тыңдайық (ноутб, проектор арқылы видео).
Ән айту: Музарт тобының Үш қоңыр әнін айту

1. Үш - қоңыр Алатаудың қойнауында
Әкемнің ізі қалған жайлауында
Қасқасу үр-гір тасып, гүл еркелеп
Архарлар жайылатын аймағында
Қайырмасы:
Ай үш - қоңырым туған жерім
Рахым нұры қонған жерім.
Ай үш - қоңырым тау бесігім
Жүрегімде мәңгі есімің. 
2. Бұл жерде тарих сырдың сыбырыбар
Бабалар тұлпарының дүбірі бар.
Бүл жерде Жамбыл жакем өлең айтқан
Өнердің ақыңдықтың тұғыры бар.
Қайырмасы:

3. Шыңдары Төле бидің қалпағындай
Жазира жасыл әлем алқабындай.
Жуасы, қарақаты, бүлдіргені 
Әжемнің шекер қосқан талқанындай
Қайырмасы:
4. Көрінер сонадайдан анық маған
Шыңында қырандары қалықтаған.
Қыранның самғауына құмар қалып
Туыпты ұландарын алып далам
Қайырмасы:

-Балалар сендер осы өлеңді тыңдағанда қандай сезімде боласыңдар?

-Балалар біздің эстрадада өздері жалғыз ән айтып жүрген және үш, төрт адамнан құралған топтар бар және олардың өз аттары болады екен. Мысалы: Дуэт (итал. duetto және лат. duo — екі) — музыкалық шығарманы екі әншінің екі дауыспен қосылып айтуы немесе екі адамның бірдей екі аспапта не екі түрлі аспапта орындауы. Дуэт опера, оратория,  кантата  жанрларында жиі кездеседі.

ТРИО (итал. trіo, tre – үш) – 3  орындаушылардан құрылған ансамбль (музыка аспапта орындаушылар немесе әншілер тобы), сондай-ақ осы ансамбльге арнайы жазылған музыкалық шығарма.

Квартет (итал. quartetto – төртінші) – 1) 4 орындаушыдан (музыкалық аспапта орындаушылар немесе әншілер тобы) құрылған ансамбль. Квартет бір тектес не әртүрлі аспаптарда орындаушылардан құралады. Вокалдық музыкада әйелдер немесе ерлер тобынан құралған квартеттер, сондай-ақ, аралас квартеттер де болады. Аспаптық квартеттерден кең тарағаны – ішекті аспаптар квартетті. 1973 жылы ішекті аспаптар квартеті Қазақ филармониясында , ал 1980 жылыАлматы консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) құрылды; 2) 4 аспап немесе 4 әншілер дауысына арнайы жазылған музыкалық шығарма. 



Бекіту: Кім жылдам? ойыны. Ол үшін ортаға 3 оқушы шығып, Музарт тобының әндерінің аттарын айтып жарысады.
Сабақты қорытындылау:

-Балалар бүгінгі сабағымызда қандай тақырып өттік?

-Эстрада дегеніміз не?

-Дуэтте неше адам ән айтады? Мысал келтір.

-Квартетте неше адам ән айтады? Мысал келтір.

-Трио да неше адам ән айтады? Мысал келтір.



-Қазіргі таңда ВИА Музарт тобы неше адамнан тұрады?
Үйге тапсырма: «Үш қоңыр» әнінің сөзін жаттап, тақырыпты мазмұндап келу.

Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларға тиісті бағаларын қою
Әдіскер:

Мұғалім:

Баға:
Каталог: uploads -> doc -> 01b5
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
01b5 -> Сабақтың барысы: IҰйымдастастыру кезеңі Шаттық шеңберін құру. Қуан шаттық алақай Қуанатын күн келді
01b5 -> Сабақтың тақырыбы: Материалдарды көркемдеп өңдеу: теріні, ағашты, сүйекті, металды, керамиканы, шыныны
01b5 -> Информатика пәнін оқытудағы практикалық жұмыстың маңызы
01b5 -> Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап,сахналық көрініс,шығармашылық ізденіс Сабақ түрі : «Шуақты күн» атты ізденіс сабағы
01b5 -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен елімнің азаматымын
01b5 -> Тақырыбы: Жапырақ Сабақтың мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет