Тілдерді дамыту бойынша 2014 жылдың І тоқсанындағы атқарған жұмыстары туралы ақпарат Ауданда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»



Дата15.04.2018
өлшемі40,9 Kb.
#40174
Тілдерді дамыту  бойынша 2014 жылдың І тоқсанындағы атқарған жұмыстары туралы ақпарат

Ауданда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңының талаптарын орындауға және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған ауқымды шаралар белгіленіп, бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың  2014-2016 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары Аудан әкімдігінің 2014 жылғы  28 сәуірдегі   № 541 қаулысымен бекітілген.

Тіл саясаты туралы мәселелер аудан әкімдігінің отырысында қаралып отырады. 2013 жылғы 25 қазандағы аудан әкімдігінің отырысында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының Ұлан ауданында орындалу барысы туралы сұрағы қаралды.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»  Заңының «Деректемелер мен көрнекі ақпарат тілі» туралы 21 бабының орындалуын іске асыру, заң талаптарына аудандағы көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерін сәйкестендіру және қоғамдық бақылауды одан әрі күшейту, бұл іске аудан жұртшылығын кеңінен жұмылдыру бойынша іс-шараларға белсене атсалысуы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ауданда «Көркем тіл – көрікті жарнама» атты тіл айлығы ұйымдастырылып, айлық аясында деректемелер мен көрнекі ақпарат көздерінің тіл заңдылықтарына сәйкестігін анықтау мақсатында 15 мәрте рейд жүргізіліп, ауданның елді мекендеріндегі  қоғамдық орындар, мекемелер, сауда нысандары, барлығы 72 нысан тексерілді.
Аудан бойынша «Көркем тіл – көрікті жарнама», «Сауатты жарнама», «Тәрбие басы-тіл», «Тіл мен рух» атты  тақырыптарда 6 «дөңгелек үстел» өткізіліп, оған 92 адам қатысты.
Аудан бойынша кітапханаларда «Сауатты жаза білейік», «Тілім менің ғасырлардан аманат», «Тіл – ұлттық құндылық», «Тіл тазалығы әрбір қазақстандықтың қолында», «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты тақырыптарда көрнекі ақпараттар мен жарнамаларды сауатты ресімдеуге арналған ақпараттық көрмелер ұйымдастырылды.
2014 жылдың І-тоқсанына аудандағы көрнекі ақпарат пен жарнамаларды мемлекеттік тілде ресімдеу деңгейі  84% құрайды.

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру бойынша мемлекеттік органдар мен мекемелердің құжат айналымына бөлімнің бас маманы С. Жуматаева тарапынан ай-сайын мониторинг жүргізіледі. Жасаған мониторингтің талдау нәтижесі бойынша мемлекеттік тілдің жалпы құжаттағы үлесі 2014 жылдың І-тоқсанының қорытындысы бойынша 94,8 %  жетті.


Бүгінгі күні аудандағы мемлекеттік қызметшілердің 97% мемлекеттік тілде іс жүргізе алады.

Бүгінгі таңда қазақ ономастикасының негізгі мәселелерінің бірі  қазақ азаматтарының тегі мен әкесінің атын қазақ халқының қалыптасқан тарихи дәстүрлеріне сәйкес келтіруге байланысты болып отыр. Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» Жарлығы негізінде 2014 жылдың 10 ақпаны мен 10 наурызыі аралығында ауданда «Тілімізді құрметтеп, тектілікті ту етсек» атты тіл айлығы өткізілді. Айлық барысында Қазақстан Республикасы азаматтарының тегі мен әкесінің атын қазақша жазу тәжірибесін қазақ халқының қалыптасқан тарихи дәстүрлеріне сәйкес келтіруге байланысты аудан көлеміндегі мектептерде, қоғамдық орындарда, мекемелерде  халыққа айлықтың мән-маңызын түсіндіруге бағытталған  семинарлар, кеңестер, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді.  


Айлық аясында 4 дөңгелек үстел, 3 акция, сондай-ақ, түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін 9 семинар өткізіліп, оған 1798 адам қатысты.
Жыл сайын дәстүрлі түрде О.Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы, «Абай оқулары» байқауы, өзге ұлт өкілдері арасында «Тіл-адам жанын танудың кілті», «Мемлекеттік тіл-менің тілім», «Тіл достықтың кепілі», «Мемлекеттік тіл және отбасы», «Мемлекеттік тіл – отбасы құндылығы» атты байқаулар өзге ұлт өкілдерінің арасында өткізіледі.    

Отбасынан кейінгі баланың баратын тәрбие ошағы – балабақша. Бүлдіршіндердің тілді үйренуге қызығушылығын арттыру мақсатында «Бала шақтан болашаққа – мемлекеттік тілмен», «Қазақшаң қалай балақай?», «Біз қазақша сөйлейміз» атты тіл туралы аудандық іс-шаралар, байқаулар өткізіліп тұрады.


Тіл саясатының стратегиялық  бағыттарының бірі – орыс тілінің ұлтаралық тіл ретінде қолданысын сақтау. Осы мақсатта «Тіл-барлық білімнің кілті» атты қазақ жастары арасында орыс тілін білгірлерінің аудандық байқауы өткізілді. Орыс тілінің мәдени қызметін сақтау мақсатында ауданда іс-шаралар мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Тілдік дамудың білім беру саласында мемлекеттік тілді дамыту, жас жеткіншектердің тілге деген құрметін арттыру, өркениетті елдің ұрпағы ретінде өзге тілді де меңгеру деңгейін көтеру мақсатында аудан мектептерінде тілдер апталығы, байқаулар, дебаттар, сайыстар өткізіліп тұрады.
Тілдік саясатты жүзеге асыруда  ономастика жұмысын реттеудің маңызы зор. «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіндегі әкімшілік-аумақтық бірліктер мен геонимдердің атауларын біріздендіру, расталған мекенжайларды өзектілеу бойынша жұмыстарды жүргізу жалғасын табуда.
Аудандағы 51 елді мекен және 387 геоним атаулары ресми  құжаттармен бекітілді.
Қазіргі таңда аудандағы елді мекендердегі көшелері жоқ мекендерге көше атын беру және мектептердің атауын өзгерту бойынша жұмыстар жүргізілуде.  Атап айтсақ, қазіргі таңда Бестерек ауылындағы  М. Горький мектебінің атауын Ғадас Салықов деп, Привольное  мектебінің атауын Мұрат Қожанов  атауына өзгерту туралы құжаттар облыстық ономастикалық комиссиясының оң шешімін алып, республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданды.    
Сондай-ақ, Восточное ауылының «17 лет Октября» мектебіне  Ғайса Аязбаевтың атын беру, Қасым Қайсенов кентіндегі «Аленушка» бала бақшасын «Айжұлдыз» деп өзгерту бойынша және  Қасым Қайсенов кенті, Таврия ауылының көшелерінің атауын өзгерту бойынша  құжаттар дайындалуда.
Ауданда мемлекеттік тілді тегін оқыту курстары жұмыс істейді. Ересектердің мемлекеттік тілді меңгеруіне жағдай жасалуда. Ауданда мемлекеттік тілді үйрену бойынша ересектерге арналған 10 үйірме жұмыс атқарып, оған 255 адам қатысуда.
Жыл басынан бері аудандық, облыстық газет беттерінен аудандағы тіл мәселесі бойынша 18 мақала жарық көрді. Келешекте елді мекендердегі атауы жоқ көшелерге атау беру бойынша жұмыстарды толық аяқтау жоспарлануда.

 

Мәдениет және тілдерді дамыту


бөлімінің басшысы  Б. Шакеров

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет