Масс-спектрометрдің негізгі сипаттамалары. Массалар облысы – осы құралда тіркелетін бір зарядты иондардың массалық сандарының максималды және минималды мәндері. Массалар облысының төменгі шегі әдетте 1,2 немесе одан жоғары м.а.б. Қуаты төмен құралдардың жоғарғы шегі – 60-80 м.а.б. (қалдық газдарды талдағанда, медицинада); орташа қуатты құралдардікі – 400-500 м.а.б. (химиялық талдау, әр түрлі зерттеулер). Арнайы жағдайлар үшін жоғарғы шегі 2000 м.а.б.-не жететін масс-спектрометрлер жасалады.
Бөлу қабілеті R массалары жақын иондардың жеке тіркелу мүмкіндігін сипаттайды және R=m/m қатынасымен анықталады, мұндағы m – массасы m+m болатын ионнан бөлек тіркелетін ионның ең үлкен массасы. (m=1 жағдайында R – дің мәні саны жағынан m – ге тең болады және массасы m-1 ионнан бөлек тіркеледі). Идеалды масс-спектрлердің шыңдарының формасы тік бұрышты болады. Ал шынында, ион шоғырының әр түрлі бұзылуының әсерінен, сонымен қатар тіркейтін аспаптың инерциялығына байланысты масс-спектрлер тік, үшкір формалы болады, олар өзара табанының ені және шыңдар арасындағы ойықтар бойынша ерекшеленеді. Сондықтан да k деңгейіндегі шешу туралы айтады, мұндағы k – шешу қабілеті Rk есептелетін шыңның биіктігінің бөлігі (k шыңдар интенсивтілігінен процент түрінде бейнеленеді).
Масс-спектрометрдің сезімталдығы құралдың шуынан кемінде 2 есе үлкен пайдалы сигнал беретін зерттелетін заттың минималды мөлшерін сипаттайды. Сезімталдық үлгідегі заттың минималды салыстырмалы концентрациясымен (10-7%-ке дейін), оның минималды парциалды қысымымен (10-14 Па-ға дейін), немесе оның минималды абсолютті мөлшерімен (10-12 г-ға дейін) анықталуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |