Қаржылық жоспар — бұл қаржылық стратегия мен кәсіпорынның пайдалылығын, төлемқабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін қаржылық стратегияны жүзеге асыру тәсілдері сипатталатын, меншік иесі табыстарының артуы сипатталатын құжат.

Осылайша, қаржылық жоспарлау шаруашылық субъектінің қаржылық іс-әрекетін ұйымдастыруда маңызды орынға ие.
Қаржылық жоспарлау барысында әр кәсіпорын өзінің қаржылық жағдайын жанжақты бағалайды, қаржылық ресурстарды арттыру мүмкіндіктерін анықтап, оларды неғұрлым тиімді пайдалану бағыттарын айқындайды. Қаржылық жоспарлау бухгалтерлік, статистикалық және басқарушылық есептіліктен алынатын кәсіпорынның қаржылары туралы ақпаратты талдау негізінде жүзеге асырылады.
Жоспарлау саласында қаржылық қызмет бөлімі мынадай міндеттерді орындайды:
1. Барлық қажетті есептеулері бар қаржылық және несиелік жоспарлардың жобаларын өңдеу
2. Меншік айналым капиталына деген қажеттілікті анықтау
3. Шаруашылық іс-әрекетті қаржыландыру көздерін айқындау
4. Қажетті есептеулері бар күрделі салымдар жоспарын өңдеу
5. Кассалық жоспарларды өңдеу
6. Ақшалай көріністегі өнімді өткізудің жоспарларын құруға қатысу, жыл және тоқсандар бойынша баланстық пайданың жоспарлы сомасын анықтау, рентабельділік көрсеткішін есептеу.