2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі қаржылық жоспарлау және жоспарлау жүйесіндегі бюджеттендіру
Шаруашылық жүргізуші субъектілер іс-әрекетін жоспарлау меншік өндіріс пен кәсіпкерліктің, ресурстар мен тауарларды бөлу мен тұтынудың маңызды алғышарты болып табылады. Дамудың жаңа шарттарында Шаруашылық жүргізуші субъектілер өз іс-әрекетін дербес жоспарлау, нәтижелерін бағалау, жағымсыз жағдайларды болжау, мүмкін болатын тәуекелдерді талдау, оларды төмендету бойынша шараларды қарастыру мүмкіндігіне ие болды.
Жоспарлау – сандық және сапалық сипаттағы мақсатты шараларды өңдеу және қабылдау (не істеу керек), сондай-ақ оларға қол жеткізу бойынша тиімді шараларды анықтау (қалай жүзеге асыру) процесі.
Қаржылық жоспарлау материалды-қаржылық теңдікке қол жеткізе отырып, нақты мүмкіндіктері бар іс-әрекетті жүзеге асыру үшін көзделетін шығындарды өлшеуге, жұмыстың барлық экономикалық көрсеткіштерін байланыстыруға, фирмаішілік жоспарлаудың негізгі тарауларын байланыстыруға арналған. Ол қаржыландыру объектілерін таңдау, қаржылық қаражаттарды пайдалану бағыттарын таңдап, еңбек, материалдық және ақшалай ресурстардың тиімді пайдаланылуына ықпал ете отырып, кәсіпорын іс-әрекетінің барлық жақтарына әсер етеді