12-тарау. Салықтар және салық жүйесі


сызба. Пропорционалды және прогрессивті салық салу



бет7/7
Дата10.04.2022
өлшемі172,75 Kb.
#138702
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
салық

12.3 сызба. Пропорционалды және прогрессивті салық салу

Деңгейлес білікке 45° бұрышпен келтірілген АО түзуі ОД жалпы табыстың (салық төленгенге дейінгі табыстың) және қолдағы табыстың (салық төленгеннен кейінгі табыстың) теңдігін сипаттайды. ОВ түзуі үйлесімді салық кезіндегі қолдағы табыстың жалпы табысқа тәуелділігін сипаттайды. ОС түзуі прогрес­сивті салық кезіндегі бұл тәуелділікті көрсетеді.


Регрессивті салық мөлшерлемесі. Табыстың кемуіне қарай мөлшерлеменің төмендеуін қажетсінеді және табысы көп тұлғаларға тиімді болып келеді, ал табысы аз адамдардың иығына ауыртпалық түсіреді.
Рыноктық экономика жағдайларында мөлшерлемелер салық төлеушілердің төлем қабілеттілігі мен жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз ету ескеріле отырып пайдаланылады. Мөлшерлемелер заңнамалық жолмен белгіленеді және тиісті жылға арналған мемлекеттік бюджетті бекіту кезінде түзетілуі мүмкін
Салықпұл субъектінің бір объектіден төлейтін салық сомасы.
Салық режімі салықтарды және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі барлық салықтық міндеттемелерді есептеу кезінде салық төлеуші қолданатын салық заңнамасы нормаларының жиынтығы.
Салық жеңілдіктері – заңнамаға сәйкес төлеушілерді салықтан толық немесе ішінара босату. Салық жеңілдіктеріне мыналар жатады:
инвестициялық салық преференциялары – қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдалануға арналған өндірістік арналымының үймереттері мен ғимарат­тары, мәшинелер мен жабдықтар құнының шегерімдеріне жатқызу жөніндегі Қазақ­стан Республикасы заңи тұлғаларының құқығы. Инвестициялық салық преферен­циялары қарастырылған Преференциялар стандарттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы классификаторының D секциясы қарастырған қызмет түрлері бойынша беріледі;
салық салынбайтын ең төменгі мөлшер (минимум) – салық салудан толық босатылатын салық объектінің ең аз бөлігі;
табыстың есептелген сомасынан шегерілетін шегерімдер (асыраудағы жандарға, мүгедектерге – халықтан алынатын табыс салығы бойынша; күрделі қаржыларға, әлеуметтік объектілерді ұстауға, табиғат қорғау шараларына жұм­салатын шығындардың сомасынан – пайдаға салынатын салық бойынша
және т.б.);
салық салынатын табыстың құрамына кіріктірілмейтін сома (мысалы, босату кезіндегі ұйғарымды жәрдемақы, халықтан алынатын табыс салығы бойынша өтемақы төлемдерінің сомасы);
салық салудың жеке субъектілері мен төлеушілердің санаттары үшін салық мөлшерлемесін төмендету. Салық жеңілдіктеріне сонымен бірге төлеу мерзімін ұзарту және салық бойынша бересіні есептеп шығару да жатады. Жеңілдік кезеңі – салықтар бойынша заңмен белгіленген жеңілдіктердің іс-әрекет ететін уақыты.
Салық төлеушілер мен салық органдарының құқықтары мен міндеттіліктері билік пен басқару органдарының салық заңнамасымен реттеледі.
Салықтар мен басқа міндетті төлемдерді өндіріп алудың (төлетудің) дұрыстығына бақылау жасауды салық төлеушілердің орналасқан жері немесе олардың қызмет орны бойынша мемлекеттік салық службасы жүзеге асырады. Салық органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының міндеттері, құзыры, қызметінің тәртібі, салық төлеушілердің құқықтары мен мүдделерін бұзғаны үшін жауапкершілігі мемлекет заңнамасымен айқындалады.
Салық заңнамасын бұзған салық төлеушілерге олардың жасырған сомасын, төмендеткен табыстарын төлеттіріп алу, бұзу ауыртпалығына қарай үлестік немесе еселенген көлемде айыппұлдар, бюджетке төленетін төлемдер мерзімін өткізіп алғаны үшін өсімпұлдар түрінде санкциялар қолданылады.



1** Салық төлеушінің заңнамасына сәйкес мемлекет алдында туындаған міндеттемесі оның салықтық міндетте­месі деп танылады, оған сәйкес салық төлеуші салық органына тіркеу есебіне тұруға, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді сондай-ақ олар бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді есептеуге және төлеуге салық тіркелімдерін қоспағанда, салықтық нысандарды жасауға, оларды белгіленген мерзімде табыс етуге міндетті. Мемлекеттің салық службасы органы арқылы салық төлеушіден, салық агентінен оның салықтық міндеттемені толық көлемінде орындауын талап етуге, ол салықтық міндеттеме орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда салықтық кодексте көзделген тәртіппен оларды қамтамасыз ету жөніндегі амалдары және мәжбүрлі орындату шараларын қолдануға құқығы бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет