Еленова Ақмарал Киікбайқызы
№ 121 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қызылорда облысы,
Қармақшы ауданы
Жосалы кенті
Жалаң және жайылма сөйлемдер
(Қазақ тілі , 8-сынып)
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: балаға жалаң және жайылма сөйлем туралы түсінгік беру, жалаң сөйлем мен жайылма сөйлемнің ерекшеліктерін тануға, сөйлем мүшелеріне талдай білуге баулу.
Ә) Дамытушылық: жай сөйлем туралы түсініктерін кеңейту, оқушының ой өрісін дамыту, білімін қалыптастыру, еркін ойлауын дамыту.
Б) Тәрбиелік: таза, сауатты жазуға , өзін-өзі бағалай білуге, шапшаңдыққа, ана тілін қадірлей білуге баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар, тірек-сызба
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, тест, жаттықтыру, түсіндірмелі
Оқыту формасы: бірлескен ұжымдық іс-әрекет
Оқыту технологиясы: интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, сынып тазалығы, оқушы дайындығы, қатысымы текесеріледі.
Психологиялық дайындық «Жылы лебіз айту» оқушылар бір – бір жай сөйлемнен ықыластарын білдіреді.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
№76-жаттығу.
Жаттығуды оқыту
Тақтамен жұмыс
Тест үлгісі
Ереже сұрау
Баламалы тест
№
|
Сұрағы
|
Иә
|
Жоқ
|
1
|
Жақты сөйлем-баяндауышы сөйлемге ұйытқы болатын сөйлем.
|
|
+
|
2
|
Ол дос жүрегіне сенеді.Бұл-жақты сөйлем.
|
+
|
|
3
|
Жақсыз сөйлем- бастауышы бар сөйлем.
|
|
+
|
4
|
Оның тілі күрмеліп қалды. Бұл- жақсыз сөйлем.
|
+
|
|
5
|
Атау немесе барыс септік тұлғасында етістіктен соң керек, жөн, мүмкін деген бейтарап сөздерден тіркесіп келу арқылы жақты сөйлем жасалады.
|
|
+
|
6
|
-ып, -іп, -п жұрнақтары көсемшеден кейін бол деген көмекші етістіктің болымсыз тұлғада келуі арқылы жақсыз сөйлем жасалады.
|
+
|
|
7
|
Құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар идиомалар жақсыз сөйлем болады
|
+
|
|
8
|
Баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлемнің түрін жақты сөйлем дейміз
|
|
+
|
ІІІ. Жаңа білім беру.
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Тұрлаусыз мүшелердің қатысу , қатыспайына байланысты жай сөйлем екі топқа бөлінеді.
Жаңбыр сіркіреп тұр(жай сөйлем, хабарлы сөйлем, жақты, жалаң)
Ол келді. (жай сөйлем, хабарлы сөйлем, жақты, жалаң)
-Балалар қандай сөйлем мүшелері қатысқан?
- Тұрлаулы мүшелер: бастауыш, баяндауыш
-Жалаң сөйлем қалай жасалады?
- жалаң сөйлем дегеніміз не?
Оқушылар пікірінен кейін кітаптағы ереже салыстырылады.
Жауын сіркіреп жауып тұр. (жай сөйлем, хабарлы сөйлем, жақты, жайылма)
Ол ауылға келді. (жай сөйлем, хабарлы сөйлем, жақты, жалаң)
Балалар қандай сөйлем мүшелері қатысқан?(тұрлаулы, тұрлаусыз)
Жайылма сөйлем дегеніміз не?
Оқушылар түсіндірген ереже бойынша кітаптағы ереже салыстырылады.
ІV. Жаңа білімді пысықтау:
№ 78-жаттығу
Мәтінмен танысып, жайылма сөйлемдерді жалаң сөйлемдерге айналдыру.
Мысалы: Өсе келе Едіге де
Домбыраны үйренді.
Едіге үйренді (жай сөйлем,хабарлы,жақты, жалаң сөйлем).
№79 – жаттығу.
Берілген жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдыру.
Нұрмағанбет тілін алды.
Нұрмағанбет ағасының тілін алды . (жай сөйлем, хабарлы,жақты, жайылма сөйлем)
V. Білімді бекіту:
Синтаксистік талдау
Айтылу мақсатына қарай
Жай сөйлем
Жақты, жақсыз сөйлем
Жайылма , жалаң сөйлем
Қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу
Сөйлемнің тұрлаулы , тұрлаусыз мүшелері
Тест
1.Жай сөйлемнің ережесін тап
А) бір ойды білдіріп,бір интонациямен айтылады
Ә) 2 немесе одан да көп жай сөйлемнен құралады
Б) дыбыстардың жазудағы таңбасы
2.Жақты сөйлемді тап
А) Мен оған сеніп едім.
Ә) Оның көзіне түсуге болмайды.
Б) Онымен ашық сөйлесуің керек.
3. Жақсыз сөйлемді тап
А) Қазақ аулына барғанда, көмір бар ма, күміс бар ма деп сұрай бастасаң,
қауіптеніп бастарын шайқайды.
Ә) Абайдың ұғына түскісі келді.
Б) Ол дос жүрегіне сенеді.
4. Барыс септік жалғаулы тұйық етістіктен соң бол,тура ,кел деген
көмекші етістіктердің келуі арқылы...
А) жайылма сөйлем жасалады
Ә) жалаң сөйлем жасалады
Б) жақсыз сөйлем жасалады
5. Жай сөйлем тұрлаусыз мүшелердің қатысу – қатыспауына байланысты...
А) жақты , жақсыз деп бөлінеді
Б) жалаң , жайылма деп бөлінеді
В)толымды , толымсыз деп бөлінеді
6. Тұрлаусыз мүше қатыспаған жай сөйлем
А) жақты сөйлем
Ә) жайылма сөйлем
Б) жалаң сөйлем
7. Тұрлаусыз мүше қатысқан жай сөйлем
А) жайылма сөйлем
Ә) жақты сөйлем
Б) жақсыз сөйлем
8.Жиектегі ағаш бұтақтары теңіз толқынындай шайқалады. Жай сөйлемнің түрін анықта.
А) жалаң сөйлем
Ә) жақсыз сөйлем
Б) жайылма сөйлем
9. Найзағай жарқылдайды. Сөйлем түрлерін анықта.
А) сұраулы, құрмалас, жақсыз сөйлем
Ә) жай, хабарлы, жайылма сөйлем
Б) жай, хабарлы, жалаң сөйлем
10. Бөгенбай – қазақ халқының атақты батыры. Сөйлем түрлеріне ажырат
А) жай, хабарлы, жақты, жайылма сөйлем
Ә) хабарлы , құрмалас, жақты, жалаң сөйлем
Б) хабарлы, жай, жақсыз, жайылма сөйлем
VІІ Бағалау:
10-9 дұрыс жауапқа “ 5”
8-7 дұрыс жауапқа “4”
6-4 дұрыс жауапқа “3”
3-1 дұрыс жауапқа “2”
VІ Үйге тапсырма:
№ 77- жаттығу
Сызықшаның қойылу себебін анықтау. Жалаң сөйлемді бір бағанға, жайылма сөйлемді бір бағанаға бөліп жазу.
Жалаң сөйлем: Едіге өсті,ер жетті.
Жайылма сөйлем: “Ер Едіге”, “Би Едіге”
Көр боп туды не шара?!
Достарыңызбен бөлісу: |