Альберт Абрахам Майкельсон



бет1/3
Дата08.02.2022
өлшемі24,84 Kb.
#123375
  1   2   3
Байланысты:
Энштейннің салыстырмалы теориясы 10 апта Турғынбай Аружан
Деңгейлеп саралап оқыту АТ, Деңгейлеп саралап оқыту АТ, Лекциялар жинағы, синергетика Коперниктің жаңа дүниетанымы қолмен жазбаша түрде, Документ (3), 2 Физика 9-сынып. Динамика. Салмақсыздық пен Асқын салмақ

Альберт Абрахам Майкельсон және оның әйгілі тәжірибесі. - Генрих Антон Лоренц. - Альберт Эйнштейн. - Эйнштейннің негізгі еңбектері. - Салыстырмалылық теориясы және Герман Минковский.
Альберт Абрахам Майкельсон (19 желтоқсан, 1852 жыл, Стрельно, Пруссия – 9 мамыр 1931 жыл, Пасадена, Калифорния штаты, АҚШ) - тегі прусско, америка физигі. [1].
У. Морли Эдвардпен бірге қойылған Майкельсон Морли тәжірибесінің бірден-бір авторы екені белгілі. Бұл тәжірибе жарықтың жылдамдығы фундаменталды физикалық тұрғыдан тұрақты болып келетінін дәлелдеді. Мұнда жетілген интерферометрді қолданды. Майкельсон Бетельгейзе жұлдызының диаметрін өлшеді, бұл жұлдыздардың көлемін нақты анықтаған алғашқы жұмыс болды.1907 жылы Майкельсон Нобель сыйлығын иеленген алғашқы американдық зерттеуші болды.Максвелл дүниеден өтер алдында жердің эфирге қатысты айналуын тәжірибеде анықтау мүмкіндігін астроном Тоддқа арнаған хатында жазып кеткен болатын. Ол үшін керек құралдың сезгіштігі 10/8 болуы керек. Мұндай сезгіштік Максвеллдің ойынша мүмкін емес болды. Максвеллдің хаты 1880 жылы “Nature” ол қайтыс болған соң жарияланды. 1881 жылы американдық жас ғалым Альберт Майкельсон осындай сезгіштікті қабылдайтын құралмен тәжірибе жүргізді. Осылайша Майкельсон тәжірибесі пайда болды. Осында Майкельсон Фуко маятнигінің айналу әдісі арқылы жарық жылдамдығын тәжірибеде алғаш рет өлшей бастады. 1879 жылы “Жарық жылдамдығын тәжірибеде анықтау” статьясы басылып шықты. Америкалық ғылымды жетілдіру Ассоциациясының президенті Ньюком Майкельсонның шеберлігіне тәнті болып,ұлттық ассоцияциядан тәжірибені жалғастыруға қаржы бөлуін сұрады. Ол қаржы бөлініп, екеуі тәжірибені жалғастырды. Алайда Майкельсон өзінің физикадан білімін жетілдіру мақсатында Еуропаға кетуді жөн көрді. Еуропаға кетпес бұрын оны Кейс жоғарғы мектебінің физикадан профессор етіп тағайындаған болатын. Мектеп Майкельсонға демалыс беріп, сол аралықта ол алғаш рет интерферометр моделін Берлинде тұрғызып, кейін Гельмгольц лабараториясында сынақтан өткізді. Алайда ол қаланың шуы құралдың сезгіштігін зерттеуге кесірін тигізіп, Майкельсон құралын Подсдамға алып кетті. Ол өзінің еңбегін 1881 жылы “жерге қатысты қозғалыс” статьясында жариялады. Америкаға оралған соң профессорлық қызметін бастады. Осы жерде ол көрші университетің химиядан профессоры Эдвард Морлимен біріге отырып тәжірибесін жалғастырды. Физоның нәтижесін өте жоғарғы дәлдікпен тәжірибеде 1851 жылы көрсетті. Осы тәжірибеден кейін Майкельсон Чикагодағы университетке ауысты, 1894 жылы осында Райерсонов физикалық лабороториясы ашылды. Өмірінің соңына дейін ол сонда жұмыс жасады. Майкельсон 1931 жылы 9 мамырда қайтыс болды. Өлерінің алдында ол бірнеше ай алдын Пасадендегі конференцияда Энштейнмен кездескен болатын.
“Жердің қозғалуының жарықтың пайда болуына әсері ” статьясында Г.А. Лоренц Майкельсонның тәжірибесін жариялады. 1887 жылы француз тілінде басылып шықты. Осы статьядан соң Лоренц өзінің ортаның қозғалысының электродинамикағы және оптикадағы жұмыс жүйесін бастады. Ол Майкельсон мен Морли жасаған тәжірибенің қателігін анықтады. Бұл сол уақытқа дейін, тек 1890 жылы Герц тәжірибесінен басқа қалыптасып қалған теориялардың дұрыс еместігін дәлелдеді.
1895 жылы Лоренцтің “қозғалыстағы дененің оптикалық және электрлік тәжірибе теориясы” атты үлкен көлемдегі еңбегі шықты. Осылайша Лоренц электрондық теорияның негізін қалады.
Генрих Антон Лоренц 1853 жылы 18 шілдеде голландық Арнхем деген шағын қалада дүниеге келген. Ол Лейден университетінде оқып, докторлық дәрежесін 1875 жылы алды. Сол жерде теориялық физиканың профессоры болды.
1900 жылы атақты француз математигі және астрономы Анри Пуанкаре Парижде өткен конференцияда Лоренц салыстырмалылық теориясына немқұрайлылығы үшін тіл тигізді, себебі Лоренц еңбегінде салыстырмалылық теория туралы ешқандай мәлімет жоқ болатын.
Лоренц, Лармор, Пуаркере өздерінің теорияларын эфир концепциясына сүйене отырып, тек классикалық электродинамика бағытында қарастырды. Ал салыстырмалылық теориның негізін салушы Энштейн.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет