126жм назарқұл Еркебұлан



бет13/84
Дата02.11.2022
өлшемі0,5 Mb.
#156163
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   84
Байланысты:
Гистология сессия жауап 2021 — копия
Тоқсандық жиынтық бағалау 4 сынып, Контрольная работа по казахскому языку 9- класс, Сабақ жоспары Дәрумендер және олардың маңызы , практикалық сабақ 9
химиялық құрамы. 100%
Қосындылар- жасушаның цитоплазмасында әрқашан да кездесе бермейтін
тұрақсыз тамшы, кристалдар және гранулдар түрінде болатын құрылымдар.
Олардың жасушада қандай мөлшерде және қай түрі кездесуі сол жасушаның метаболизміне тікелей қатысты боп келеді. Олардың жалпы 4 түрін ажыратады.
а) трофикалық-бұл сөздің өзі нәрленіс, қорек деген мағына береді. Бұған белоктар, майлар, көмірсулар, витаминдер жатады.
Белокты қосындылары қалыпты жағдайда көбінесе жұмыртқа жасу-
шаларында сары уыз түрінде кездеседі. Көмірсулар түйіршіктер түріндегі гликоген, бауыр жасушаларында кездеседі. Сол секілді май тамшылары да бауыр жасушаларында жинақталатынын білеміз. Қосындылар жасушада қоректік зат жетіспей қалға жағдайда дереу ыдырап, энергия көзіне айналады. Соған сай егер организм ұзақ мезгіл аш болатын болса, цитоплазмасындағы қосындылары да соншалықты аз дегенді білдіреді.
б) Пигменттік қосындылар - цитоплазманың табиғи бояғыштары.
Кез-келеген тіннің түсі жасушаларында кездесетін пигмент түрі мен мөлшеріне тікелей қатысты. Организмнің белгілі бір мүшесінің қалыпты түсін патогендік түсінен ажырату клиникалық диагностикада өте маңызды болып табылады. Пигменттердің өзі экзогендік және эндогендік деп жіктеледі.
Экзогендік пигменттер ағзада түзілмейді сырттан әр түрлі жолдармен келіп, цитоплазмада орнығуынан пайда болады. Оларға жемістер мен көкөністерді бояйтын каротинді жатқызсақ болады.
Эндогендік пигменттер жасуша ішінде түссіз заттардан синтезделеді,
мысалы қанды қызылға бояйтын гемоглобин. Макрофагтар цитоплазмасында ыдырауының әрбір кезеңінде гемоглобин алтын-қоңыр түсті гемосидерин, сары-қоңыр түсті билирубин, жасыл түсті биливердин пигменттеріне айналып отырады. Эндогендік пигменттерге тері, шаш, көз жасушаларында синтезделетін қоңыр-қара түсті меланин, жүрек бұлшық етінде, нервте, бауыр жасушаларында кездесетін қартаю пишменті липофусцин жатады.
в) Секреторлы қосындылар-вакуолалар мен гранулалар түрінде кездесетін
көбінесе бездердің секреторлы жасушаларында болатын химиялық құрамы
әртүрлі көпіршіктер.
г) Экскреторлы қосындыларға, ағзадан бөлініп шығатын жасушалардағы
метоболизмдік уытты өнімдер: бүйректің нефрон түтікшелері арқылы бөлінетін аммиак, несеп қышқылдары т. б. жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет