126жм назарқұл Еркебұлан


Аксонема- 9 жұп миркотүтіктен тұрады. Кірпікше



бет11/84
Дата02.11.2022
өлшемі0,5 Mb.
#156163
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   84
Байланысты:
Гистология сессия жауап 2021 — копия

Аксонема- 9 жұп миркотүтіктен тұрады.
Кірпікше- плазмолемманың өсіндісі.
Ширақша- сперматозоидта болатын плазмолемманың өсіндісі.

7.Жасушаралық қатынастардың жалпы сипаттамасы . Жіктелуі . Жасуша аралық байланстар (контактілер): қарапайым байланыс , кілт түріндегі байланыс , тығыс байланыс , десмосомалық байланыс , саңылау арқылы байланыс (нексустар), синапстық байланыстар (синапсы) Уникальность:100%


Жасуша плазмалеммасының құрамындағы арнайы адгезиялық гликопротеиндердің (кадгериндер , интегриндер) көрші жасушалар бетінің немесе қоршаған жасушаралық заттың сәйкес құрамдастырмен өзара әрекеттесуі арқылы бір-бірін танып , байланысуын қарапайым жасушаарлық байланыстар дейді .Бұл байланыстар кезінде жасуша плазмалеммалары 15-20 нм аралықта байланысып жасушалар арасында мамандандырылған жалғай немесе контактілер қалыптасады .
Тығыз контакті –өзара апастомоздар құрып , көрші жасушалардың плазмалаеммаларын байланыстыратын арнайы трансмембраналық ақуыз немесе белоктардың белдеме тәрізді тізбегі .Бұл контактіде жасушалар плазмелеммасы тұтас біріккендіктен , олардың арасында заттар өте алмайды .
Белдемелік десмосомалар арқылы байланыс контакті –жасушаның апикальді немесе үстіңгі бөлігінің белдеу құрау арқылы қапсыра қамтитын жалғау .Байланысқан плазмалеммалардың арасында адгезиялық трансмембраналық гликопротеиндермен толтырылған .Плазмалеммалардың цитоплазмалық беттерінде актин-байланыстырушы а-актинин ,винкулин ақуыздарынан тұратын электронтығыз табақшалары бар .Осы табақшаларға цитоскелеттің актин микрофиламенттерінің байланысу арқылы көрші жасушаларды бекітеді , жасушаның цитоскелетін қалыптастырып тұрақтандырады және де морфогенездік қимылдарға қатысады .
Десмосомалар-эпителий жасушаларынының бір-бірімен механикалық түрде байланыстыратын контактілер .Ол байланыс контактісі екі жасушалардың плазмалеммалардың цитоплазмалық беттері жанасқан кезде диск тәрізді цитоплазмалық табақшалар құрап , жасушаралық кеңістікте трансмембраналық адгезиялық белоктар арқылы өзара байланыстырады.Ол байланыс контактінің негізгі қызметтері :.Жасушаларды бір-бірімен бекітіп , тіндердің біртұтастығын және аралық филаменттер арқылы цитоплазманың серпімділігін қамтамасыз етеді .
Саңылаулы контакті немесе нексус арқылы жасушалардың арасын химиялық сигналдардың өткізу арқылы иондық және де метаболизмдік ұштасуын қамтамасыз ететін байланыстардың бірі .Саңылаулы контакт конексин деп аталатын ақуыздардан құралған трансмембраналық каналдар коннексондардан тұрады.Осы байланыстар арқылы жасуша плазмалеммаларының өзара әрекеттесуі арқылы тіндер мен мүшелер қалыптастыруын сонымен қатар олардың жасушалардың құрылымдық қызметтік қалыптасында мембраналық байланыстың рөлі маңызды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет