ИММИГРАЦИЯ - Деламинацияның 9-шы тәулігінде басталады.
Үшінші аптасыда ұрықтық дискіде белсенді жүреді.
Қалыптасады:
Біріншілік жолақ;
3 ұрық жапырақшасы;
Хорда;
Нерв түтікшесі.
14 тәулікте:
Ұрықтық дисктің алдыңғы және бүйірінде орналасқан эпибаст жасушасы көбейіп,сыймайұрықтың бүйір жағына барып миграцияланады.
Эпибласттың ұзын,қалың аймағы біріншілік жолақты құрайды. Осы жолақтан 3ұрық жапырақшасы дамиды. Осы жолақтың кеңейген бөлігі- біріншілік түйіншекпен аяқталады. Ортасында пайда болған ойыс- біріншілік шұңқыр деп аталады. Ал инвагинация нәтижесінде пайда болған ойыс жері- біріншілік жүлге деп аталады.
Біріншілік жолақтың алдыңғы жасушалары миграцияланып,оның астындағы гипобласт жасушасын ығыстырып, ұрықтық энтодерманы қалыптастырады.
Эпибласт жасушалары ұрықтан тыс энтодерманың сыртынан орналасып, ұрықтан тыс мезодермаға айналады.
Ұрықтан тыс мезодерманың ортасында Хорда пайда болады
Эпибласттан көшпей қалған жасушаларынан Ұрықтық эктодерма пайда болады. Осы 3 ұрық жапырақшасынан Гистогенез, Органогенез дамиды.
30. Ұрықтан тыс ағзалар. Хорион (сірлі), амнион (сулы) қабықтары, саруыз қабығы, аллантоис. Құрылысы мен функциялық қасиеті. Плацентенің қалыптасуыны хорионның маңызы. 100%
Ұрықтан тыс ағзалар-ұрықтың дұрыс қалыптасып-жетілуіне көмектеседі. Олар ұрықтың сыртын қоршап тұрады.
1. Хорион- ұрықты қоршайтын және плацентаның нәрестелік бөлігін құрайтын ең сыртқы ұрықтан тыс қабық. Хорион трофобласттан және ұрықтан тыс мезодермадан құралған.
Қызметі: қорғаныс,трофикалық,тыныс алу,зат алмасуға қатысады.
Үш түрі бар:
Біріншілік- жатыр қабырғасының кілегейлі қабығын бұзады.
Екіншілік- ұрықтың үшінші апталық дамуы барысында қалыптасады. Бүрлі және тегіс бөліктері бар.
Үшіншілік- екіншілік хорионға нәресте кіндік жібі арқылы қантамырлары өткенде осылай аталады.
Хорионның плацентаның қалыптасуында маңызы ол жүктілік кездің қалыпты бірлігі болып саналады. Хорионсыз ұрық бір қалыпта дамымайды және де дамуын тоқтатады. Ұрықтанған соң бір немесе бір жарым аптадан кейін қабық пайда болып, плацента қалыптасып болғанға дейiн жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |