Электрондық микроскоп арқылы зерттегенде сарколемманың сыртында базальді мембрана анық көрінеді.Сарколеммасы мен базальді мембрана арасындағы тар кеңістікте сарколазмада миосателлитоцит жасушалары орналасқан.Қаңқа бұлшық ет талшығы нағыз симпласт емес, ал жасушалық-симпласттық комплекс болып табылады. Әрбір бұлшық ет талшығы сыртынан эндомизиймен қоршалған.Бұл - коллагенді және ретикулинді талшықтармен базальді мембранаға қоса өрілген борпылдақ талшықты дәнекер тіннің жұқа қабатшасы. Эндомизийде тамырлар мен нервтер өтеді.
75. Миофибриллалардың құрылысы. Олардың құрылымдық-функциональдық бірлігі (саркомер). Бұлшықеттің жиырылу механизмі. Бұлшықет талшықтарының түрлері және иннервациясы. Миосателлиоциттер. Бұлшықет тіндерінің регенерациясы. Бұлшықет ағза ретінде. Сіңірмен байланысы.
Уникальность-100%
Миофибриллалар- бұлшықет талшығының 1 ұшынан 2 ұшына дейін өтетін, жіңішке цилиндр пішінді талшықтар. Бір бұлшықет талшығында олардың саны 1-2 мыңға дейін кездеседі. Электронды микроскоп арқылы көргенде миофибрилдердің көлденеңінен сызылымы ашық және күңгірт жоларқтардың алмасуы түрде көрінеді. Күңгүрт түсті жолақтар жарықты 2 есе сындыра алады, сол себепті де оларды анизатропты А-дискілер дейді. Ал ашық түсті жолақтардың жарықты сындыруы қабілеті болмайды,оларды изотропты I-дискілер дейді.Ашық дискілер құрамы тек жіңішке миофиламенттерден тұратын дискінің орталық бөлімінде 2 жартыға бөлетін Z-сызық немесе оны телофрагма деп атауға болады,өтеді.
Миофибриллалардың әрбірі- жүйелі түрде қайталанатын жиырылғыш бірлік- Саркомерлерден тұрады Саркомер - бұл үш түрлі талшық жүйесінен тұратын бірнеше ақуыздар кешені болып табылатын жолақты бұлшықеттердің негізгі жиырылу бірлігі. Миофибриллалар саркомерлерден тұрады.
Саркомер- екі іргелес Z сызықтары арасындағы миофибрилланың бөлімі, бұлшықет тінінің және оның басқа компоненттерінің құрылымдық және функционалды бірлігі . Актин жіпшелері әр z-сызыққа бекітіледі, ал миозин фибриллалары саркомердің орталық бөлігінде орналасқан. 1954 жылы ұсынылған Хакслидің сырғанау теориясына сәйкес бұлшықет жиырылуы миозин жіптерінің арасында актин жіптерінің енуіне байланысты болды.
Достарыңызбен бөлісу: |