126жм назарқұл Еркебұлан


Интерфаза кезіндегі ядроның жалпы құрылысы: хроматин, ядрошық



бет15/84
Дата02.11.2022
өлшемі0,5 Mb.
#156163
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   84
Байланысты:
Гистология сессия жауап 2021 — копия

12.Интерфаза кезіндегі ядроның жалпы құрылысы: хроматин, ядрошық,
ядролық қабықша, кариоплазма (нуклеоплазма). Физико- химиялық
қасиеті, химиялық құрамы. Хроматин туралы ұғым. Химиялық құрамы
және құрылысы. фибрилланың, перихроматинді фибрилланың, перихроматинді және интерхроматинді түіршіктің құрылымдық химиялық сипаттамасы. 100%
Хроматин - ядроның ең маңызды құрамдас бөлігі, себебі, ол тұқым
қуалаушылық ДНҚ молекуласы мен оны жинақтап, конденсациялайтын гис-
тондық және гистондық емес ақуыздардың кешенінен тұрады. Яғни, ол - жасушаның генетикалық материалы. Хроматиннің осылай аталу себебі - құрамындағы ДНҚ молекуласының негіздік бояулармен жақсы боялуы.
Интерфазалық жасушаның ядросында хроматиннің екі түрі - эухроматин және гетерохроматині бар. Эухроматин - хроматиннің деконденсацияланған яғни тығыз емес аймақтары. Хроматиннің бұл бөліктері жарық микроскобы арқылы зерттегенде ашық түсті болып көрінеді, ал, қызметі жағынан генетикалық активті болады, себебі, олар транскрипция және редупликация өтуіне қолайлы.
Эухроматині көп, бірақ, гетерохроматині аз жасушаларда, мысалы гепатоциттерде, гендердің белсенді, демек, жасушадағы ақуыз синтезі де жоғары. Хроматиннің бұл түрлерінің арақатынасы керісінше болса метаболизм деңгейі, демек, жасуша қызметтері де бәсеңдегені.
Гетерохроматин- хроматиннің конденсацияланған яғни тығыздалған аймақтары. Сондықтан, ол транскрипция өтуіне қолайсыз, яғни генетикалық активті емес бөлігі.

Ядрошық - интерфазалық эукариотты жасушаның ядросында орналасқан шар пішінді, негіздік бояулармен жақсы боялатын, диаметрі 1-3 мкм тығыз денеше. Ядрошықтың өлшемі жасуша қызметінің белсенділігімен арақатынаста болады. Ірі ядрошықтар, әсіресе эмбриондық, ақуыз синтезі белсенді өтіп жатқан және қатерлі ісіктердің тез өсуші жасушаларына тән.


Ядрошықтың сыртқы пішіні және саны жасуша циклінің фазаларына сәйкес
өзгеріледі: митоздың профазасында өлшемі кішірейіп, соңында ол, тіпті,
жойылып кетеді, ал, телофазасында - қайтадан қалыптасады. Бұл мәлімет ядрошықтың дербес құрылым емес не органелла еместігін көрсетеді. Ядрошықтың хромасомдардың туындысы екенін анықталған болатын. Ядрошықтың атқаратын қызметтері: 1)рРНҚ синтездеу; 2) рибосомдардың суббірліктерін құрастыру. Тұжырымдап айтсақ, ядрошық – рибосомдарды жасайтын орталық.

Ядролық қабықша- қосмембраналы жүйе. Нуклеоплазма мен цитоплазманың ортасында перинуклеарлы кеңістігі болады. Ядролық қабықтың мембраналары ішкі және сыртқы ортамен жеке жеке алмасуға қолайлы құрылым болып табылады. Ішкі мембранасы интегралдық ақуыздар арқылы ламинаға бекінеді, сыртқы мембранасы ЭПТ-дың мембраналық жұйесімен бірігеді.


Ядролық қабық цитоплазма мен ядро арасында молекулалардың еркін тасымалдануына кедергі жасайды. Сондықтан оның құрамында арнайы тесіктер- ядролық поралар қалыптасқан.Олардың саны жасушаның тіршілік әрекетінің белсенділігіне тәуелді өзгеріп тұрады. Пішіні дөңгелек тесіктi, ядролық қабықта сақина тәрізді орналасқан.

Нуклеоплазма - хроматин және ядрошық орналасқан ядроның қоймалжың жүйесі. Ол сұйық бөліктен, ядролық матрикстен және әртүрлі қоспалардан тұрады. Нуклеоплазманың сұйық бөлігі - суда еритін көптеген бейорганикалық және органикалық заттардың гиалоплазмаға ұқсас жүйесі. Нуклеоплазманың қоспаларына рибонуклеопротеидтің гранулды, жіпше және спиральді түрлері, көмірсулар және ақуыздардан тұратын ядролық түйіршіктер жатады. Ядролық матрикс - гистондық емес ақуыздардан құрылған интерфазалық ядро ішіндегі үш өлшемді құрылым. Ол ламинадан және ядроны ішінен шырмайтын фибрилді тордан тұрады.


Сонымен, ядролық матрикс бірнеше маңызды қызметтер атқарады: 1) ядро пішінін қалыптастырып, сүйемелдеу; 2) өзіне бекіту арқылы хроматиннің ядро кеңістігінде ретті жайғасауын анықтау; 3) хроматиннің белсенділігін реттеу;
Перихроматин мен интерхроматин фибриллалары кариоплазма матриксында кездеседі және хроматинніңжанында ( перихроматин) немесе шашыраңқы (интерхроматин) орналасқан. Бұл фибриллалар қиғаш немесе бойлық кесектерге түсетін әлсіз конденсацияланған рибонуклеин қышқылдары деп саналады.
Перихроматин түйіршіктері-мөлшері 30-50 нм, жоғары электронды тығыздығы бар бөлшектер. Олар гетерохроматиннің шетінде орналасқан және ДНҚ мен ақуыздардан тұрады; бұл тығыз оралған нуклеосомалары бар жергілікті аймақ.
Интерхроматин түйіршіктері жоғары электронды тығыздыққа ие, диаметрі 20-25 нм және рибонуклеин қышқылдары мен ферменттердің жинақталуын білдіреді. Бұл ядролық қабыққа тасымалданатын рибосомалардың қосалқы бөліктері болуы мүмкін.

13. Хроматин белсенділігінің метоболитнкалық реттелуі және құрылымындағы ақуыздың негізгі және қышқылдығының рөлі. Нуклеосома туралы ұғым. Деконденсацияланған және конденсацияланған хроматин туралы ұғым (эухроматин, гетереохроматин. хромосома).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет