Ұрықтану - бұл аталық пен аналықтардың бірігу процесі хромосомалардың диплоидты жиынтығы бар жасуша пайда болатын жыныс жасушалары - зигота - бір жасуша сатысында жаңа организм. Ұрықтану жүз миллион сперматозоидтар әйелдің қынапына енген кезде жүреді. Ұрықтану жатыр түтігінде кеңейген бөлімде жүреді. Ұрықтанудың үш кезеңі бар.
-гаметалардың дистанттық әрекеттесуі
- контакттылық әрекеттесі
-Сингамия
Дистанттық әрекеттесу кезінде екі проесс өтеді. Ол капацитация (ағ – қабілеттілік) және дистаннттық әрекеттесу ( лат -аралық). Капацитация кезінде спермий акросомасаның алдындағы плазмоллемасынан гликопротеиндер , протеиндер алынып , гликозилтрансфера жалаңаштанады да , нәтижесінде сперматозоид ооциттың рецепторымен әрекеттесіп, акросомалық реакция өтеді. Жеті сағат бойы өтеді.
Ал дистанттық әрекеттесу де , химиялық қоздырға қарай бағытталған жасуша қимылы жатады. Хемотаксис құбылысы. Ол химиялық зат гиногамон ол жатыр түтігінің жоғарғы бөлігінде орналасқандықтан , спермийлер жоғары қарай орын ауыстырады. Нәтижесінде аналық пен аталық жатыр түтігінің жоғарғы бөлігінде жақындасады.
Контактты әрекеттесу кезінде ооцитке жеткен 200-400 ге жуық сперматозоидтар оны қоршап, қабығымен әрекеттеседі. Ұрықтандыру үшін сәулелі тәж, мөлдір зона, ооцит плазмоллемасы сперматозоид осы үш кедергіден өтеді.Олар сәулелі тәждің бос орналасқан фолликулдық жасушалары арасынан оңай өтіп, мөлдір зонаға жетеді. Спермийлердің капацитация кезінде жалаңаштанған рецепторлары ооциттың мөлдір зонасының рецепторларымен байланысады. Нәтижесінде, сперматозоидтың басында экзоцитоздың түрі – акросмомалық реакция басталады. Соның арқасында акросомадағы ферменттер сыртқа шығып, ооцитты қоршаған фолликулдық жасушаларды және мөлдір зонаны еріте бастайды. Одан кейінгі өзгерістер нәтижесінде, акросоманың ішкі мембранасы ооцит плазмоллемасымен қосылып, спермий ооплазмаға енеді.
Ұрықтанудың үшінші сатысы кезінде спермий ооцитке енгеннен кейін, бірнеше секунд ішінде ооцитте кортикальді реакция өтеді: астында орналасқан кортикальді гранулалардың мембраналары плазмалеммамен тұтасып, ішіндегі заттарын жасуша сыртына шығарады. Нәтижесінде, плазмалеммамен мөлдір қабық арасында перивителлиндік кеңістік ұлғаяды. Мөлдір қабықта зоналық реакция басталады, яғни ол қалыңдап, қатаяды. Осылай қалыптасқан ұрықтану қабығы ооцитты полиспермиядан қорғайды. Осы сатылардан өткеннен кейін, соңында бір жасушалы ұрық – зигота пайда болады. Екі пронуклеус бірігіп, синкарион құрайды. Алайда олардың хромосомалары тек 1-ші бөліну метафазасы кезінде бірігеді, жалпы ата-аналық жұлдызды құрайды.
Эмбриондық кезеңде бірнеше маңызды кезеңдер бар:
имплантация (жұмыртқа сперматозоидтармен ұрықтанған сәттен бастап, ұрықтанған жұмыртқа жатыр қабырғасының шырышты қабығына енгенге дейін);
имплантация (ұрықтанған жұмыртқаны жатырдың қабырғасына бекіту);
органогенез және плацентация (ұрықтың барлық мүшелері мен ұлпаларының, сондай-ақ плацентаның қалыптасу кезеңі);
ұрық - қалыптасқан мүшелер мен ұлпалардың өсу және даму кезеңі.
Эмбриогенез процесінде келесі негізгі кезеңдерді ажыратуға болады:
1 Ұрықтану.
2 Бөлшектену (7-8 күн).
3 Гаструляция (7-8-ден 15 күнге дейін).
4 Гистогенез, органогенез, системогенез.
Ұрықтану бірінші сатысында аналық жыныс жасушаларында,ұрықтану мүмкіндік тудыратын екі құбылыс өтеді,олар: 1-капитация; 2-дистанттық әрекеттесу;