126жм назарқұл Еркебұлан


Лимфа. Лимфоплазма және формалық элементтер. Қанмен байланысы



бет49/84
Дата02.11.2022
өлшемі0,5 Mb.
#156163
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   84
Байланысты:
Гистология сессия жауап 2021 — копия

48. Лимфа. Лимфоплазма және формалық элементтер. Қанмен байланысы
Уникальность 100.00%
Лимфа – тек лимфа тамырлары мен лимфа түйіндерінде болатын, сәл сарғыштау түсті сұйық тін. Ол бітеу басталатын лимфалық капиллярлардың қуысына тіндік сұйықтықтың фильтрациясы арқылы пайда болады. Лимфа осы капиллярлардың лимфа тамырларына түсіп, лимфа түйіндері арқылы ағып өтеді. Мұнда ол осында белсендірілген, яғни иммундық реакциялар атқаруға қабілетті лимфоциттерге антиденелерге қанығып, сонан соң ірі лимфа тамырлары арқылы қанға құйылады. Организмде лимфаның көлемі 1-2 л.
Негізгі функциялары:

  1. Гомеостаздық – жасушаларды тікелей қоршайтын тіндік сұйықтықтың тұрақтылығын сүйемелдеу;

  2. Метаболизмдік – ақуыздарды, ферменттерді, минералдық заттарды, суды және биологиялық активті заттарды тасымалдау арқылы заттар алмасуына қатысу;

  3. Трофикалық – асқорыту жолынан қоректік заттарды қанға өткізу;

  4. Қорғаныш – антиденелер, антигендер, лимфоциттер, макрофагтар және антиген ұсынатын жасушаларды тасымалдау арқылы иммундық реакцияларға қатысу.

Құрамы. Сұйық бөлігі – лифоплазмадан және формалық элементтерден тұрады. Лимфоплазма құрамы бойынша қан плазмасына жақын, бірақ ақуыздары аздау. Ақуыздардың ішінде мөлшері басымдар – альбумин, иммуноглобулин, фибриноген, протромбин және басқа да ұю факторлары. Сондықтан лимфа ұюға қабілетті.
Лимфаның формалық элементтерінің концентрациясы л/2-20*10^9; олардың 90 % - лимфоциттер, 5 % - моноциттер, 2% - эозинофилдер, 1% - нейтрофилдер, 2% - басқалары. Лимфа активтелген лимфоциттерге лимфа тамырлары лимфопоэздік перифериялық мүшелер арқылы өту кезінде байытылады (қанығады).
Қанмен байланысы. Лимфа тіндер мен мүшелердің лимфалық қылтамырларында жинақталады, ол жерге ол әр түрлі факторлардың, мысалы осмостық және гидростатикалық қысымнын әсерінен, лимфоплазманың түрлі компоненттері тіндерден үнемі түсіп тұрады. Қылтамырлардан лимфа шеткері лимфа тамырларына ауысады, олармен лимфа түйіндеріне, одан кейін ірі лимфа тамырларына келеді және қанға құйылады. Лимфаның құрамы ұдайы өзгеріп отырады. Лимфаның шеткері (лимфа түйіндеріне дейін), аралық (лимфа түйіндерінен өткеннен кейін) және орталық (кеуделік және оң лимфа өзектерінің лимфасы) түрлерін ажыратады. Лимфа түзеу үдерісі қаннан судың және басқа заттардың каннан жасуша аралық кеңістіктерге түсуінен және тіндік сұйықтықтың пайда болуымен тығыз байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет