Уникальность: 100.00% Арнайы қасиетті дәнекер тіндер ішкі орта тіндері жүйесіне жатады. Олар талшықты дәнекер тіндермен бірге шын дәнекер тіндерді құрайды. Дәнекер тіннің осы тобына: ретикулярлы, май, кілегейлі және пигментті тіндер жатады. Осы тіндердің ортақ белгісі ол – жасушалық құрамдарының біркелкі болуы, яғни жасушалардың белгілі бір түрінің басымырақ болуы. Ретикулярлы тіннің құрылысына келетін болсақ. Ретикулярлы тін тор тәріздес болып келді. Ол ретикулярлық жасушалардан және олар синтездейтін ретикулярлық талшықтардан тұрады. Ретикулярлық жасушалар деп – ұзартылған өсінділерімен өзара байланысып, торды құрайтын ірі жасушалр. Өсінділер түйіскен тұста, ретикулярлық жасушалар арасында электрлік және химиялық байлныстарды жүзеге асыратын саңылаулы қосылыстар – нексустары бар. Ретикулоциттің ядросы ірі және онда эухроматин басым болғандықтан ашық түсті боялады, ішіндегі ядрошығы жақсы дамыған. Цитоплазмасы нәзік оксифилді боялған, құрамында орташа дамыған синтездік аппараты, гликоген гранулдары және жақсы дамыған цитоскелеті бар. Реткулярлық жасушаның мұндай құрылысы ретикулярлық талшықтардын құрылымдық элементі 3-типті коллагеннің және де гемопоэзді реттейтін бір қатар заттардың (мысалы; гранулоциттердің, макрофактардың колонияларын ынталандыратын факторлар) синтезін қамтамасыз етеді. Ретикулярлы тіннің жасуларына тағы да макрофагтар және антигенұсынатын жасушалар жатады. Бір бірімен шырмалған жіне ретикулоциттердің ішіне қарай шамалы енген ретикулярлы талшықтар көлемі шамамен 0,5-2 мкм болады да тор құрайды. Олар күміс тұздармен импрегнациялау арқылы анықтайды, сондықтанда оларды аргирофилді талшықтар деп те қосымша атайды.
Функциялары: 1) тіректік – қанның гемопоэздік жасушалары үшін механикалық қанқа яғни ұяларды құру болып табылады; 2) трофикалық – гемопоэздік жасушаларға қоректік заттарды тасымалдау; 3) қанның дамушы жасушаларының пролиферациясы мен дифференциялануын реттейтін биологиялық белсенді заттарды синтездеп жіне секрециялап, микроортасын құру; 4) фагоцитарлық – қан түзуші тіндерді микроорганизмдерден, даму кезінде бұзылған немесе өлген жасушалардан тазарту; 5) барьерлік – гемокапиллярлар қуысына тек пісіп жетілген формалық элементтерді миграциялануын яғни өтуін, ауысуын қадағалау;