126жм назарқұл Еркебұлан


Май тіні. Түрлері, құрылысы және маңызы



бет63/84
Дата02.11.2022
өлшемі0,5 Mb.
#156163
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   84
Байланысты:
Гистология сессия жауап 2021 — копия

62. Май тіні. Түрлері, құрылысы және маңызы
Уникальность: 100.00%
Дәнекер тіндердің бұл түрі борпылдақ талшықты дәнекер тіннің жасушалық элементтерінің бірі – май жасушалары – адипоциттерден тұрады. Бірақ та организмнің кейбір жерлерінде мысалы: қарын тесігінің астында немесе жауырын арасында, іш майда және т.б. май жасушалары борпылдақ талшықты дәнекер тінді қалқалармен қоршаланып тіреленген бөлшектермен бірігіп, жиынтықтарды құрайды. Олардын арасында нерв талшықтары мен қан тамырлары өтеді және толық жасушалар орналасқан болады. Нәтижесінде бірыңғай яғни бір жасуша типінен – адипоциттерден н/е липоциттерден тұратын май тіні қалыптасады. Эмбриогенезде май тіні аз дифференцияланған фибробласттарға айналған мезенхималық жасушалардан дамиды. Май тіні қалыпты жағдайда ер адамдар салмағының 15-20% және әйелдер салмағының 20-25% құрайды. Май тінінің жалпы арнайы функциясы – липидтерді жинақтау және олардын алмасуын қамтамасыз ету.
Май жасушаларының 2 түрлері болады осыған сәйкесінше май тінінің де 2 түрі болады, оларды ақ және қоңыр деп ажыратамыз.
Ақ май тіні ересек адамның барлық дерлік май тінін құрайды. кейде ол қатты ақ түсті болмайды, құрамында каротин болғандықтан сары түсті болуы мүмкін. Ақ май тіні шар тәрізді адипоцит жасушаларынан тұрады, көлемі шамамен 25-50 мкм-ден 150-250 мкм дейін болады. Жасушаның ортасында орналасқан бір ірі май тамшысы жасушаны керіп, цитоплазмасын перифериялыө бөлігіне қарай ағыстырады. Нәтижесінде, ядро орналасқан маңында ғана қалыңдайтын цитоплазма басқа бөлігінде май тамшысын жіңішке шеңбер түрде қоршап тұрады. Адипоциттің ядросы жалпақ, ішінде орташа конденсацияланган хроматині бар. Электронды микроскоппен зерттеген кезде, цитоплазмасының ядро жағындағы аймағында грЭПт мен жақсы дамыған агрЭПТ, шамалы бос рибосомдар, таяқ тәрізді митохондриялары, кішкетай Гольджи комплексі анықталған. Адипоцит плазмолеммасының бетінде липидтердің алмасуын реттейтін нейромедиаторлар мен гормондардығ рецепторлары бар.
Қоңыр май тіні – организмді суыққа бейімдейтін маманданған тіні, өйткені ондағы ұсақ тамшылы адипоцит дейтін басты жасушаның құрылысы мен тіршілік әрекеттері жылу өндіруді қамтамасыздайды. Сол себепті, қоңыр май тіні құрсақ ішінде және жаңа туған нәрестелерге, сондай ақ қысқы ұйқыға кететін жануарларға тән, бұл тін олардың тіршілігін сақатап қалуына қажет. Ересек адамдарда бұл май тіні аз мөлшерде көкіректе, аорта бойында және жауырын арасындағы тері астында, қолтық асты шұңқырда, мойынның артқы жағында орналасқан. Қоңыр май тіні цитоплазмасында көптеген ұсақ бытыраңқы май тамшылары бар адипоциттерден тұрады. Пішіні полигоналды және мөлшері ақ май тінінен кішірек диаметрі 60 мкм ден аспайды. Ядросы дөңгелек, жасушаның ортасында н/е эксцентрикалық орналасады. Цитоплазмасындағы май тамшыларының арасында жеке әрі бос рибосомдар, нашар дамыған грЭПТ, Гольджи комплексі бар. Бір тамшылы адипоциттермен салыстырғанда, қоңыр май тінінің адипоциттерінде митохондриялары көп болады. Бұл митохондрияларға қоңыр май тінінің термогенез функциясын қамтамасыз ететін құрылымдық және функциялық ерекшеліктеріне тән. Осыдан басқа, қоңыр май тінінде тотығу жіне фосфорландыру процестерін ажырататын ерекше термогенин ақуызы анықталған. Бұл да термогенезге себеп болады. Тотығу процестерінің жылдамдығы қоңыр май тінінде, ақмай тініне қарағанда 20 есе жоғары. Бұл боялған цитохром құрамдастары бар тотықтырғыш ферменттерінің митохондрияларда мөлшері көп болуына бойланысты болады. Жәнеде қоңыр май тінінің қоңыр-қызғылт түсті болуы осы ферменттердің болуына байланысты.
63. Пигментті тін. Құрылысының ерекшелігі және маңызы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет