I типті миобласттардың дамуы симпласттарды қалыптастасуына ықпал етеді.Цитоплазмасы нәзік базофильді,пролиферативтік белсенділігі жоғары жасушалар тобы.
II типті миобласт-симпласттарға бірікпейді,жалғыз түрде миосателитоциттер жасушаларына айналады.Пішіні созылмалы, аз диффенцияланған жасушалар.
Жоғарыда айтылған 2 жасушалардың қалыптасып дамуы бірге өтеді.Дамуының нәтижесінде жасушалық-симпласттық жүйе-қаңқа бұлшықет талшығы қалыптасады.
Миосимпласттық кезеңі-миобласттар тізбек түрінде орналасады, миосимпласттар түзеді.Миосимпласттардың қалыңдауы-жиырылғыш аппараттардың есебінен жүреді. Миобластар миосателиоциттерге де бөлінеді.
Бұлшықет түтікшелер кезеңі- симпласттардың ұзаруы мен цилиндрлік құрылымдар-миотубтардың қалыптасуымен сипатталады. Миотубтардың орталық бөлігінің ұзына бойы ядролар қатарласып орналасады.Саркоплазмасыныңң шеткі бөлігінде орналасатын арнайы жиырылғыш органеллардың – яғни миофибрилдердің мөлшері артады.
Жетілген бұлшықет талшығының кезеңімиофибриллалардың көлемі артады, олар ядроларды шеткі бөліктерге орын ауысады, тегіс ЭПТ дамиды, митохондрия мөлшері артады, Гольджи кешені азаяды,саркомплазмалық тордың қалыптасуымен аяқталады.
Жарық микроскобымен ашып көргендеұшы сүйірлеу аяқталған, бұлшықет талшықтарының пішіні көрінеді,созылыңқылау келген көлденеңінен салынған цилиндрге ұқсайды.Сонымен қатар бойлық және көлденеңінен кесінділерде негізгі бөлігін алып жатқан көптеген ядролы симпласт байқауға болады. Миосимпласттың саркоплазмасының цитоплазманың перифериясында – сарколемма қабығының астынғы жағында - көптеген сопақ ядролар орналасады. Саркоплазмасының ортағы бөлімінде - миофибрилдер орналасқан.
Талшықтың сарколазмасында қайталанатын сызылымдар байқалады: 1.анық көлденеңді сызылымдар - ретті алмасып орналаскан күңгірт түсті, қалың (А-дискілер).Ашық түсті,жіңішке (l-дискілер) жолақтар түрінде.Бұлар миофибрилдердің ерекше ұйымдасуының нәтижесінде пайда болады 2) айқын емес ұзына бойлы сызылымдар - талшық білігі бойында миофибрилдердің өзара параллельді орналасуының көрінісі.