13 Апта: Қазақстан – замануи әлем мойындаған ел. Дәрістің жоспары


Екінші. Біз басқаруды орталықсыздандыруды сауатты жүргізуіміз керек



бет63/92
Дата22.04.2022
өлшемі95,99 Kb.
#140488
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   92
Байланысты:
13 апта лек. ҚАЗАҚСТАН - ЗАМАНАУИ ӘЛЕМ МОЙЫНДАҒАН ЕЛ.

Екінші. Біз басқаруды орталықсыздандыруды сауатты жүргізуіміз керек.
Орталықсыздандыру идеясының мәні – шешім қабылдау үшін құқықтар мен қажетті ресурстарды орталықтан өңірлік билік органдарына беру.
Біз 2013 жылы жауапкершілік пен өкілеттіктерді орталық пен өңірлер арасында бөлу жөнінде нақты шаралар қабылдауымыз қажет.
Жергілікті жерлердегі билік органдарының өкілеттіктері қаржылық және кадрлық ресурстармен нығайтылатын болады.
Қоғам және азаматтар мемлекеттік шешімдер қабылдау процесі мен олардың жүзеге асырылуына тікелей қатыстырылуы қажет. Жергілікті басқару органдары арқылы халыққа жергілікті маңызы бар мәселелерді өз бетімен және жауапкершілікпен шешуіне нақты мүмкіндік беру керек.
Мен Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекіттім. Ол ауылдық, селолық деңгейде басқару сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды және азаматтардың жергілікті маңызы бар мәселелерге қатысуын кеңейтеді.
Біз селолық әкімдерге қосымша өкілеттіктер береміз және олардың ауылдағы ахуалға ықпалын күшейтеміз
Бірақ, сонымен бірге, бізге қоғамдық бақылауды, жергілікті жерлердегі ахуалға азаматтардың ықпалын күшейту керек. Сондықтан мен мәслихат арқылы ауыл әкімдерінің сайланбалылығын енгізу туралы шешім қабылдадым. Сайлауды біз 2013 жылдың өзінде-ақ бастаймыз.
Барлығы 2533 әкім, соның ішінде селолық округтердің, кенттердің және аудандық маңызы бар 50 қаланың әкімі сайланатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет