13 дәріс. Жекеленген мүшелердің эволюциясы. Онтогенез эволюциясы. Антропогенез. Онтогенез



бет2/3
Дата18.12.2022
өлшемі18,99 Kb.
#163191
1   2   3
Байланысты:
13 лекция (1)

Онтогенез – филогенез негізі. Филогенез - өзара генетикалық байланыстағы онтогенездер ағынының тарихи дамуы. Филогенез онтогенездегі жекелеген даралардың өзгеруінсіз мәнсіз болады Жекелеген даралардың онтогенезі барысындағы тұрақты өзгерістен тұрады (филэмбриогенез деп атау қабылданған). Филэмбриогенез – онтогенез барысындағы эволюциялық өзгерістер. Онтогенез – тек қана филогенез нәтижесі емес, оның қажетті сілтемесі. Эволюциялық ілімді түсіндіру үшін онто – және филогенез қатынасының негізгі зерттелген дәлелдемелері беріледі.
Онтогенездегі эволюциялық өзгерістер дамудың ерте, орта және кеш сатыларында жүруі мүмкін. Олардың ішінен өзгеріс типі архалаксис (гр. – басы, өзгеріс) девиация (ерте- латыншадан - ауытқу) және анаболия (гр. – көтерілу) бөлінеді.
Анаболия – дамудың кеш сатысындағы түртүзілудің эволюциялық өзгерісі.
Мұндай өзгерулер онтогенезде кеңінен таралып, қандай да бір мүше немесе құрылымның дамуының ұзаруына алып барады. Әрбір жаңа анаболиямен дамудың бұрынғы соңғы сатысы онтогенез тереңіне қарай қозғалады. Мысалы, омырқалылар қаңқасының құрылысындағы өзгеріс (мүшелер) бұлшықеттер жіктелуімен қантамырларының таралуындағы өзгерістер дамудың кеш сатысындағы қойылмалармен байланысты. Сонда, теңіз қоразындағы (Trigla) көкірек жүзбе қанаттары алғашында дамып, содан соң алдыңғы үш сәуле өсіп, саусақ тәрізді қосымшалар секілді қылтиып – анаболия жүзеге асады.
Анаболия өсімдіктерде де кездеседі. Мысалы, көптеген өсімдіктердің тұқымдарындағы қанаттектес өсінділер анаболиямен түзілген деп ұйғарылады. Саңырауқұлақтардың жемісті денесі споралардың ұтымды таралуы үшін даму қоймасы ретінде көрініс береді.
Анаболия онтогенездің соңғы сатысындағы жаңа эволюциялық жіктеулердің туындауына алып келеді.
Девиация – мүшелердің дамып, қалыптасуының орта сатысындағы эволюциялық ауытқу. Девиация мысалы ретінде акулалар мен бауырмен жорғалаушыдағы қабыршықтардың дамуын алуға болады. Екеуіндегі қабыршықтардың кірігуі эпидермистің төменгі қабатының тығыздалу орны мен оның астына байланыстырғыш ұлпалардың жинақталуымен басталады.
Архаллаксис – түртүзілу әрекетінің бастапқы сатысындағы эволюциялық өзгеріс. Бұл кезде мүше дамуындағы түбірлік қайта құрылу, басынан бастап ұрпақтар дамуындағы ауытқулар байқалады. Мысалы, жыландардағы омырқалар санының артуы, кейбір балық түрлеріндегі жүзбе сәулелері мен тісті киттердегі тістер санының ұлғаюы – дамудың бастапқы сатысындағы белгілер санының өзгерісінің нәттижесі. Өсімдіктерде архилаксис жолымен, мысалы, қосжақтаулы ұрықтың біржақтаулыға айналуы жүреді. Осы себеп бойынша олар эмбриондық өзгерістердің басқа әдістеріне қарағанда, филогенезде сирек кезедеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет