Күні:12.02.2020
Пәні:Математика
Тақырыбы: Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту
|
№1(Ұ.Ж) Есептеуді түсіндіре отырып шығар (Есепті баған түрінде орында)
а)23•3=69 44•2=88 12•3=36 12•4=48
ә)32•3=96 21•3=63 31•3=93 24•2=48
Ұжымдық жұмысты үлкен белсенділікпен орындады.Сыныптастарына қарағанда біршама жылдамдықпен жұмыс жасай отырып тапсырманы орындады нәтижесінде ұпайды да басқа оқушыларға қарағанда көп жинады.
№2(Т.Ж) Есепті шығар
2 топ
Астанаға дейін жету үшін автобуспен баруға 13 сағат, ал пойызбен баруға одан 2 есе артық уақыт жұмсалды.Оқушылар жолға барлығы қанша уақыт жұмсады?
Топтық жұмысты 2 топ бірінші болып аяқтады.Себебі оқушылар топтық жұмыс жасауға бейімделген.Және Нұрбек оқушылардың жұмысын тиімді ұйымдастырып отырды.
№3(Ж.Ж)
Көбейткіш
|
24
|
33
|
21
|
Көбейткіш
|
2
|
3
|
4
|
Көбейтіндінің мәні
|
48
|
99
|
84
|
Бұл жұмыстың негізгі мақсаты үлгермеуші оқушылардың сабаққа ынтасын арттыру болып табылады.Нұрбек өз жұбымен тапсырманы алғашқы бес жұппен бірге аяқтады.Нәтижесінде нұрбектің жұбының да сабаққа деген ынтаасының артқандығын байқадым
№4Қалыптастырушы бағалау парағы
Тақырыбы: Екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту
Оқушыныңаты-жөні:__________________________________
12•3= 19•3= 13•5=
33•2= 23•4= 18•4=
2. Теңдеуді шеш.
х ⋅ 2 = 28 + 12 ⋅ 3
69 : х = 9 ⋅ 9 – 78
Дескриптор:
*Екі таңбалы сан мен бір таңбалы санды жазбаша көбейтеді;
*Теңдеуді шешуде жазбаша көбейтеді
Қ.Б Жұлдызша
Жұмыстың соңғы түрі өзіндік жұмысқа арналды.Бұл жұмысты орындауға 5 минут уақыт берілді.Нұрбек жұмысты алғашқы орындаған оқушылардың бірі болды.Және тапсырманы үздік орындап шықты.
|
Бұл тапсырма бойынша бұрын көбейтуді орындауда көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып орындайтын.Яғни екі таңбалы санды разрядтық қосылғыштарға бөліп, бөліп тұраған көбейту қызметін қолданып, қосуға сәйкес, есептейтін еді.Ал бұл есепті тақырыпқа сәйкес баған түрінде есептеп орындауды үйренді.
Мәтін есеп.Оқушылардың логикасын және мәтіннен түйін сөздерді таба отырып есепті шығаруға үйретеді.Бұл есепті орындай отырып, оқушыда уақыт және есе артық деген сияқты ұғымдар қалыптасты
Тапсырманың бұл түрінде оқушыда көбейтудің элементтері туралы ой қалыптасты.(яғни көбейткіш,көбейткіш,көбейтіндінің мәні)Және математикалық тілде сөйлей алатын болды.
Қалыптастырушы бағалау баланың сабақ соңында осы өтілген тақырыпты қаншалықты меңгергендігін білу мақсатында алынады.Қалыптастырушы бағалауда екі түрлі тапсырма берілді.Оның алғашқысы көбейтуді баған түрінде орындауға берілді.Нұрбек баған түрінде есепті еш қатесіз орындады.Және екінші тапсырма теңдеуді шешу.Яғни бұл тапсырманы оқушы теңдеуді дұрыс шешу үшін екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту білігін пайдалана отырып орындайды.
|
Жылдамдыққа,уақытпен жұмыс жасай алу және баған түрінде есептей алу біліктілігі қалыптасты
Топтып жұмыс жасай алу дағдысы мен есепті ойлана отырып шығару білігі қалыптасты.
Тапсырманың бұл түрін орындауда оқушы жұппен жасай отырып талқыға салу, ой елегінен өткізу жылдам жұмыс жасай алу білігі қалыптасты
Оқушыда эстетикалық талаптарға сай жұмыс жасау білігі қалыптасты.Яғни ол есепті орындауда төр көзге цифрларды дұрыс көркем жазуа талпынды.Сонымен қатар көбейтуді баған түрінде орындауда бірліктің астына бірлікті,ондықтық астына ондықты,жүздіктің астына жүздікті жазу керек екендігін түсінді
|
\
Баған түрінде есепті шығару барысында бірліктің астына бірлікті,ондықтың астына ондықты жазу қажет.
|