Математика пәні бойынша күнтізбелік жоспар
Түсінік хат
«Математика» пәнінің негізгі мақсаты – білім алушылардың логикалық ойлауын дамыту арқылы математикалық білім негіздерін қалыптастыру. Бастауыш білім беру деңгейінде математикалық білім берудің негізгі мақсатына сәйкес оқу пәнінің келесі міндеттері іске асырылады: 1) логикалық ойлауды, кеңістіктік елестетуді және математикалық терминдерді пайдалану біліктілігін дамыту; 2) оқу және тәжірибелік проблемаларды шешу, арифметикалық алгоритмдерді пайдалану, геометриялық салулар мен математикалық зерттеулер жүргізу қабілеттерін дамыту; 3) сыни тұрғыдан ойлауды, шығармашылық қабілеттерді дамыту; 4) өзінің математикалық білімі мен біліктерін басқа пәндерді меңгеруде, сонымен қатар күнделікті өмірде қалай пайдалану керектігін түсіну; 5) тұлғалық қасиеттер: білуге құштарлық, мақсаттылық, жауапкершілік, сенімділік және тәуелсіздікті дамыту; 6) түсінудің, түсіндірудің, талдаудың, синтездің, жүйелеудің, қолданудың және суреттеудің когнитивтік дағдыларын дамыту; 7) коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларды, топпен жұмыс істеу және өз көзқарасын білдіру, басқа адамдардың пікірін құрметтеу, көшбасшылық қасиеттерді көрсету, өз жұмысын жазбаша және ауызша түрде таныстыру дағдыларын дамыту; 8) ақпаратты іздестіру және таңдау, өз уақытын басқару, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға негізделген.
«Математика» пәнін оқытуда мұғалім төмендегі жұмыс түрлерін ұйымдастырады: 1) оқушыларға негізгі ақпараттық технологияларды пайдалануды үйрету; 2) ақпаратты іздестіру және оны таңдауға байланысты өздігінен жұмыс істеу дағдысын дамыту; 3) математиканың түрлі бөлімдерін оқу кезінде презентациялар құру үшін керекті компьютерлік бағдарламаны қолдану, математикалық тапсырмаларды орындау барысында фото/видео әзірлеу (геометриялық фигураларды жасау); 4) өздігінен жоспар мен графиктер құру.
«Математика» пәнін оқытуда оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту көзделеді. Математиканы оқыту үдерісінде білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға ықпал ететін жұмыс түрлері: тапсырмаларды орындау үшін нұсқаулықтарды, алгоритмдерді құру; математикалық есептерді ауызша және жазбаша шешу тәсілдерін сипаттау және түсіндіру; тапсырманы орындау барысына талдау жасау (ауызша және жазбаша).
Оқу жылының ұзартылуына байланысты қосымша сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдалану ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |