13 орта мектебі жанындағы интернатымен 10 «Ә» сынып ата-аналар жиналысының хаттамасы



Дата07.11.2022
өлшемі15,66 Kb.
#156827
түріСабақ
Байланысты:
Хаттама


13 орта мектебі жанындағы интернатымен
10 «Ә» сынып ата-аналар жиналысының хаттамасы

01.11.2022 Барлығы: 16
Қатысқандар: 9
Қаралған мәселелер:

  1. І тоқсан қорытындысы

  2. Оқушылардың тәртібі мен сабаққа қатысуы туралы

  3. PISA халықаралық зерттеуі туралы

Бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі Дюсембинова С.А І тоқсан қорытындысына тоқталып өтті. Жалпы 10 Ә сыныбында 16 оқушының ішінде 2 оқу озаты, 6 оқу екпіндісі бар екендігін айтып өтті. Сынып бойынша білім сапасы - 50%. Бұл тоқсанда бір оқушы оқу екпінділері қатарына қосылды, сонымен қатар әліде оқу үлгерімін көтерілуге мүмкіншілігі бар оқушылардың ата-аналарына ескерту жасалып, келесі тоқсанда оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында үйден қадағалануы сұралды және пән мұғалімдері осы оқушылармен қосымша жұмыс жүргізілсін деген ұсыныс айтылды.
Екінші мәселе бойынша Дюсембинова С.А оқушылардың тәртібі мен сабаққа қатысуы туралы тоқталып өтті. І тоқсанда сабақтан үнемі қалатын оқушылар сыныпта бар екендігі туралы айтылды, оқушылар тек науқастанған жағдайда ғана себеппен сабақтан қалады, сонын өзінде ата-аналар тарапынан оқушыларды күнделікті сабаққа уақытылы жіберіп, сабақтан қалмауы сұралды.
Үшінші мәселе бойынша Дюсембинова С.А PISA халықаралық зерттеуіне туралы тоқталып өтті. Оқушылардың дағдыларын бағалауға және сыни ойлауын, өз білімін жаңа мәнмәтіндерде іскерлікпен қолдана алуын түсініп талдауға көмектесетін бағдарлама екендігін айтып өтті. PISA халықаралық зерттеуіне 14-15 жас аралығындағы оқушылар қатысатындықтан, сыныптағы 16 оқушының 8-і PISA халықаралық зерттеуіне ілініп отыр. Аталған 8 оқушының ата-аналарымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қосымша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқандығы, сол дайындық жұмыстарынан оқушылардың қалмауы туралы ата-аналарға ескертілді.
Қаулысы:

  1. І тоқсан қорытындысы бойынша үлгерімі төмендеп кеткен оқушылардың сабақтары ата-аналардың және пән мұғалімдердің тарапынан қадағаланып, үнемі назарда болсын.

  2. ІІ тоқсанда оқушылардың тәртібіне аса зор көңіл бөлініп, сабақтан қалмауы қадағалансын.

Сынып жетекшісі: Дюсембинова С.А

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет