13 ТАҚЫРЫП. БИЗНЕС-ЖОСПАР
1.Кәсіпорында жоспарлаудың жіктелімі.
2.Бизнес-жоспарды құру әдісі және тәртібі.
3.Бизнес-жоспардың негізгі бӛлімдерінің мазмұны және сипаттамасы.
1.Кәсіпорында жоспарлаудың жіктелімі.
Кәсіпорынның тиімді қызмет етуі жақын және алыс болашақты алдын-
ала дұрыс болжап білу дәрежесіне байланысты болады. Нарықтық экономика
жағдайында кәсіпорынның нәтижелі қызмет етуі кәсіпорынның даму
жоспарын, ӛндірістік бағдарламаны, әлеуметтік-экономикалық даму
болжамдарын жасау арқылы ғана мүмкін болмақ.
Ӛндірістік бағдарлама мен даму жоспарын жасау барысында
маркетингті пайдалану және жоспарлау әдістемесін
жетілдіру маңызды
болып табылады. Жоспарлау әдістемесі дегеніміз - жоспар жасаудың әдістері
мен тәсілдері.
Жоспарлау әдістемесін жетілдірудің негізгі бағыттары: жоспарлаудың
ғылыми-техникалық және есептік-техникалық негізделуін жоғарылату;
техника-экономикалық нормалар мен нормативтер жүйесін кеңінен қолдану;
кӛрсеткіштер жүйесін одан әрі жақсарту.
Кәсіпорынның даму жоспары техника-экономикалық нормалар мен
нормативтер жүйесі негізінде жасалады. Норма дегеніміз - ӛнім
бірлігін
ӛндіруге арналған шикізат, материал, отын, энергия шығындарының
максималды мүмкін мӛлшері. Норматив –
еңбек қаруының, еңбек затының
пайдаланылу деңгейін, олардың аудан, кӛлем, салмақ бірлігіне шығындарын
сипаттайтын салыстырмалы кӛрсеткіш.
Нормалар мен нормативтеді жасау кезінде ғылым мен техниканың,
технологияның, ӛндірісті және еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы
деңгейін, кәсіпорынның ӛндірістік қуатын
толық қолдануды және озат
ӛнеркәсіптік тәжірибені есепке алу қажет.
Техника-экономикалық нормалар мен нормативтер мына топтар
бойынша жасалады:
- нақты еңбек шығындары;
- материалдық шығындар нормасы;
- еңбек құрал-жабдықтарын қолдану нормативтері;
- ӛндіріс процесін ұйымдастыру нормативтері;
-
іске қосылатын кәсіпорын, ӛндірістер, цехтар мен агрегаттардың
жобада берілген ӛндірістік қуатын игеру нормасы.
Жоспарлар мына кӛрсеткіштерді қолдану арқылы жасалады:
- сандық;
- сапалық;
- кӛлемдік;
- үлестік.
Сандық кӛрсеткіштерге жалпы ӛнім мен тауарлық ӛнім кӛлемі; сату
кӛлемі; жұмысшылардың саны; еңбекақы қоры; пайда кӛлемі; ӛндірістік
шығындармӛлшері жатады.
Сапалық кӛрсеткіштерге ӛндірістің
экономикалық тиімділігі, еңбек
ӛнімділігінің ӛсуі, қор сыйымдылығы, ӛнім сапасы жатады.
Сандық және сапалық кӛрсеткіштер әрдайым ӛзара байланысты
болады.
Кӛлемдік кӛрсеткіштерге ӛндірістің жалпы кӛлемі, жеке процестер мен
факторлардың кӛлемі жатады.
Үлестік
кӛрсеткіштерге
бір-бірімен
байланысты
бірнеше
кӛрсеткіштердің арақатынасы жатады, мысалы ӛнім бірлігіне
кеткен металл
шығыны.
Жоспарлы кӛрсеткіштерді есептеуде натуралды, еңбек және құндық
ӛлшемдер қолданылады.
Натуралдық ӛлшемдер ӛндіріс кӛлемін, материалдық ресурстарды
жоспарлағанда қолданылады. Олар сандық және сапалық кӛрсеткіштерді
қамтиды.
Еңбек ӛлшемдері еңбек ӛнімділігін есептегенде, жалақының мӛлшерін,
ӛнім нормасын есептегенде қолданылады.
Әдетте норма-сағатпен
белгіленеді.
Құндық ӛлшемдер кӛрсеткіштердің құнын кӛрсетеді. Құндық ӛлшем
арқылы ӛнімді сату кӛлемі, тауарлық және жалпы ӛнім кӛлемі жоспарланады.