Жаңа топ құру Топтарға бөлу. Асық арқылы бөлу Сыныптағы бала санына қарай 3 түрлі асық шашылады, әр оқушы өзіне ұнаған түсті алады түстер бір-бірін тауып, бір топ құрайды
1-топ: «Алтын асықтар» 2-топ: «Күміс асықтар» 3-топ: «Қола асықтар» Жұмыс ережесін келісу
Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда) (Т) «Пікіріңді айт» айдары бойынша топқа «Сен үшін өмірде
не қымбат?» деген сұрақ жазылған қағаз беріледі.
Әр оқушы өз ойын топқа айтып, жауабын қағазға жазып қояды.
Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Мағынаны тану кезеңі.
(Ұ) «Түсініп оқы» айдары «Аялдамамен оқу» әдісі бойынша жүзеге асады. «Ақдауыл хан» мәтіні оқылып, оқу барысында
аялдамалар жасау арқылы мәтінді бөлімдерге бөлуге әзірлік
жүргізіледі. (Мұғалім өзі оқыса да немесе оқушыларға оқытуына
да болады. «Оңай, қиын сұрақтар» қою арқылы мәтін мазмұнына
талдау жасатады).
(Т) «Болжа» айдары «Болжау» әдісі арқылы жүргізіледі. Оқушыларға төмендегі сұрақтарды талдау ұсынылады:
1. Оқиға өте ертеректе болғанын қалай болжауға болады?
2. Ақдауыл хан Тозғантауға барғанда жағдайы қалай өзгеруі
мүмкін?
3. Тақырыпқа қарап мәтіннің соңын қалай болжар едің?