130 бұйрық 7-қосымшасына сай Қмж келесі бетте



бет17/36
Дата21.11.2023
өлшемі2,16 Mb.
#192640
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36
Байланысты:
11 сынып (3)

Сабақтың ортасы
Жаңа сабақ
30 мин

Мұғалім сабақты бірден зерттеу әдістеріне қатысты тапсырмаларды орындау арқылы сандық және салыстырмалы әдістерін ажыратуды ұсынады. Тапсырмаларды орындау алдында нұсқау береді.
Тапсырмалар жеке орындалады.
Мұғалім қиындық туғызған тапсырмаларды орындау барысында көмекті қажет еткен оқушыларға кеңес беріп, қолдау көрсетеді.

Тақтадан дайын жауап үлгісі көрсетіледі.


Мұғалім оқушылардың зерттеу әдістерін ажыратуы мақсатында сұрақтар қояды.
Тақырыпқа шығу.
Мұғалім жаңа сабақты оқушыларға бастау үшін зерттеу әдістерінің түрлеріне байланысты терминдермен таныстырады. (нысан, зерттеу, әдістер,құралдар,дерек көздер,график, диаграмма,профиль).

  • Бұл терминдерді қайда қолданамыз?

  • Қандай мағана береді?

  • Бүгінгі өтетін тақырыбымызға қатысы барма?

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды.
. Мақсат қою
Оқушыларға бүгінгі сабақтың мақсатын анықтау үшін сұрақтар қойылады.

  • Зерттеу әдістері дегеніміз не?

  • Зерттеу әдістерінің қандай түрлерін білесіңдер?

  • Зерттеу нәтижелерін қандай үлгіде көрсете аламыз?

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, оқу мақсатын анықтайды.
Жұппен жұмыс:
1.Тапсырма.Төмендегі статистикалық мәліметтерді пайдаланып Қазақстан халқының ұлттық құрамының пайыздық ара қатынасын салыстыра отырып,диаграмма тұрғызыңыздар.
Қазақстан халқының ұлттық құрамы.
Республикада қазақтардан басқа 131 ұлыстың өкілдері тұрады. 2013 жылы өткізілген халық санағының қорытындысы бойынша халықтың этноқұрамы келесідей болды: қазақтар - 65,2%, орыстар - 21,8%, өзбектер - 3%, украиндар - 1,8%, ұйғырлар - 1,4%, татарлар - 1,2% , немістер - 1,1%, корейлер - 0,6%, түріктер - 0,6% .

Тапсырма орындалып болғасын жұптар орындаған жұмыстарын қарсы жұптармен алмастырып бағалайды




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет