Географиялық ақпараттық жүйелер немесе геоақпараттық жүйелер – бұл кеңістік және онымен байланысты кеңістік емес (атрибутивті) мәліметтерді жинау, сақтау, өңдеу, талдау, ұсыну және олардың негізінде географиялық кеңістік туралы жаңа ақпаратты және білімді алуға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе.
ГАЖ-дың негізгі функцияларының бірі тек қана облыстағы өзгерістерді тіркеп отыру ғана есес, сондай өзгерістерге алып келетін тенденцияларды анықтауда жатады. Ғимараттар мен коммуникациялардың жағдайларын есепке алу ГАЖ-ды жобалау кезеңінде өзгерістер мен даму жағдайларын құрайтын ценарийді теруге мүмкіндік тудырады. Осындай мәліметтерге сүйене отырып, болашақта апатты аймақтарды анықтауға, авариялардың болу тәуелділігін анықтауға болады.
ГАЖ-дың функциональды мүмкіндіктері – географиялық ақпараттық жүйелер мен сәйкес келетін бағдарламалардың жиынтығы. Ол:
- импорт арқылы сандық қайнар көздер көмегімен мәліметтер енгізу;
- мәліметтердің пайда болуы, бір форматтан екінші форматқа
мәліметтердің конверттеу, катографиялық проекциялардың трансформациялануы, координаттар жүйелерінің өзгеруі;
- ішкі және сыртқы базадағы мәліметтерді сақтау, басқару;
- картографиялқ операциялар
- қолданушылардың түзетулері.
1.2.ГАЖ ішкі жүйелері.
Жоғарыда келтірілген анықтамаларға сәйкес ГАЖ келесі ішкі жүйелерден тұрады:
Мәліметтерды жинау ішкі жүйесі, ол мәліметтерді жинау және алдын ала өңдеу жұмысын атқарады. Бұл ішкі жүйе сонымен қатар әр-түрлі кеңістіктік мәліметтерді өзгерту мүмкіндіктерін қамтиды (мысалы, топографиялық картадағы изолинияны жер бедері үлгісіне (модель) айналдыру).
Мәліметтерды сақтау және сұрыптау ішкі жүйесі сұрыптау, редакциялау және жаңарту мақсатында кеңістіктік мәліметтерді ұйымдастыру жұмысын атқарады.
Мәліметтерді талдау және манипуляция ішкі жүйесі, ұсынылған мәліметтер негізінде әр-түрлі міндеттерді орындап оларды топтастырады және бөледі; шектеулер еңгізеді және үлгілеу (моделирование) функциясын атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |