Құрал-жабдықтар: жан-жақты штатив, негізі, штативті өзекше, динамометрге арналған ұстағыш, дөңгелек немесе тік бұрышты оқтамаларға арналған қысым-саптау, өлшеуіш, жіп, динамометрлер, бұрыштық шкалалы көшірмесі (транспортирмен) , қайшы
Эксперименттік қондырғы:
Тапсырмалар: 1. Тәуелсіз шамаларды анықтаңдар:
2. Тәуелді шамаларды анықтаңдар:
3. Өзгермейтін шамаларды анықтаңдар:
Ескертпе : Шамаларды анықтаған кезде олардың айырмашалығын нақты білу керек, керек кезінде мұғаліммен ақылдасыныз
Жұмыс барысы Деформацияланбаған жағдайдағы динамометрлердің нөлдік нүктесін ретке келтіріңіздер.
Қысқа жіптің ұштары мен ортасына кішкене ілмектерді байлаңыздар.
Динамометрлер бір жазықтықта орналасуға тиіс.
Транспортирді жүктің жібіне қыстырғышпен бекітуіміз керек.
Жіптердің ұштарында байланған әр ілмекті динамометрлер ілгегіне бекітініздер, ал ортасына 100 г гірге арналған ұстағышты іліңіздер.
Штативтегі қысқыштарды реттеңіздер, олар бір биіктікте орналасуы керек.
Бұрыштық шкаланыдөңгелектің ортасы гірді ілу нүктесімен сәйкес келетіндей орналастырыныз, ал салмақ бағыты(ауырлық күші) бұрыштық шкаланың негізгі осьтерінің бірімен сәйкес болу керек.
Өлшеу нәтижелері 1. Өлшеу және есептеу нәтижелерін кестеге төмендегі критерийлер арқылы толтырыңдар
Кестеге физикалық шамалар өлшем бірлігімен және аспап қателігімен дұрыс толтырылған. (2 ұпай)
Өлшеулер ең кемінде үш рет орындалған. (3 ұпай)
Барлық есептеулер бірдей дәлдікпен жазылған. (1 ұпай)
Абсолют және салыстырмалы қателіктер бағаны толтырылған. (2 ұпай)