13ТАҚырып: мақсаты: Баскетбол бойынша жарыстарды ұйымдастыру және өткізу. Сұрақтары



Дата12.04.2020
өлшемі27,56 Kb.
#62289
Байланысты:
13ТАҚЫРЫП

13ТАҚЫРЫП: МАҚСАТЫ: Баскетбол бойынша жарыстарды ұйымдастыру және өткізу.

Сұрақтары:

1.Баскетбол жарыстарын ұйымдастыру

2.Жарыстарға жетекшілік ету

3.Споптшыларды дайарлау

4.Жоғарғы жетістіктерге жету

5.Жарыс процесіндегі командаға жетекшілік ету



Әдістемелік нұсқау: Бұл бағыт студенттердің физикалық, техникалық, тактикалық,

психологиялық дайындығына да әсерін тигізеді.



Тапсырманың орындалу түрі: Техникалық тәсілдерді тексеру
Оның әрбір бөлімі ойыншылар әрекетін ұйымдастыру принципіне қарай топтарға бөлінеді: жеке топтық, командалық өз кезегінде ойын жүргізу түрлеріне қарай әр топ түрлерге бөлінеді (мысалы, шабуылдағы жеке әрекет допсыз ойыншының әрекеті және добы бар ойыншының әрекеті болып бөлінуі мүмкін). Ойын әрекеттерінің нақты мазмұнына қарай түрлер әдістерге бөлінеді. Орындалу ерекшеліктері түрліше болып келетін әдістер нұсқалардың тууына себеп болады. Мысалы, тұрыстың шабуылдың әдістерінің бірі орталық ойыншы арқылы шабуылдау жүйесі болып табылады. Орталық ойыншылар санына қарай (алаңда бір мезгілде ойнайтын) бұл жүйе үш нұсқаға бөлінуі мүмкін: бір орталық ойыншы арқылы екі және үш орталық ойыншы арқылы шабуылдау.

Команда әрекетін ұйымдастыру оның ойыншылары арасындағы қызметті бөлісуді ұсынады. Ойыншылардың қызметі ойын әрекетінің-шабуылдау мен қорғанудың мақсатына қарай анықталады.

Баскетболда қызметі бойынша ойыншыларды былай бөледі: қорғаушылар, шеткі қорғаушылар, орталық қорғаулылар. Қазіргі кезде осы қызметтердің ішінде де бөлшектеу айырмашылығы айқын байқалады. Демек, қорғаушылар ішінде шабуылдаушы қорғаушы олар шығыршықты шабуылдаудан кері ұшқан допқа қапқан астындағы тартысқа дейін белсене қатысады және артқы қорғаушылар допты ойнату мен команда тылын қауіпсіздендіруге қатысады, ал орталық ойыншылар арасында – негізгі (бірінші) орталық ойыншылар, қарсылас қалқаны жанындағы өткір шабуылға қатысатын және екінші орталық ойыншылар, олар айып добын салу сызығында еркін айна көрсетуші және жүрістен шығыршықты жиі шабуылдаушы болып табылады.

Алайда заманауй баскетболда ойыншылар олар орындайтын қызметке қарамастан, шабуылда да, қорғаныста да ойын жүргізудің құралдары мен әдістерін кең көлемде меңгеруі тиіс. Сонымен білікті баскетболшыны қалыптастыру өзара байланысқан екі бағыт арасында жүреді. Ойынның әмбебап әдістерінде жетілдіру және өз қызметін орындау үшін ерекшелігі бар әдістерде жетілдіру.

Көріп отырғанымыздай, ойыншыларды қызметі бойынша бөлу өз мәнін жоғалтпайды. Оларды қызметіне қарай бөлместен толық әмбебап баскетболшы шығару қате, себебі ол ойыншылардың морфологиялық ерекшеліктерін, олардың қандай да бір жарыс міндеттерін шешуге бейімділігін және қабілеттілігін ескермейді. Ойыншыларды қызметіне қарай тиімді бөлу олардың өз мүмкіндіктерін толық ашып көрсетуге барынша қолайлы жағдай қолайлы жағдай жасайды, демек әрбір ойыншыны команда ұжымының ортақ мүддесі үшін тиімді пайдалануға болады

Жарыстарға жетекшілік ету. Жарыстарға жетекшілік ету әр баскетболі үшін маңызды. Жалғастыра жүргізудің барлық нұсқауларында ең бастысы қарсыласын жіберетін әріптесіне қарай тез жүгіріп өту. Бұндай өзара әрекетті еш кедергісіз орындау үшін алдын ала жұлқынуға финт жасап, қорғаушыға жақындайды, сол арқылы керекті бағытын босата алады. Кей жағдайларда қорғаушылар шабуылшының жалғастыра жүргізу нәтижесінде торға өтетін жолын жабуға тырысып алдын-ала өз қалқанына шегінеді. Онда қалқан астына шығып жалғастыра жүргізуді аяқтаудың маңызы жоқ. Еш ойланбастан орта қашықтықтан шығыршыққа ждоп тастауға болады.

Қиылысуда екі шабуылшы да жанаса бір-біріне қарсы қозғалып, оларды бақылайтын қорғаушылары соқтығысып қалатындай етуі тиіс. Егер бұндай тәсілдік айла іске асса, онда келе дегенде шабуылшының біреуі қарсыласынан ажырап, допты қолайлы қалыпта алуға мүмкіндік алады (77, а-сурет). қиылысуда әріптесіне қарай доп жүргізетін ойыншы да қатыса алады (77, б-сурет). бұл нұсқада доп екі ойыншы кездескен сәтте қолдан қолға беріледі. Допты алған ойыншы қарсылас қалқанына өтуге ұмтылыс жасайды немесе орташа қашықтықтан шығыршыққа доп салуға талпынады. Мұнда басқаға алаңдатушы айла-шарғы орындалуы мүмкін (78, а-сурет): доп жүргізетін 4-ойыншы әріптесімен кездескен сәтте қозғалысын баяулатып, допты әріптесіне беретіндей түр көрсетеді, сосын қарсыласының қате, елеңдеуін пайдаланып жүргізу жылдамдығын күрт арттырып, одан қалқанға қарай кетеді. Сол тәрізді жағдайда (78, б-сурет) допсыз ойыншы алдар қатушы айла-шарғысын жүргізу бастамасының жауапкершілігін өзі алады. Әріптесіне қарсы шығатындай түр көрсетіп, ол шығыршыққа шабуыл қимылының бағытын шұғыл өзгертеді.

Сан жағынан аз болып өзара әрекет ету. Көп жағдайда команда тырысқанымен, ойында қарсылас үшін қолайлы жайттар туындап жатады, онда қарсыласы қорғаныс шебін тез бұзып шыға алады. Бұндайда қорғаушылар шабуылдың сан жағынан басым күшіне қарсы тұруды керек болады. Қорғанушылардың негізгі міндеттері - шабуылшыға жақын қашықтықтан шығыршыққа доп салуға жол бермеу, шабуылшылардың қалқанға қозғалысын тежеу жне әріптестері көмекке келгенше уақыт ұту. Бұл жағдайда қорғаушыларға доп үшін белсенді күрес жүргізу өте қажет. Дұрысы алаңның орталық сызығы бойымен шегініп, өз қалқанына баратын қысқа жолды жабу. Егер жан жағынан басым болған қарсыласын орта қашықтықтан торға доп салуға мәжбүр етсе, онда қорғаушылар барлық мүмкіндіктерді пайдаланды деп есептеуге болады.

Қорғаушылар (үшеуі) төрт шабуылшының шепті бұзуына қарсы әрекет еткен жағдайында олар жоспарлы түрде айып добы аймағына шегініп, сол арқылы аймақтық принцип бойынша үшбұрыш жасай орналасып, қорғанысты ұймдастырады.

Өз қалқанынан кері ұшқан доп үшін күрес жарыс барысы мен оның нәтижесінде түбегейлі әсер ететін маңызды ойын сәті. Кері ұшқан доп үшін күрестегі жетістік үш қорғанушының өзара әрекетімен шешіледі, олар қалқанға деген қарсыласының жолын кесіп, айып добы аймағында кері ұшқан доп үшбұрышын құрады. Бұған қоса, төртінші қорғаушы егер доп қалқаннан алысқа ұшқан жағдайға қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

«Кері ұшқан доп - үшбұрышын» қалқанға қарай белгілі бір нүктеден доп салғандағы кері ұшуы мүмкін бағытын анықтайтын заңдылықтар есебімен татқару керек. Егер қалқан жанындағы алаң бөлігін шартты түрде шамамен бес тең секторға бөлсек (134-сурет), онда 2 немесе 4 сектордан секіре доп салғанда барлық доптың 70%-і осы секторларға қарай кері ұшатынын, 3-сектордан доп салғанда барлық доптың 50%-ы осы секторға ұшатынын және 3,2 және 4 секторына барлық доптың 95%-ы, 1 немесе 5-сектордан доп салғанда барлық доптың 95%-ы осы секторға келетінін бақылаудан көрдік. Кері ұшатын доп мүмкіндігі үлкен секторды негізгі сектор деп, ал доптың кері ұшу мүмкіндігі аз секторды қосымша сектор деп атауға болады. Осыған байланысты кері ұшқан доп үшін күрестің кейбір ережелерін қалыптастырған пайдалы.

Жоғарғы жетістіктерге жету. Дереу алмастыру қорғаушы команда үшін әрдайым қолайлы бола бермейді, өйткені кей жағдайларда ол жеке сайыста күштің тепе-теңдігін бұзады (ұзын бойлы шабуылшы бойы қысқа қорғаушыға қарсы шабуылдайды, шапшаң шабуылшы - баяу қорғаушыға қарсы), қарсылас команда ойыншыларына түрлі алаңдатушы және жалған айла-шарғы жүргізуге мүмкіндік береді және тек қана қалқанға тура қауіп төнгенде алмастыру қажет.

Тосқауыл барысында бақылаушыларын ауыстыру орнына, яғни шабуылшылар өзара байланыса алаң бойымен допсыз қиғаш немесе шығышықтан алшақ қозғалғанда қорғаушы тез шегініп, тосқауылшыны айналып өтіп, қайтадан өз әріптесіне жақындауы керек. Қалқанға қашық емес тұста добы бар шабуылшы үшін тосқауыл қойылғанда шегіну тәуекелмен ұштасады - бұл сәтте шабуылшы еш кедергісіз торға доп салуы мүмкін.

Сондықтан тосқауыл коюшы ойыншыны бақылайтын қорғаушы (екінші) добы бар шабуылшыны мұқият қадағалап, дәлдеп салуға бөгет болуға дайын тұруы тиіс.

Жалғастыра беру немесе қиылысумен күресте алмастыруды болдырмау үшін, сырғуды қолданған дұрыс. Шабуылшылардың бұндай өзара әрекетінің екі нұсқасы бар

Допты топтық іріктеу бұл өзара әрекет әдісін добы бар ойыншыны екі қорғаушы бір мезгілде шабуылдайтын прессингте пайдаланады. Допты топтық іріктеудің екі түрі бар. Біріншісінде добы бар ойыншыны бақылайтын қорғаушы оны алдымен үйір сызығына немесе алаң бұрышына допты апаруға, сосын тоқтап, алаңға арқасымен қарап бұрылуға мәжбүр етеді. Бұл сәтте екінші қорғаушы добы бар ойыншыға қарсы қимылға қосылады. Екі қорғаушы да шабуылшыны қате доп беруге немесе «бес секунд» ережесін бұзуға мәжбүр етеді. Екінші түрінде қиылысу немесе жалғастыра жүру принципі бойынша өзара әрекет үшін доп жүргізетін ойыншыны басқа қорғаушы тоқтатады, ал бақылаушысы шабуылшының артқы жағынан немесе бүйірінен допты түсіріп алуға тырысады.

1. Балғын баскетболшыларды әзірлеу. Жеке прессинг кемшілігіне өте үлкен дене және психикалық күш түсуін жатқызуға болады, онда әрбір команда ойыншысына жүк түседі және команданың қалған ойыншылары арасындағы өзара әрекетті ұйымдастыру мен пайдалануда айқын қиындықтар туындайды.

Жеке прессингтегі команда қимылының сипаты добы бар қарсыласы қалқанға жақындауына қарай біршама өзгереді. Егер бүкіл алаңды шартты түрде төрт аймаққа бөлсе (137-сурет), онда І-аймаққа кірерде команда топтанып допты іріктеу мен тартып алудың барлық мүмкіндіктерін пайдаланып, үлкен қауіппен қимылдайды. ІІ-аймақта команда допты жүргізетін немесе жүргізуді аяқтайтын қарсыласымен тең тартыста ең қызу күрес жүргізеді, ойыншылар шабуылшыларды өз аймағында ойыншының «он секунд» ережесін бұзуға немесе асыға доп беруге мәжбүр етеді. ІІІ аймақта ойыншылар ауысуды, сырғуды батыл пайдаланып және тосқауылмен белсене күресіп, шабуылшыларды өте тығыз ұстайды. Допты топтық іріктеу орталық және бүйірлік сызықта жүргізіледі. Егер қауіпсіздік сақталса, ойыншылар тіке шабуылға шығады. Команданың жалпы мақсаты - қарсыласына тұрыстық шабуылды жандандыруына тежеу салу. Егерде добы бар шабуылшылар ІV аймаққа кіріп, қалқанға тым жақын жерде ойнаса, онда команда негізінен алаң түкпірінде допты топтық сарапқа салумен жеке қорғанысқа көшеді.

Егер шабуылшы команда прессингке қарсы айып добы аймағының жарты шеңберіне шыққан орталық ойыншы арқылы шабуыл жүргізуге тырыса, онда орталық ойыншыны допты алуға мүмкіндік бермей, алдыңғы бүйірінен бақылаған дұрыс. Жоғарыдан қорғаушы арқылы орталық ойыншыға доп беруге қарсы қауіпсіздікті сол сәтте доптан өте алшақ тұрған қарсыласын бақылайтын ойыншы орындауы тиіс.

Күйрете шабуылдауды жақсы меңгерген командаға қарсы жеке прессинг түрі ретінде алаңның төрттен бір ширегінде және өз жартысындағы прессингті қолданған жөн. Бұл нұсқалардың маңызы доптан айырылып қалған соң және жұлқынуға бірінші доп беруге қарсы қимылда команда шегініп, сосын орталық сызықтан немесе алдыңғы аймақтан айып добы сызығынан белсенді қорғаныс ұйымдастудан көрінеді. Бұдан ары ойыншылар бүкіл алаң бойымен жеке прессингтегідей қозғалады.


2.Баскетболшылардың жас ерекшелігі. Оның маңызы команда екі ойыншысымен қоса добы бар шабуылшыны әрдайым шабуылдап, сонымен бірге мүмкін доп беру бағытын жабуға тырысып, аймақтық принцип бойынша қарсылас алаңының жартысында белсенді қорғаныс ұйымдастыруынан көрінеді. Добы бар шабуылшыға алаңның ІІІ немесе ІV аймағына кіре қалса, аймақтық прессинг өз қалқанынан сәл алға жылжып, 3-2 сипатындағы аймақтық қорғаныс түрінде болады (уақытша). Бұндай қайсы - бір шабуылшының аймақтық қорғаныс тылына кіріп немесе айып добын салу аймағына қауіпті шеп бұзу жағдайында қорғанушы команда бұл шабуылшыны уақытша жеке бақылауға алады. Алаң бұрышында добы бар шабуылшыны топтап топты іріктеу көмегімен шабуылдайды.

Аймақтық прессингтің пайдалы жақтары мыналар:

а) қарсылас үшін күтпеген жағдай;

ә) бүкіл алаң бойымен қарсылас команданың көшбасшысына және дриблерге ұжымдық қарсы қимылдау мүмкіндігі;

б) топтық доп іріктеуді жүйелі қолдану, бұл қате доп беретін және ережені бұзатын ойыншыға әсер етуді қамтамасыз етеді;

в) бүкіл алаң бойынша тұрақты қорғаныс тепе-теңдігі, бұл өзара қорғанысты және допты тартып алуға шыққанда біршама төнетін қауіпті жеңілдетеді;

г) нақты жағдайда өзара әрекет пен қозғалыс ережелерінің айқындығы мен қарапайымдығы.

Қазіргі кезде іс-тәжірибеде аймақтық прессингтің 1-2-1-1; 1-2-2; 2-2-1 және 1-3-1 түрлері жиі кездеседі, оларды аталған матчтарда команданың шешетін міндеттеріне қарсыластарының дайындығына және олардың аймақтық перссингке қарсы негізгі шабуыл жүйесіне байланысты таңдайды.

Аймақтық прессингтің кез-келген түрін пайдаланғанда мына ережелерді сақтаудың маңызы зор:


  1. аймақтық прессингтің бір сызығының екінші сызықтан ажырап қалмауы және алаңның ортасын ашпау;

  2. шабуылшыға ұзаққа алға доп беруді кедергісіз орындауға, добы бар ойыншыға әрдайым және шешімді әсер етуіне жол бермеу;

  3. топтап допты іріктеуде ештеңеге қарамастан қарсыласының қолынан допты тартып немесе түсіріп алу (бұл жеке қате жіберуге әкеледі); ең алдымен тартып алуды жеңілдету үшін доп беру бағытын таңдауға шектеу қойған маңызды;

  4. доптың қозғалыс сызығына шегігенде, доптың артқы жағында қалмауын қадағалау;

  5. аймақтық прессингтің алдыңғы сызығындағы ойыншылар қарсыласын жүргізу мен доп беру әдістерін басқаларынан нашар меңгерген шабуылшыға немесе қорғану үшін қолайлы жаққа қарай допты лақтыруына ықпал ету.

Ойыншы аймақтық прессингте дұрыс және белсенді қимылдай отырып, тек қорғанып қана қоймай, сондай-ақ шабуылдап және оның қарсыласы өз алаң жартысында ұстаған әрбір секундты шабуыл потенциалын азайтатын мықтап есінде ұстауы тиіс.

Әрбір алаңмен қиғаш доп беру немесе биіктен ұзақ доп беру допты ұстап қалу мен қарсы тез қарсы шабуыл үшін қолайлы мүмкіндік тудырады.

Аймақтық прессингтің кемшіліктері мыналар:

а) бірнеше қарсылас ойыншылары бір қанатқа шоғырланғанда команда алдында туындайтын қиындықтар;

ә) ойыншыларды тез орналастырып, кері ұшқан доп үшін тартыста допты тартып алып, шұғыл қарсы шабуылға өтуге тырысқан қарсыласын қысымға алуды ұйымдастыруда туындайтын қиындықтар.

Көптеген командалар орналасуда уақыттар болғанда кезеңдеп кез-келген ойын үзілісінде қайтадан аймақтық прессингке ауысу үшін жеке прессинг жүйесіне ауысып отыратынын ескертеміз.

1.Бапкердің қызметі. Жарыстағы бапкердің қызметі ерекше. Қарқынды шабуылдай білетін командаға қарсы матчта ең алдымен қарсыласына қолайлы екпінді бұзуға тырысу қажет. Бұл үшін тұрыстық шабуылды әдеттегіден баяуырақ жүргізіп, допты мұқият ойнатып, қауіпті доп берулермен дайындықсыз доп салуларды болдырмау қажет. Кемінде өз тылын екі ойыншымен қорғау керек.

Бірінші доп бере топ жаруға бөгет болуға ұмтылып, кері ұшқан доп үшін күрестен немесе басқа жағдайдан допты иемденген ойыншыны мұқият шабуылдау керек. Қарсыласының тез топ жаруын бұзу үшін нәтижелі доп салу мен айып добын салудан соң шабуылшыларды бүкіл алаң бойымен кезеңдеп бақылап, сосын айып добы аймағына кету қажет. Осылай қорғанғанда команда ойындағы бастаманы бермеу керек: қарсыласының жылдам қимылындағы әрбір қателік нәтижелі қарсы шабуылмен жазаланып отыруы тиіс.

Тез топ жаруды жақсы меңгерген командалармен ойындағы жиі жіберілетін қателік қорғаныс ойындарындағы шығыршыққа тез топ жаруда олар жеке бақылауы тиіс ойыншылардан айырылып қалуымен байланысты. Егер қорғаныс ойыншысы айып добы сызығына оралып, жеке бақылауды қажет ойыншыны іздемей, аймақтық қорғанысқа өтсе, қажеттіліктің орны толады. Аталған айланың негізін қалаушы ережелер - қорғаныс ойыншысы айып добы сызығында тұрып, жеке бақылайтын ойыншысын «өзіне өтуге» мәжбүр етеді. Кез-келген жағдайда қорғаныс ойыншысы алғашқы шабуыл сәті тоқтатылысымен-ақ өз әрекетін тез және жеңіл саралай алады.

2.Жарыс барысында бапкердің маңызы. Аймақтық қорғаныста қалқанға жақын алаң бөлігін шартты түрде әр ойыншы үшін бастапқы орналасуына қарай әрекет ету аймағына бөледі. Бастапқы орналасу негізінен команда құрамына, қарсылас командасына, сондай-ақ қарсыласы жүргізген шабуыл әдісіне байланысты болады.

Соңғы уақытқа дейін 2-3 (қалқан жанындағы сызықта үш ойыншы алда-екі ойыншы, 136-сурет) және 2-1-2 (қалқан астында және алдыңғы сызықта-екі ойыншы, айып добы аймағы ортасында - біреуі) орналасуларыңызды аймақтық қорғаныс түрлері кең қолданылды, олар орта және жақын қашықтықтан доп салу үшін екі орталық ойыншы арқылы шабуылдауды ұйғарған қарсылас командаға қарсы ойында өзін ақтады.

Аймақтарды бөлгенде қажет:

а) қалқан астында әрдайым жақсы секіретін және кері ұшқан доп үшін ықпалды күресетін, бойы ұзын ойыншылар болуы тиіс;

ә) алдыңғы сызықта секіре доп салу мен өтуге кедергі келтіретін және тез топ жаруға тез және шешімді өтетін ең шапшаң ойыншылар тұруы тиіс;

б) аймақтық қорғаныс орталығында бір ойыншы нұсқасында бұл орынды қорғанысты басқаратын ең тәжірибелі ойыншы тұруы тиіс.

Қазіргі кезде орта және алыс қашықтықтарынан секіре доп тастаудың дәлдігінің күрт артуымен, үш ұпайлық сызықта жүргізумен және аймақтық қорғаныстың алдыңғы сызықтағы ойыншыларына қарсы сандық басымдық көрсетуге мүмкіндік беретін жаңа айла-шарғыларды іс-тәжірибеде пайдаланумен байланысты 3-2 немес 1-3-1 күшейтілген алдыңғы сызығына көңіл аударылады.

Алаңды аймаққа бөлу мен оған ойыншыларды бекіту аймақтық қорғанысты икемді пайдалануға кедергі келтірмеуі тиіс, оны белсендіру жолдары:

а) қарсылас шабуылшының жобасы бойынша бастапқы орналастыруды қайта құру;

ә) шөптің бірінде сан жағынан басым түсуге тырысатын ойыншыға қарсы кезеңдік жеке бақылау қолдану;

б) алаң бұрышында қарсыласынан допты топтап тартып алуды қолдану;

в) қарсылас үшін кенеттен аймақтың қорғаныстан тығыз жеке қорғанысқа ауысу немесе керісінше.

Сонымен әрбір қорғанушы тиімді айла-шарғы қолданумен егер шығыршыққа үлкен қауіп төнсе өз әріптесіне соның аймағында көмектесуі керек. Тек қорғаушы команда ойыншыларының түгел келісілген ұжымдық қимылы ғана аймақтық қорғаныстың қандай да бір түрін атқаруда табыс әкелуі мүмкін.

Доптан айырылып қалған жағдайда команда ойыншылары тез оралып, аймақтық қорғаныстың бастапқы орналасуындағы өз орындарына келуі тиіс. Алайда егер қарсыласы қарсы шабуылға тез өтсе, онда кей жағдайларда барлық ойыншылар бірдей алаңның өз жартысына оралып үлгермейді. Сондықтан ойыншылардың өз орындарына оралуының мынадай реті бар: бір ойыншы айып добы сызығының ортасындағы орында тұрады, екі ойыншы - айып добы сызығының бүйір нүктелерінде, үш ойынша төбесі добы бар шабуылшыға қараған үшбұрыш болып орналасады, ал команданың бесінші ойыншысы қайта оралысымен өзі таңдаған орнына тұрады.

Бастапқыда ол қарсыласына өз қалқанына алаңнан кез-келген нүктесінен алыс қашықтыққа ойын бастуына мүмкіндік береді. Сол арқылы ойыншылар допты тартып алып немесе шабуылшылардың жоспарлы айлалы ойындарын бұзып, оларды айқын жоспарсыз, асығыс қимылдауға мәжбүр етуге тырысады.


Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика, ЖШС «Нұр-пресс»,2005
2. Базарбегі Т. Бастауыш мектептегі дене тәрбиесі – Алматы;
3. Газимова Х. Шынықсаң шымыр боласың. – Бастауыш мектеп.
4. Дене мәдениеті – оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде.
5. Дене тәрбие жүйесінің мазмұны мен негіздері. //Ұлт тағылымы.
6. Дене шынықтыру және спорт психологиясы пәні бойынша тесттік
7. Жеке тұлғаның рухани дамуындағы дене мәдениетінің рөлі //«Шоқан
8. Қуаныш Т.Ш. Дене тәрбиесінің ілімі. Алматы, 2005. 
9. Танекеев М.Т. Қазақстандағы дене тәрбиесі. Алматы, 2001. 
10. Уанбаев Е. Дене тәрбиесінің негіздері. – Алматы, 2001.
11.Физкультура и Спорт, 1988.-350с. 5. Баскетбол: Учебник

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет