14. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты


Жас кезеңдері және жас топтары мынадай



бет5/5
Дата07.02.2022
өлшемі16,03 Kb.
#88292
1   2   3   4   5
Байланысты:
инклюзивт рк1
14 ОБОЖ Еркінбек Динара, Базисный 46 вопросов правильных (копия)
Жас кезеңдері және жас топтары мынадай:
1) бөбек жасы – туғаннан бастап 3 жасқа дейін:
нәрестелік жас - туғаннан бастап;
ерте жас – 1 жастан (ерте жас тобы).
кіші жас-2 жастан бастап (кіші жас тобы).
2) мектепке дейінгі жас -3-6 жас
мектепке дейінгі орта жас–3 жастан (ортаңғы топ);
мектепке дейінгі ересек жас – 4 жастан (ересек топ);
мектепалды даярлық – 5 жастан (мектепалды тобы, сыныбы).
Бағдарламаның мазмұны туғаннан бастап үш жасқа дейінгі балаларды әлеуметтендіру міндеттерін іске асыруға, педагог пен ата-аналардың бірлескен іс-әрекетінде оқушының табысты, сенімді және позитивті болашағы үшін қажетті әлеуметтік дағдылар мен өз бетінше оқу дағдыларын дамытуға бағытталған, балалардың өзара іс-қимылын, бейімделуін, баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуын, қоршаған ортаға (отбасына, әлеуметке, табиғатқа) ізгілікті қарым-қатынасын, қауіпсіз мінез-құлық негіздері бойынша әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз етеді, мектепке дейінгі ұйымда педагогтың, отбасында және мектепке дейінгі ұйымда ата – ананың жетекші рөліне назар аударылады. Бағдарламаға бала туғаннан бастап 3 жасқа дейінгі тұлғаның психологиялық әлеуметтік дамуының негізгі кезеңдері енгізілген, бағдарламаның мазмұнын меңгеру нәтижесінде қалыптасуға тиісті білім беру салалары бойынша күтілетін нәтижелер ұсынылған.
Критериалда бағалау жүйесі (бала қандай да бір іс-әрекеттерді ойлап табады, ол өз бетінше не істей алатынын түсінеді және қолданады), балалардың әлеуметтік дайындығын, көшбасшылығын, төзімділігін, өзін-өзі оқытуы деңгейін бағалауға және олардың дамуын түзету бойынша жұмысты жоспарлауға мүмкіндік береді. Бағдарлама Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына қосымша бағдарлама ретінде әзірленді және педагогтар үшін де, ата-аналар үшін де ерте жастағы балаларды әлеуметтендіру құралы болып табылады.
Бұдан басқа, балаларды мемлекеттік тілге табысты оқыту үшін Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына вариативтік компонент есебінен ересек топтарда қазақ тілін оқытуды 1 сағатқа көбейту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиелеу білім беру процесінде балаларды тәрбиелеу мен оқытудың классикалық және заманауи технологиялары (М. Монтессори, Ф. Фребель, Вальдорф педагогикасы, Н. Зайцев жүйесі, В. Воскобовичтің әдістемесі және т. б.) (мультимедиялық, анимациялық, дамыту ойындары және т. б.) қолданылады.

ОМАРОВ АҢСАҒАН
ГИК-81

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет