Бастауыш пән бірлестік жетекшісі: Кенжеғараева Н.
Хатшы: Әлібаева А.
28 қыркүйек, 2020 жыл
Хаттама №2
Қызылорда қаласы
Абылай хан атындағы
№ 140 мектеп 05 қараша,2020 жыл
№140 қазақ орта мектебінің
бастауыш пән бірлестігінің отырысы (zoom арқылы)
Қатысуға тиісті – 26 мұғалім
Қатысқаны – 26 мұғалім
Күн тәртібінде:
1. Бірінші тоқсанның қорытындысы, ТЖБ-дың анализі. Кенжеғараева Н.
2. «Сын тұрғысынан ойлаудағы диалогтік оқытудың маңызы» (коучинг) Караева А
3. «4 сыныптың әдебиеттік оқу пәнінен түсіну және жауап беру дағдыларын қалай дамытуға болады?» - баяндама Сманова Ж
4. Ағымдағы мәселелер
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша бастауыш әдіс бірлестігінің жетекшісі Кенжағараева Назиға бірінші тоқсанның жиынтық бағалау қорытындысымен таныстырды.Сонымен қатар алдағы екінші тоқсанда оқушылардың білім деңгейін көтеруге, қатесіз жазуға оқушыларды дағдыландыру керектігі, жұмыстың таза, ұқыпты жазылуына мән беру керектігі, жазу көркемділігінің сақталуын қадағалау қажеттігі ескертілді.
Екінші мәселе бойынша «Сын тұрғысынан ойлаудағы диалогтік оқытудың маңызы» тақырыбында Караева Айнур коучинг сабақ өткізді. 3 сынып мұғалімі жаңа технологияны пайдалана отырып, сабақ үлгісін көрсетті. Сабақта сын тұрғысынан ойлау технологиясының бағалау түрлері, тренинг ,ойын түрлеріне жеке тоқталып, диалогтық оқыту мен топтық жұмысқа баса назар аударуымыз керек екенін дәлелдеп берді. Сабақ өте тартымды, қызықты өтті.
Үшінші мәселе бойынша бастауыш сынып мұғалімі Сманова Жанар «4 сыныптың әдебиеттік оқу пәнінен түсіну және жауап беру дағдыларын қалай дамытуға болады?» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамашы білім саласындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін, мектеп ұжымында әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерді сабақтарында енгізіп отыруы тиіс. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, жан-жақты сауатты маман болу мүмкін емес. Қазіргі жаңартылған білім мазмұны бойынша балаларды бағалауда көптеген өзгешеліктер бар екендігіне тоқталды. Бағалаудың түрлері мен элекронды журналмен жұмыс жасау үлгісін көрсетті.
Төртінші мәселе бойынша ағымдағы мәселелер ортаға салынып талқыланды.
30 қазан қараша күндері өткізілген 3-4 сыныптар арасындағы қазақ тілі мен математика пәндері бойынша алынған олимпиада нәтижесі жарияланды .Олимпиадаға жауапты мұғалімдер сөз алып, қандай кемшіліктердің орын алғандығы мен әр сыныптың дайындық деңгейлеріне тоқталды және мектепішілік олимпиададан қалалық олимпиадаға жолдама алған оқушылар жарияланып, сынып жетекшілеріне дайындық жұмысарын күшейтуге тапсырма берілді..
Барлық тапсырылған жұмыстардың өз уақытында орындалуы, іс-қағаздардың жүйелі жүргізілуі, оқушылардың сабаққа қатысуы мен мектеп ережесін сақтауы туралы, баспасөзге жазылу мәселелері айтылып, ескертілді. Оқушылардың пәндік олимпиадаға, ғылыми жоба жұмыстарына даярлық жұмыстарының жүйелі жүргізіліп отырылуы айтылды.
№140 қазақ орта мектебінің бастауыш пән бірлестігінің отырысы
қаулы етеді:
1. Бірінші тоқсанның қорытындысы «қанағаттанарлық» деп танылсын.
2. Оқулықтардың таза, сапалы ұстап-тұтылуы сынып жетекшілеріне міндеттелсін.
3. Интерактивті тақта мен техникалық құралдар арқылы сабақтар жүргізу толық қолға алынсын.
4. Олимпиада қорытындысы «қанағаттанарлық» деп танылсын.
5. Мұғалімдерге берілген тапсырмалар уақытылы, сапалы орындалсын.
Достарыңызбен бөлісу: |