Бастауыш пән бірлестік жетекшісі: Кенжеғараева Н.
Хатшы: Әлібаева А.
05 қаңтар, 2021 жыл
Хаттама №4
Қызылорда қаласы
Абылай хан атындағы
№ 140 мектеп 29 наурыз,2021 жыл
№140 қазақ орта мектебінің
бастауыш пән бірлестігінің отырысы (zoom арқылы)
Қатысуға тиісті – 26 мұғалім
Қатысқаны – 26 мұғалім
Күн тәртібінде:
1. Үшінші тоқсанның қорытындысы, ТЖБ-дың анализі. Кенжеғараева Н.
2. «Жаңартылған білім берудегі тиімді әдістер» - баяндама Терекбаева А
3. «Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» - коучинг Омарова Г
4. Ағымдағы мәселелер
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша бастауыш әдіс бірлестігінің жетекшісі Кенжағараева Назиға үшінші тоқсанның жиынтық бағалау қорытындысымен таныстырды.Сонымен қатар алдағы үшінші тоқсанда оқушылардың білім деңгейін көтеруге, қатесіз жазуға оқушыларды дағдыландыру керектігі, жұмыстың таза, ұқыпты жазылуына мән беру керектігі, жазу көркемділігінің сақталуын қадағалау қажеттігі ескертілді.
Екінші мәселе бойынша бастауыш сынып мұғалімі Терекбаева А «Жаңартылған білім берудегі тиімді әдістер» «Жаңартылған білім берудегі тиімді әдістер»тақырыбында баяндама жасады. Баяндамашы білім саласындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін, мектеп ұжымында әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерді сабақтарында енгізіп отыруы тиіс. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, жан-жақты сауатты маман болу мүмкін емес. Қазіргі жаңартылған білім мазмұны бойынша балаларды бағалауда көптеген өзгешеліктер бар екендігіне тоқталды. Бағалаудың түрлері мен элекронды журналмен жұмыс жасау үлгісін көрсетті.
Үшінші мәселе бойынша «Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыбында Омарова Галина коучинг сабақ өткізді. 4 сынып мұғалімі жаңа технологияны пайдалана отырып, 7 модульге негізделген сабақ үлгісін көрсетті. Сабақта сын тұрғысынан ойлау технологиясының бағалау түрлері, тренинг ,ойын түрлеріне жеке тоқталып, диалогтық оқыту мен топтық жұмысқа баса назар аударуымыз керек екенін дәлелдеп берді. Сабақ өте тартымды, қызықты өтті.
Төртінші мәселе бойынша ағымдағы мәселелер ортаға салынып талқыланды.
Барлық тапсырылған жұмыстардың өз уақытында орындалуы, іс-қағаздардың жүйелі жүргізілуі, оқушылардың сабаққа қатысуы мен мектеп ережесін сақтауы туралы, баспасөзге жазылу мәселелері айтылып, ескертілді. Оқушылардың пәндік олимпиадаға, ғылыми жоба жұмыстарына даярлық жұмыстарының жүйелі жүргізіліп отырылуы айтылды.
№140 қазақ орта мектебінің бастауыш пән бірлестігінің отырысы
қаулы етеді:
1. Екінші тоқсанның қорытындысы «қанағаттанарлық» деп танылсын.
2. Оқулықтардың таза, сапалы ұстап-тұтылуы сынып жетекшілеріне міндеттелсін.
3. Интерактивті тақта мен техникалық құралдар арқылы сабақтар жүргізу толық қолға алынсын.
4. Мұғалімдерге берілген тапсырмалар уақытылы, сапалы орындалсын.
Бастауыш пән бірлестік жетекшісі: Кенжеғараева Н.
Хатшы: Әлібаева А.
29 наурыз, 2021 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |