Өкпенің тіршілік сыйымдылығы деп адам терең дем алып, терең дем шығарғандағы ауаның ең көп мөлшерін айтады. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) 3 құрамды бөліктен тұрады. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы → тыныстық сыйымдылық (500 мл) + тыныс алудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл) + тыныс шығарудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл). ӨТС=500 мл+1500 мл+1500 мл=3500 мл
Қаншама терең дем шығарғанмен де өкпеде 1200 мл ауа қалып қояды. Оны қалдық ауа сыйымдылығы деп атайды. Сондықтан да өкпе еш уақытта қабысып қалмайды.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшейтін арнайы құралды спирометр дейді. Неғұрлым өкпенің тіршілік сыйымдылығының көлемі көбірек болса, соғұрлым адамның денсаулығы күшті болады.
Достарыңызбен бөлісу: |