15. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»


Кәсіпкерлік саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары



бет5/5
Дата19.05.2022
өлшемі22,64 Kb.
#143875
1   2   3   4   5
Кәсіпкерлік саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары. Кәсіпкерлік субъектілері өз қызметін жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту бойынша:
1) шешімдер қабылдау рәсімдерінің есептілігін, бақылауда болуын және ашықтығын қамтамасыз ететін ұйымдық-құқықтық тетіктерді белгілеу;
2) адал бәсекелестік қағидаттарын сақтау;
3) мүдделер қақтығыстарын болғызбау;
4) іскерлік әдеп нормаларын қабылдау және сақтау;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі шараларды қабылдау;
6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау арқылы шаралар қабылдайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама – сыбайлас жемқорлықтың халықаралық және ұлттық деңгейлерде таралу жай-күйі мен үрдістерін талдау мен бағалау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру, іске асыру және жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қамтылған құжат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет