№ 15. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының негізгі ережелері»: құрылымы, мақсаттары, принциптері
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының алдын алу шаралары
1. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының негізгі ережелері»: құрылымы, мақсаттары, принциптері.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңы 1998 жылдың 2 шілдесінде қабылданған. Содан бергі кезеңде оған ҚР жиырмадан аса заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл мемлекетте болған саяси-құқықтық жағдайдың өзгерісіне, құқық және сыбайлас жемқорлықпен іс-қимылу саласындағы мемлекеттік саясаттың түзетілуіне, Қазақстанның халықаралық қатынастардағы жаңа басымдықтарының, орны мен ролінің пайда болуына, елдің ішінде жеке әлеуметтік сұраныстардың актуализациясына байланысты болды.
Бұдан тәуелсіз, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету саласындағы Қазақстан заңнамасында негізгі құқықтық нормативтік акт ретінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ байланысты жаңаша аталады.
Құрылымдық тұрғыда аталған Заң 5 тараудан тұрады: 1. Жалпы ережелер; 2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары; 3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері және олардың өкілеттіктері; 4. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының салдарларын жою; 5. Қорытынды ережелер.
Жалпы алғанда Заң 27 баптан тұрады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу мынадай:
1) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру;
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру міндеттерін шешу арқылы іске асырылады.
Қағидалар жүйесі – жалпы құқықтың негізгі атрибуттарының бірі. Егер принциптер құқықтық актіде жазылған болса (бекітілсе), олар құқықтық болып танылады. Құқықтық принциптер – бұл құқық нормаларымен реттелетін берілген мемлекеттің өмірі мен қызметінің қандай да бір сала-сындағы құқықтық қарым-қатынастардың негізіне жататын бастапқы негіздер, негіз құрушы идеялар.
«Принцип» термині латынның «principalis» сөзінен шыққан, «басты» деген мағынаны білдіреді. Энциклопедиялық тұрғыда «принцип» - бұл - 1) қандай да бір теорияның, оқудың және т.с.с. негізгі, бастапқы ережесі; 2) жүріс-тұрыс нормасын анықтайтын заттарға деген көзқарас, ішкі наным; 3) бір нәрсенің құрылымдық негізі.
ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңында (4 б.) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі қызметтегі қатынастар мынадай сегіз принциптің негізінде жүзеге асырылатыны айтылады:
заңдылық;
адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы;