15-дәріс. Үстеу. Үстеулердің қалыптасу тарихы. Үстеулерге қатысты ғалымдардың көзқарастары. Үстеудің семантикалық топтары, морфологиялық сипаты, синтаксистік қызметі. Еліктеу сөз. Одағай



бет7/11
Дата29.04.2022
өлшемі23,84 Kb.
#141420
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
15-дәріс
ЕСЖ 2, Билет
Үстеудің сөйлемдегі қызметі
1) Үстеулер етістік баяндауыштың алдынан келіп, сөйлемде пысықтауыш болады. Мысалы: Батыр қапыда қалды. Ол кеше келді.
2) Күшейткіш үстеулер сапалық сын есімдерден бұрын келіп, күрделі анықтауыш қызметінде жұмсалады. Мысалы: Сөз ең қадірлі қонаққа берілді. Келіні аса ибалы екен.
3) Үстеулер жіктеліп келіп, баяндауыш болады. Мысалы: Мен осындамын, ол артта.
4) Үстеулер затсымақтанып, негізгі ойға арқау болған жағдайда сөйлемде бастауыш қызметін атқарады. Мысалы: Ертең – демалыс. Бүгін – бейсенбі.
Еліктеу сөз
Айналадағы жанды, жансыз заттың, табиғат құбылыстарының алуан түрлі дыбыстарына, қимыл-әрекетіне еліктеуден, бейнелеуден туған сөздер еліктеу сөздер деп аталады. Мысалы: мырс-мырс, сылқ-сылқ, былқ-сылқ, тарс-тұрс, жарқ-жұрқ, т.б.
Қазіргі қазақ тілінде еліктеу сөз көп. Олар жан-жануар, әр түрлі заттар мен құбылыстардың дыбысына еліктеп, қимылын дәл бейнелейтіндіктен көркем әдебиетте жиі қолданылады.
Еліктеу сөздер құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінеді.
Бір сөзден тұратын негізгі немесе туынды еліктеу сөздер дара еліктеу сөздер деп аталады. Мысалы: гүрс, лап, ырс, балпаң, ирелең, тырбаң, былш, селк, ыңқ, кірш, т.с.с. Бір ғана түбірден тұратын, сөз тудырушы жұрнақ жалғанбаған, әрі қарай бөлшектеуге келмейтін еліктеу сөздер негізгі еліктеу сөздер деп аталады. Мысалы: былқ, сылқ, тырс, тарс, лүп, сарт, сырт, шаңқ, шылп, т.б. Сөз тудырушы қосымшалар жалғану арқылы жасалған еліктеу сөздер туынды еліктеу сөздер деп аталады. Мысалы: қайқаң, көлбең, ыржаң, алшаң, жылтың, ирелең, бұралаң, т.с.с.
Екі не одан көп сөзден құралып, сөйлемде дайын бірлік ретінде қолданылатын, бір ырғақпен айтылатын, қосарлану арқылы жасалған еліктеу сөздер күрделі еліктеу сөздер деп аталады. Мысалы: гүрс-гүрс, дір-дір, баж-бұж, бүрсең-бүрсең, қопаң-қопаң, т.б. Мұндай еліктеу сөздер қимылдың не дыбыстың қайталанғанын білдіреді. Әдетте еліктеу сөздер етістікпен (көбінесе ет- көмекші етістігімен) тіркесіп қолданылады. Мысалы: тырс етті, қарқ етті, көлбең етті, балпаң етті, бүрсең-бүрсең етеді, қорбаң-қорбаң еткен, т.с.с.
Еліктеу сөздердің бірқатары табиғаттағы дыбыстарға ұқсатудан пайда болса, енді бірі қимыл-әрекетті бейнелеуден, сипаттаудан туған. Осыған байланысты еліктеу сөздер еліктеуіш сөздер және бейнелеуіш сөздер болып бөлінеді.
Табиғаттағы түрлі заттар мен құбылыстардың дыбысына еліктеуден пайда болған сөздер еліктеуіш сөздер деп аталады. Мысалы: сарт етті, топ етті, салдыр-гүлдір етіп құлады, күбір-күбір сөйледі, қарқ-қарқ күлді, т.б.
Айналадағы түрлі заттар мен құбылыстардың қозғалысын, жай-күйін көру арқылы сипаттайтын, бейнелейтін сөздер бейнелеуіш сөздер деп аталады.
Әдетте бейнелеуіш сөздер көмекші етістікпен (көбінесе ет-көмекші етістігімен) тіркесіп қолданылады. Мысалы: ербең етті, жылт етті, жарқ-жұрқ етті, бүгжең-бүгжең етті, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет