Күрделі үстеулер
Екі не одан көп сөзден құралып, бір ұғымды білдіретін, сөйлемде дайын бірлік ретінде қолданылып, бір ырғақпен айтылатын, бірігу, қосарлану, тіркесу арқылы жасалған үстеулер күрделі үстеулер деп аталады. Мысалы: әрқашан, әрдайым, әлдеқашан, ала жаздай, күн ұзаққа, анда-санда, оқта-текте, т.б.
Бірігу, кірігу нәтижесінде пайда болған үстеулер: биыл, бүгін, жаздыгүні, қыстыгүні, ендігәрі, т.б.
Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған үстеулер: күні-түні, қолма-қол, оқта-текте, анда-санда, аз-аздап, жапа-тармағай, күнбе-күн, бет-бетімен, жата-жастана, т.б.
Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған үстеулер: күні кеше, күні бүгін, ала жаздай, ертеден қара кешке, күн ұзаққа, әлі күнге, күн ілгері, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |