15 дәріс Тотығу – тотықсыздану реакциялары. Электродтық үрдістер


Тотығу-тотықсыздану реакцияларының түрлері



бет6/9
Дата20.12.2023
өлшемі2,37 Mb.
#197723
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
15 лекция. Тотығу – тотықсыздану реакциялары. Электродтық үрдістер

Тотығу-тотықсыздану реакцияларының түрлері. Тотығу - тотықсыздану реакциялары молекулааралық, бір молекулаішілік жəне диспропорциялану арқылы жүреді. Соған орай, бұл реакцияларды үш түрге бөледі:
1. Молекулааралық тотығу - тотықсыздану реакцияларында əр тотықтырғыш жəне тотықсыздандырғыш түрлі заттардың құрамына кіреді.
Мысалы:

1 тотықсыздандырғыш
1 тотықтырғыш


Мұнда мыс заты тотықсыздандырғыш, ал сынап нитраты құрамындағы сынап ионы тотықтырғыш. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш екі заттың құрамына кіреді. Кейде бір элемент екі заттың құрамына кіріп əрекеттеседі. Бұл жағдайды молекулааралық түрге жатқызады. Мысалы:
-2 +4 0


мұнда, күкірт элементі күкіртсутегі жəне күкіртті қышқыл құрамына кіріп, олар əрекеттескен кезде күкіртсутегі тотықсыздандырғыш, ал күкіртті қышқыл тотықтырғыш болады.
2. Бір молекула ішіндегі тотығу-тотықсыздану реакциясы кезінде тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та бір заттың құрамына кіреді. Мысал ретінде Бертолле тұзының термиялық ыдырауын қарастырайық:
5+ 1- 0

2 тотықтырғыш
3 2 тотықсыздандырғыш


Мұнда, тотықтырғыш жəне тотықсыздандырғыш бір молекула құрамына кіреді.
3. Диспропорциялану реакциясында бір заттың құрамындағы бір элемент тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та болып табылады. Мысалы:
3+ 5+ 2+

1 – тотықсыздандырғыш
2 – тотықтырғыш
мұнда, азотты қышқылдағы азот бір жағдайда тотықсыздандырғыш, екінші жағдайда тотықтырғыш болады. Басқаша, азотты қышқылдың 1 молі тотығып азот қышқылын , ал 2 молі тотықсызданып азот (II) оксидін түзеді. Реакцияға барлығы 3 моль азотты қышқыл қатысады.
Диспропорциялану реакциясы жүру үшін реакцияға кіретін зат құрамындағы элементтің тотығу дəрежесі аралық болуы керек. Сонда да ол электрон беріп тотығады да, қосып алып тотықсыздана да алады.
Тотығу - тотықсыздану реакциялары табиғатта кең тараған. Əлемде жүріп жатқан маңызды процестердің бəрі осы тотығу - тотықсызданумен байланысты. Өсімдікте жүретін фотосинтез, тыныс алу, адам мен жануарлар организмінде жүретін тыныс алу, ашу, шіру, зат алмасу, жүйке жұмысы процестері негізінде тотығу - тотықсыздану жатыр. Табиғатта жүретін жану, металл коррозиясы, электролиз процестері де тотығу - тотықсыздану реакциясының нəтижесі.
Тотығу-тотықсыздану реакциясын пайдаланып химия өнеркəсібінде, техникада маңызды заттар – таза металдар, аммиак, сілті, қышқылдар алады. Осы реакция көмегімен химиялық энергия электр энергиясына айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет