Мұнайлы ауданы
"№15 жалпы білім беретін мектеп" КММ-сінің
4 « М » сынып оқушысы
Сеилиханов Нұржан Абайұлы
Мінездеме
Нұржан осы мектепте 3- ші сыныптан бастап оқиды.
Сыныпта белсенді, сөздік қоры өте жақсы. Әдебиет пәнінен үлгерімі жақсы, қатесіз оқиды. Мазмұндап айтады. Қазақ тілі пәнінен өтілген тақырыптарды меңгеруі өте жақсы, жатқа жазу жаза алады, грамматикалық тапсырмаларды ересектердің көмегінсіз орындай алады. Каллиграфиясы тамаша. Математика пәнінен білімі өте жақсы, есептерді ересектердің көмегінсіз шығара алады. Логикалық ой қажет ететін тапсырмаларды орындауы жақсы. Көбейту кестесін жатқа біледі. Бақылау жұмыстарын 5 деген бағамен орындайды. Танымдық аймағы қалыптасуда, айналадағы қоршаған орта туралы білімі толығуда. Ой әрекеті, зейіні жақсы. Есте сақтауы да біршама жақсы. Жалпы психикалық қабілеттерінің дамуы өз жасына сай толық дамыған.Мектептің қоғамдық жұмысына белсене қатысады, сахнада билеп, ән айтып өнер көрсетіп, марапаттауларға ие. Спорттық жарыстарға үнемі қатысады, көптеген марапаттаулары бар.
Өзіне өзі қызмет көрсетуі дамыған, ұқыпты, үсті басын таза ұстайды.
Мектептегі балалармен шиеленісте болмайды, достарына сыйлы.
Нұржан толық, көп балалы, аз қамтамасыз етілген отбасында тәрбиленеді.
Ата - анасы бала тәрбиесіне көп көңіл бөледі.