Байланысты: Мұнай және газ сақтау қоймаларын пайдалану №15 ОСӨЖ НГД-302 Аралбай Санжар
Ацетиленді вентильдер Адетилендік баллон вентильдері болаттан жасалады. Құрамында 70 пайыздан кем мысы бар қорытпалар қолданылмайды, өйткені ацетиленмен түйісу кезіндс жарылғыш қауіпі бар ацетиленді мыс пайда болады. Ацеталендік баллон вентилі (2.1,б - сурет) қаңқадан (10), редуктор ацетиленді баллонға арнайы қысатын винтпен жабдықталған хамут арқылы жалғанады. Шпиндельдің (5) аяқ жағындағы төртбұрыш шығыңқы бөлігіне орнатылған кілт шпиндельді бұрау үшін қолданылады. Шпиндельдің астыңғы жағы эбониттен жасалған тығыздағыш (6) клапанмен жабдықталған. Сальниктің орнына сальникті гайкамен және шайбамен қосылатын былғарыдан жасалған сақиналар (3) қолданылады.
Вентильдің бұрандалык ұшына фильтрдің рөлін атқаратын төсем салынады. Фильтр және сетка 7 болат сақиналарға бекітіледі. Вентильдің қаңқасының қабырғасының жиегінде жонылған кертіктер болады, оған былғарыдан немесе басқа жұмсақ материалдан жасалған штуцер төсемі (11) қойылады. Бұл төсемге ацетиленді редуктордың штуцері қосылады.
Ацетиленді вентильдің басқа вентильдерден айырмашылығы оның бұрандасында, сондықтан оны басқа баллондарға қоюға мүмкіндік жоқ.
Пропан — бутанды баллондарға арналған вентиль.
Пропан — бутанды баллонның вентилі (3,б сурет) ішінде резеңке нипелі бар болат қаңқадан (1) тұрады. Нипельді шпиндельге және клапанға (1) кигізіп гайкамен (5) тартып тасталынады.
Жоғары қысымдағы сығылған (азот, сутегі, ауа, оттегі және т.б.), сұйытылған (аммиак, көмірқышқыл) және ерітілген газдарды сақтау жөне тасымалдау үшін болаттан жасалған баллондарды қолданады. Ол баллондар 0,4-тен 55 дм2-қа дейінгі сыйьмдылықта болады. МЕСТ 949-73 бойынша баллондар жіксіз көміртегілі (Д маркалы) немесе легірленген (38ХА маркалы) 200 кг/см-қа дейінгі шартты қысымы бар болатқүбырлардан жасалады. Жұмыс қысымы 30кг/см2-тан аспайтын сұйытылғаін газдар үшін дәнекерленген баллондарды қолдануға болады.
Баллондарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық инспекциясының ережелеріне сәйкес талаптар қойылады.
Баллондағы газ түріне байланысты баллондар арнайы сәйкес түспен сьртынан боялады және де әрбір газға тиісті газдың атауы бояумен жазылады. Мысалы, оттегілі баллондарды көгілдір түске бояйды, ал жазуды қара бояумен жазады. Ацетиленді баллонды — ақпен бояп, жазуы қызылмсн жазылады
Баллондардың сыртын, жазуын және жазу үстінің көлденең жолақтарын бояу үшін майлы бояу, эмаль немесе нитробояу қолданылады.
Жіксіз бояу цилиндрлік қаңқадан (3), оның төменгі бөлігіне (1) кигізілген баллонға вертикаль жағдайда тұрақтылық беретін табаншадан (2) түрады. Баллонның жоғары бөлігі тамақшаға айналып жіңішкереді, оған вентиль (5) бұралады жөне сақтандырғыш жабын (6) бұрауға арналған сыртқы резбалы сақина (4) отырғызылады.
Кез-келген баллонның үстіңгі сфералық бөлігінде келесі мөліметтер соғылған: жасаған өндірістің тауарлық белгісі, нөмір, жасалған күні (айы мен жылы) және келесі куәләндіру жылы, рұқсат етілген жұмыс және гидравликалық қысым, кубтық метрдегі (литр).
Баллонның көлемі, баллонның салмағы (кг), ОТК таңбасы. Мемлекеттік тау-кентехниқалық қадағалаудың ережелеріне сәйкес әрбір 5 жыл сайын баллондарды толтыру станцияларында куәләндіру жүргізіліп, оттегілік баллондарды әрбір жарты жыл сайын оттегінің сапасын жоғарылату үшін және ішкі қабырғасының коррозиясын төмендету үшін ішіндегі суды шығарады (2 кесте). Баллондағы газ азайғаннан кейін онда қандай газ болғанын білу үшін баллондағы қысым 0,5 — 1 кг/см2-тан аз болмауын қадағалау керек.
Газ тәрізді оттегіні 200кг/см2 (20МПа)-ға дейінгі жұмыс қысымға есептелген, массасы 67кг шамасындағы, биіктігі 1390мм, сыртқы диаметрі 219 мм-ға тең, 40дм3 көлемді болат баллондарды сақтайды жөне тасымалдайды.
Баллондағы оттегі мөлшсрі Vк колемінің Еб қысымға Рк көбейтіндісімен анықталады (2 кесте):
Vк= 10 х Еб-Рк Мысалы, манометрдің көрсетуі бойынша рсдуктордың жоғары жағынан баллонда Рк = 8 МПа = 80кг/cм2 қысымдағы оттегі бар екенін көреміз. Осыған орай баллондағы оттегі мөлшері:
Vк = 10x40x8 = 3200см3.
Оттегілі баллондар үшін қойылған 150с/см2 толтыру қысымында, 40л көлемді баллонға, 20С температурада, шамамсн 6м3 газ сияды. Баллондарды толтыру қысымының мөлшері толтыру бөлменің температурасына байланысты болады. Жұмыс орындарында оттегілі баллондарды арнайы бағанада тік жағдайда орналастырылады және шынжырлармен немесе хамутпен бекітіледі. Баллондар жылу құрылғыларынан 1м-ден кем емес қашықтықта, ал қыздыру пештерінен жөне т.б. күшті жылу көздерінсн 5м қашықтықта орналасуы керек. Газбен кесу жәнс дәнекерлеу бөлімшелерінде әрбір бекетте бір қосымша баллон рұқсат етілсді, бірақ барлық бөлімшелерде баллондар саны 10-н аспауы керек. Баллондардан оттегіні қалдық қысым 0,5кг/см2 (0,05 МПа)-дан төмен емес болғанша алады.