15 осөж тақырыбы Баллондарды сығылған газбен толтыру бөлімшелері. Мамандығы 6В07202 Орындаған Аралбай С. Тобы мгі-302 Тексерген Мерекеқызы А. Ақтөбе 2021



бет4/6
Дата28.09.2022
өлшемі0,91 Mb.
#151010
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мұнай және газ сақтау қоймаларын пайдалану №15 ОСӨЖ НГД-302 Аралбай Санжар

Баллондардың вентильдері
Вентиль - баллондарды газбен толтыруға арналған, шілтерге немесе кескішке газ беруді және баллонда сұйытылған және сығылған газды сақтауды қамтамасыз ететін, және де жабатын құрылғы. Вентильдер баллонды және ромпты болып бөлінеді. Баллонды вентильдердің жұмыс істеу принципі бірдей, бірақ олар өзара жасалған материалға, қосылатын резбаға, тығындау тәсіліне байланысты ажыратылады.
Оттегілі вентильдер
Болат сығылған оттегі ортасында қатты коррозиялануына байланысты оттегілі баллондар үшін вентильдер жезден жасалып, ВК-85,. ВК-86,. ВК-94,.ВК-99Б маркаларымен белгіленеді. Оттегілі баллондарды азотпен, гелиймен, аргонмен, көмір қышқылымен және қысылған ауамен қолдануға болады. Маховиктер мен жабуларды болаттан, алюминий балқымаларынан және пластмассадан жасауға болады. Вентильдің жоғарғы жағында «кислород» немесе О2 жазулары болуы тиіс
Оттегілі вентильдердің құрылысы 2.2-ші суретте көрсетілген. Вентиль штуцері бар (10) қаңқадан (9) тұрады. Оң резбасы бар штуцерға гайкамен оттегілі редуктор жалғанады. Оның қаңқасының ішінде тығыны бар (12) клапан (11) орналасқан. Қаңқаның жоғары жағына фильтрлі прокладканы (7) тығыздап қысатын гайка (6) бұралады. Шпиндельдің (5) шығыңқы бөлігіне фильтрлі прокладкамен (4) тығыздалған және маховикті гайкамен (1), серіппе (2) қолданып бекітілетін маховик (3) кигізіледі.

2.2-сурет – Вентильдер
Вентиль жабумен (10) жабдықталған. Баллоннан отгегіні шығаратын клапанды өлшеу үшін маховикті (3) бұраймыз. Маховикті сағат тіліне қарсы бағытта бұрағанда вентиль ашылады, ол сағат тілінің бағытымен бұрағанда жабылады.
Шпиндельдің (5) айналуы клапанға қосылғыш муфта (8) арқылы беріледі. Вентиль фильтрлі прокладка күйіндей тығындармен жабдықталған. Шпиндель мен прокладканын үйкеліс күшін азайту үшін фильтрлі прокладканы парафинмен 40 минут сіңіру керек. Жұмыс істеу кезінде отгегілі вентильдің барлық белшектері май және де басқа заттардан тазартылу керек.
Ацетиленді вентильдер
Адетилендік баллон вентильдері болаттан жасалады. Құрамында 70 пайыздан кем мысы бар қорытпалар қолданылмайды, өйткені ацетиленмен түйісу кезіндс жарылғыш қауіпі бар ацетиленді мыс пайда болады. Ацеталендік баллон вентилі (4,б - сурет) қаңқадан (10), редуктор ацетиленді баллонға арнайы қысатын винтпен жабдықталған хамут арқылы жалғанады. Шпиндельдің (5) аяқ жағындағы төртбұрыш шығыңқы бөлігіне орнатылған кілт шпиндельді бұрау үшін қолданылады. Шпиндельдің астыңғы жағы эбониттен жасалған тығыздағыш (6) клапанмен жабдықталған. Сальниктің орнына сальникті гайкамен және шайбамен қосылатын былғарыдан жасалған сақиналар (3) қолданылады.
Вентильдің бұрандалык ұшына фильтрдің рөлін атқаратын төсем салынады. Фильтр және сетка 7 болат сақиналарға бекітіледі. Вентильдің қаңқасының қабырғасының жиегінде жонылған кертіктер болады, оған былғарыдан немесе басқа жұмсақ материалдан жасалған штуцер төсемі (11) қойылады. Бұл төсемге ацетиленді редуктордың штуцері қосылады.
Ацетиленді вентильдің басқа вентильдерден айырмашылығы оның бұрандасында, сондықтан оны басқа баллондарға қоюға мүмкіндік жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет