Пропан — бутанды баллондарға арналған вентиль Пропан — бутанды баллонның вентилі ішінде резеңке нипелі бар болат қаңқадан (1) тұрады. Нипельді шпиндельге және клапанға (1) кигізіп гайкамен (5) тартып тасталынады.
Ацетиленді генератор сумен араласқан карбид кальциден ацетиленді бөліп алу үшін арналған бұйым. Олар қозғалмалы (өнімділігі 3м3\сағ-қа дейін) және стационарлық (өнімділігі 320м3\сағ-қа дейін ) болып бөлінеді. Генераторлар төменгі (0,01Мпа-ға дейін ), орташа (0,01-0,15 МПа) және жоғарғы (0,15МПа) қысымды болады. Генераторларды су мен карбид кальцидің әрекеттесу жүйелері; “карбид суға”, “су карбидқа”, “сығылым” кебу арқылы ажыратады. “Карбид суға генераторларында бір денгейдегі су қоймасына карбид кальциі келіп түседі. Газ көлемін суға түскен карбид кальцидің көлемімен бақыланады. “Су карбидқа” генераторындағы құрылымға карбид салынады және оқтын – оқтын су беріледі. Бөлінетін газдың көлемін берілетін су көлемімен реттейді. “Сығылым” генераторларында кальций карбиді мен су оқтын –оқтын жанасып тұрады. Газ көлемі сумен араласатын карбид өзгерісімен анықталады. Біріктірме генератор екі жүйенің қосылуын көрсетеді. Мысалы:”су карбидқа” және “сығылым” , “кебу” генераторларында карбидта, суда араластырылады, соның нәтижесінде құрғақ қорытпа ізбес алынады.
Орташа қысымды АСП-1,25-7 ацетилендік генератор Карбидпен судың әрекеттесу жүйесіне байланысты АСП-1,25-7 генераторы “сығымдық” генераторларға жатқызылады, ал өндірістілігіне байланысты – ауыспалыға жатады.
Орташа қысымды АСП-1,25-7 ауыспалы генератордың құрылымдық сұлбасы мен жұмыс тәртібі 2.3-суретте көрсетілген.
Орта қысымды АСП-1,25-7 генераторы 1 корпустан тұрады, ол 3 бөлікке бөлінген: жоғарғы – газ өңдегіш, төменгі – шайылым және ортаңғы – сығымды. Газ өңдегіш шайылым 3 трубасымен жалғанған. Генераторды жұмысқа дайындау келесі түрде өтеді: Су генератордық мойыншасына құйылады. Труба 5 бойынша су сығымдағышқа түсіп, онық үстіңгі жағында ауалык жастықшаны құрайды, штуцер бұл уақытта жабық. Су 3 трубадан асқан кезде, ол шайғышқа барып түседі де, келтірілген бақылау кранына 2 дейін толтырылады.
2.3 - сурет – Ацетиленді генератор АСП-1,25-7 құрлымының сұлбасы
Одан кейін кәрзенкеге 13 карбид кальцийі салынады, кәрзенке қозғалмалы штокқа бекітілген, ал шток резинленген диаграммаға және 11 қақпаққа бекітілген, кәрзенке мойыншасына қойылып, қақпағы саңылаусыз жабылады. Судың карбид кальциймен әрекеттесу нәтижесінде ацетилен бөлінеді. Қысым салдарынан ацителен газ өңдегіштен труба 3 бойынан өтіп, шайғышқа барады. Су қабатынан өткен ацетилен күкірт қосындылары мен қалдықтарынан тазарады. Ацетилен шайғыштын үстінгі бетінде орналасады және қорғау білтесімен 15 шлангы бойымен ацетилендік шілтеге барып түседі. Ацетиленнің шығуы оның жұмсалунан артылса онда генератордың қысымы үлкейеді. Соның нәтижесінде су газ өндегіштен труба арқылы сығымдағышқа 19 барады, ал кәрзенке штокпен үстіге қарай көтеріледі. Газөңдегіште судың азаюынан байланысты карбид кальцийдің бір бөлігі судан жоғары тұрады да, ацетилен көлемі азаяды.
Су көлемі кәрзенкеден төмен болған жағдайда ацетиленнің берілуі тоқтатылады. Газөңдеуде қысым азайса, кәрзенке төмен түсіп , қысылған ауа сығымдағы суды артқа итеріп, су мен карбид кальций реакциясы қайта өңделеді. Қозғалмалы штоктың орнын ауыстыру арқылы бөлінетін ацетилен көлемін қолмен бақылауға болды. Генератор дұрыс істемеген жағдайда газөңдеуде қысым өлшемдік көрсетілімнен жоғары болады, сол кезде қауіпсіздендіру қақпағы 12 ашылып, ацетиленнің артығы ауаға шығады. Жұмыс аяқталған соң су штуцерлері 2 және 4 арқылы генератор жуылады.