15 СӨЖ. "Рухани Жаңғыру" бағдарламасын Қазақстан Республикасының өңірлерінде іске асыру жобасын дайындау Кейс тапсырма


Абылай ханның ел тарихындағы рөлі: ұрпақтар сабақтастығы



бет2/3
Дата15.12.2021
өлшемі23,31 Kb.
#101223
түріБағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
СИК. 15 БӨЖ

2.Абылай ханның ел тарихындағы рөлі: ұрпақтар сабақтастығы

 Абылай ханның өмірі мен қызметін оқып, Қазақ жерінің бірлігі мен тұтастығын жүзеге асырушы ретінде ішкі саясаты мен мемлекет қайраткері, дипломат ретінде сыртқы саяси қызметіне баға беріңіз. Абылай хан билік еткен кезеңдегі Қазақ хандығының Қытаймен және патшалы Ресей: өзара қарым-қатынастарының ерекшеліктерін атаңыз.

Абылай хан - 1711 - 1781 жылдар аралығында өмір сүрген. Қазақ хандығының бұрынға шекарасын қалпына келтіріп, елдің саяси-экономткплық дамуына өзгерістер енгізген емелекеттік қайраткер. Әкесі орта жүздің сұлтаны - Уәли, атасы - Түркістан қаласының билеушісі, "қанішер" Абылай. 1724 жылы жетім қалып, Орта жүз ханы Әбілмәмбетті паналайды. 1726 жылы Жоңғар шапқыншылығана қарсы күреске қатысқан. 1729 жылы жаңғарлармен болған Аңырақай шайқасында Сабалақтың аты шығып, алғаш көзге түсті. 1731 жылы Қанжығалы Бөгенбай бастаған жоңғарға қарсы соғыста жекпе жек шайқаста 21 жасар Сабалақ атасының есімімен "Абылай!" деп жоңғар баһадүрі Шпрышпен шаршы алаңда шайқасып жеңіске жетеді. Осы оқиғадан кейін бүкіл елге Абылай аты тарап, даңқы шығады. 1740 жылы Абылай сұлтандық дәрежесін алады. 1757 жылдың өзінде Цин империясымен ресми жазысқан хаттарында ол өзін хан деп атаған. 1770 жылы әбден қартайған Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін Абылай Қазақ хандығының шын мәніндегі бірден-бір билеушісіне айналды.

XVIII ғасырдың 60-жылдарының аяғына қарай Қазақ мемлекеті Абылайдың белсенді сыртқы және ішкі саяси қызметі арқасында біршама мықты әрі біртұтас мемлекетке айналды. 1771 жылы Абылайды жалпы қазақ ханы етіп сайлау үшін жағдай жасалды. 1771 жылдың күзінде ұзақ уақыт бойы ақылдасқаннан кейін барлық үш жүздің өкілдері жаңа ханды сайлау үшін хандықтың ежелгі астанасы Түркістан қаласына келді. Абылайға ықпалды жырау Бұқар Қалқаманұлы, Әбілпейіз және Болат сұлтандар, Нұралы ханды қоспағанда, Кіші жүз қазақтарының билеушілері, Орта жүз бен Ұлы жүздің өкілдері сөзсіз қолдау көрсетті. Халық көп жиналған кезде қазақ дәстүрі бойынша Абылай ақкиізге көтеріліп, үш жүздің ханы болып жарияланды.

Абылайдың    стратегиялық   мақсатпен    қол    күшін    сақтап   қалуы, екіншіден, Жоңғариямен ұзақ жылғы қиян-кескі ұрыстардан ес жию, «Қазақ ордасының төрт бұрышын түгендеу» Абылайдың көздеген мақсаты болатын. Абылай Қытаймен сауда қатынасына ерекше көңіл бөлді. Сол мақсатта Сайрамкөл жағасында Іле цзянцунымен (генерал-губернаторымен) кездесіп, онымен сауда шартын жасасқан». Қытай жазба деректеріне сүйенсек, «1757 жылы Абылай ханмен жасасқан келісім бойынша Абылайдың, Әбілпейіздің, Қабанбайдың, Қожабергеннің, Дәулетбайдың сауда тоғанақтары Үрімшіге үзбей келіп, ат, түйе, қой, өгіз өткізіп, оған өздеріне қажетті мақпал, торғын, шай және фарфор ыдыстарын сатып алып қайтқан». 

Абылайдың Ресей патшалығымен қарым-қатынасын тарихшылар көпке дейін бодандық аукымында қарап келді. «Абылай орыс мемлекеті мен Қытай арасында алма-кезек дипломатиялық саясат жүргізді. Екі бірдей күшті жауға қарсы күресте Абылай Россияға арқа сүйеп, онымен одақтас болды, ал одан ызғар көргенде Қытайға қарай ойысып отырды», делінген Қазақ совет энциклопедиясында (120.356-6.). Демек, «Ресей мен Қытайдың империялық өктемсуі мен қазақ жерін иеленуден дәмеленіп, емексуі кезеңінде даулы мәселелерді  әскери   жолмен   емес,   саяси-мәмілегерлік   тәсілмен   шешуге бағытталған, Абылай саясаты мейлінше дұрыс еді». Қалай дегенде де Абылайдың Қытай мен Ресей патшалығына бас имей, дербес, тәуелсіз хан болғандығы айқын. Ел мүддесі жолында астарлы да айлалы саясат ұстанған  сақ саясатын, көреген көсем белгілі бір тығырықтан шығу жолында ғана келісімге  барып  отырған. 

Абылай ханның ішкі саясаты. Бүкілхалықтық мойындауға және үш жүздің ханы атағына қарамастан, Абылайдың билігі шексіз билік болған жоқ, Сұлтандардың едәуір бөлігі, әсіресе Барақ сұлтан мен Әбілмәмбет ханның ұрпақтары Абылайды тақты заңсыз иеленді деп санады. Мәселен, Дайыр сұлтан 1781 жылы Орынбор губернаторына Абылай «ханның қадір-қасиетін мүлде әділетсіз иеленгенін, өзінің бала кезінде бауырларымен Түркістанда болғанын, хандықтың барлық әділеттілік бойынша өзіне тиесілі» екенін жазды. Наймандардың билеушісі Әбілпейіз, иеліктері Обаған мен Есіл арасында орналасқан Құдайменде сұлтан тәуелсіз еді деуге болады. Түркістан мен Сырдарияның ортаңғы ағысында билікті бөліскен Сәмекенің баласы Есім мен Әбілмәмбеттің баласы Болат өздерін хан деп атай берді. Хан билігіне наразы болған кейбір рубасылар оны тіпті әскери күшпен құлатуға да тырысты. Дағдылы құқықпен шектеулі Абылай, Ш. Уәлихановтың айтуынша, сұлтандар мен рубасылардың бетімен кетуін ауыздықтауға ұмтылды. Абылайдың орасан зор беделі қазақтарды ханға бағынышта  ұстады. Абылай өзгерген сыртқы саяси жағдайда аман қалу үшін Қазақ хандығының саяси жүйесін көбірек орталықтану жағына қарай өзгерту қажет екенін өте жақсы түсінді. Бұған жету үшін хан бірнеше бағытта әрекет жасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет